Конспект. 4 сынып Дегейлік тапсырмалар



Қазақ тілінен
деңгейлік тапсырмалар жинағы
І тақырып. Сөйлем. Сөз.
1-деңгей
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен жазып, соңына нүкте қойып, көшіріп жазыңдар.
Көктем келді күн жылынды қар еріді жылғалардан су ақты
2-деңгей
Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
Балалар, барды, қызықты, онда, кітапханаға, кітаптар, көп.
3-деңгей
Жұмбақты шеш. Шешуіндегі сөздермен сөйлем құра.
Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем. (жер, аспан)
ІІ тақырып. Дыбыс. Әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптері
1-деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді көшіріп жазыңдар.
1)Қ...лын, ж...лқы, т...йе, б...зау, қошақ...н, б...та, с...ыр.
2) Осы сөздерден дауысты дыбыс әріптерін теріп жаз.
_______________________________________________
2-деңгей
Әр сөздің алдына әріп қосып сөз құра. Бұл сөздерде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
1) Ала, ау, тай, ана, оян.
2) Қоян сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3-деңгей
Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын 5 сөз ойлап жаз.
ІІІ тақырып. Алфавит
1-деңгей
Дауысты дыбыстарды жатқа жазып шық.
2-деңгей
Кісі аттарын алфавит ретімен жаз.
Балташ, Маржан, Ғалымжан, Самал, Темірлан, Нұржан, Абдрахман, Құндыз, Жұмаш.
3-деңгей
Орны ауыстырылған әріптерден сөз құра.
1) қақала 2) нырғасақ 3) йотрға
ІV тақырып. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер
1-деңгей
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді екінші бағанға жаз.
Құдық, тиін, отын, шелек, қармақ, әйнек, оймақ, күбі, өзен.
2-деңгей
Көп нүктенің орнына жуан дауысты дыбысты қойып, көшіріп жазыңдар.
Апам маған қ...лғап тоқып берді. Мен қолғапты қол...ма киіп алдым. Қолғап жып-жылы, әрі ж...мсақ. Апама рахмет ...йттым.
3-деңгей
Жіңішке дауыстыдан басталатын сөздер ойлап жаз.
ә....,
е...,
ө...,
і...,
ү...,
V тақырып.Буын және тасымал
1-деңгей
1)Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз.
Ою, таяқ, қайың, дауыл, шегіртке, жеңіл, ойыншық.
2) Сөздерді буынға бөліп, тасымалда.
Жапырақ, қарлығаш, жаңылтпаш.
2-деңгей
1)Жоғалған буынды тап.
...лық , бәй...шек , қа....
2) Буыннан сөз құра.
Дір, кө, гіл; лық, сау, ден; ра, гер, мұ;
3 деңгей
Жұмбақтың ұйқасын тап.Сөздерді буынға бөл.
Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек ......
VІ тақырып.Заттың атын білдіретін сөздер
1деңгей
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.Кім? Кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Балалар сәбіз жинауға барды. Дулат пен Серік сәбіз қазды. Самал мен Сәуле сәбіз жинады. Сәрсен шелекпен сәбіз тасыды.
2 деңгей
Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Сол сөздерге сұрақ қойыңдар.
... емдейді. ... ұшады. … оқиды. ...маңырайды.
3 деңгей
«та» және «бақ» буынына аяқталған заттың атын білдіретін екі буынды сөз тауып жаз.
бал та
та
та
та
та
та бақ
бақ
бақ
бақ
бақ

VІІ тақырып. Заттың қимылын білдіретін сөздер
1 деңгей
Өлең жолдарынан заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.
Айналаға су бүркіп,
Аппақ тозаң қылады
Күн көзіне құлпырып,
Кемпірқосақ құрады.
2деңгей
Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз.
Түлкі, жүгірді, жоғары, секірді, үш, аппақ, қар, үрді, жауды.
3 деңгей.
Көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөзді ойлап жазыңдар.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар.......... ,
Шағала ұшар ........,
Тырна ұшар ..........,
Қаз ұшады .......... .
VІІІ тақырып. Заттың сынын білдіретін сөздер
1 деңгей
Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.
Ішік –жылы киім. Ішікті аңның терісінен жасайды. Оның екі жағы да қалың. Ішік киген адам суыққа тоңбайды.
2деңгей
Әр сөздің тұсына қарсы мағыналы сөз тауып жаз.
жуан-... қара-...
тәтті-... жақсы-...
3 деңгей.
Мақалды жалғастырып жаз. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қой.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
______________________________
ІХ тақырып. Заттың санын білдіретін сөздер
1 деңгей
Жұмбақты шешіп, көшіріп жаз. Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қой.
Бес ін,
Бес іннің аузы
Бір ін.
2 деңгей
Көп нүктенің орнына Неше? Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Менің отбасымда ... адам бар. Мен ... жастамын. Мен ... сыныпта оқимын.
3 деңгей
Сандарға қатысты 5 сөз жаз. Заттың санын білдіретін сөздермен сөйлем ойлап жаз.
Т ө р
О н т
Қ б о
С е ғ
А г ы
Н і З
Х тақырып. Мәтін
1деңгей:
Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қой.
Балалар бақта ағаш отырғызды. Санат ағаш әкелді. Нұрлан жер қазды. Мұрат су құйғышпен су әкелді. Үш бала ағаш отырғызды. Олар ағашқа су құйды.
2деңгей:
Мәтінді әрі қарай толықтыр.
Көктем
Көктем келді. Күн жылынды.....
3 деңгей:
Аталған тақырып бойынша мәтін құрастыр. «Тоқылдақ- пайдалы құс».
Тірек сөздер: орман емшісі, жейді, тоқылдақ, бау-бақша, пайда келтіреді, зиянды жәндіктер, табиғат.

Приложенные файлы


Добавить комментарий