Туелсіздік кні — 16 желтосан


Тәрбие сағатының тақырыбы: 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні.
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап. Пайдаланылған материалдар: сюжетті суреттер, сұрақтар.
Тәрбие сағат барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Негізгі бөлім.
- Бүгінгі балалар, тәрбие сағатымыздың қорытындысы бойынша XXI-ші ғасыр білім ғасыры. Сабаққа белсене қатысқан топты сыныбымыздың «XXI-ші ғасыр озаты» деп тағайындаймыз.
І-ші тур Ситуациялық сұрақтар:
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.) Мен туған жерімнің табиғатын көркейтер едім. Мен балалар бақшасын салуға көмектесер едім. Мен ауылыма су жеткізер едім. Мен мешіт салдырамын. Мен барлық адамға жұмыс тауып беремін.
2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.) Мен кітап сыйлар едім. Мен киім беріп жіберемін. Мен тамақ берер едім. Мен хат жазар едім. Мен ойыншық сыйлар едім.
3. Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.) Туған елімнің басшысы Қазақ болғанын қалар едім. Үлкендер арасында әділетсіздік болмау үшін күресемін. Ел басқаратын әділ басшыны қалаймын. Тәуелсіз ел болу үшін күресемін. Өзімнің туған тілім үшін қатысамын.
ІІ-тур. Сұрақ-жауап. (1-мин.)
1-сұрақ: Қазақ батырларын ата. Қабанбай, Кенесары, Сырым, Амангельді.
2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім? Сөзін Жұмекен Нәжімиденов, Н. Назарбаев. Әнін Шәмші Қалдаяков
3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. Елтаңба, әнұран, ту.
4-сұрақ: Қазақ хандығын ең алғаш құрған қай хандар?
Керей хан мен Жәнібек хандар5-сұрақ: Тәуелсіздік күнін ата. 16-желтоқсан
ІІІ-тур. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
1. Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)
2. Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)
3. Ерлік пен бірлік-------------(егіз)
4. Батыр туса---------------------(ел ырысы)
Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)
5. Ел намысы-------------ер намысIV-тур. Ойлан, тап!
1. Жеті ата. Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
2. Бес асыл, бес дұшпан. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. Талап, еңбек, терең ой, қанағат рақым ойлап қой.
3. Бес қару. Найза, қылыш, шоқпар, айбалта, жақ.
4. Үш жүзді ата. Ұлы, орта, кіші.
5. Үш билерді ата. Төле, Әйтеке, Қазыбек.
V-тур. Ән: «Қазағым»
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз.
1.Қазақстан кең байтақ, Туған өлкемсің! Қазақстан тәуелсіз ел, Байтақ жерімсің! Егеменді елдің, Мен бүгінгі ұрпағы.
2.Сүйемін туған елімді, Сүйемін байтақ жерімді. Сүйемін Қазақ халқымды, Сүйемін Отан анамды.
Қорытынды сөз. Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі. Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер. Ән. «Менің Қазақстаным».

Приложенные файлы


Добавить комментарий