Открытый урок по предмету биология на тему Аралар мен мырсалар-оамды бунаденелілер


24.01.2015жСабақтың тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар қоғамдық бунақденелілерСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіру арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашуға көмектесу.Дамытушылық: сабаққа белсенділігін арттыру;Тәрбиелік: Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Оқушыларды ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу;Ақпараттық құрал: Интербелсенді тақта.Көрнекілігі: Құмырсқаның суреті, құмырсқа илеуінің суреті, семантикалық картаСабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмысӘдістері: баяндау, сұрақ - жауап, тірек-сызба,ойын,түсіндіру, көрнекілік, проблемалық оқыту, салыстыру, талдау, жинақтау.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындықОрнымыздан тұрамыз,Сабақ сырын ұғамыз.Әрбір жаңа сабақтан,Білімді боп шығамыз.ІІ .Негізгі бөлім а) үй тапсырмасын сұрау.Ауызша сұралады. Семантикалық карта толтыру. «Таза тақта» ойыны, «Сандар сыры», «Миға шабуыл», «Артығын тап» ойындарын ойнату.«Миға шабуыл» ойынының сұрақтары1.Бунақденелілердің қанша түрі бар? (700000)2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым (энтомология)3.Бунақденелілер класында қанша отряд бар (35)4. Зәр шығару жүйесі (мальпиги)5.Көкірек бөлігінде не орналасқан? (қанат пен аяқ)6. Бунақденелілердің дамуы қанша жолмен жүреді.(3).7. Бунақденелілер қанша аяқты? (6)8. Бунақденелілердің денесі неше бөліктен тұрады?(3)9. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі (трахея) 10.Ересек жәндік қалай аталады? (имаго)б)Жаңа тақырыпты меңгерту.«Ой қозғау» Сұрақтар қою1) Бунақденелілердің дамуы қандай жолдармен өтеді? (3)2) Шала түрленіп дамитындарға нелер жатады? (инелік,дәуіт,шегіртке,бит,қандала)Тура дамитындарға нелер жатады? (қанатсыз бунақденелілер)Толық түрленіп дамитындарға нелер жатады? (қоңыз,көбелек,шыбын,құмырсқа,балара)Осылардың ішінде топтанып тіршілік ететіндері бар ма? (құмырсқа,балара )Топтанып тіршілік етуіне байланысты бұлардың мінез қылығы күрделене түседі. Жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылым этология д.а. Құмырсқа лар мен аралар жер шарында кеңінен таралған. Құмырсқа Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 12 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқаларды зерттеумен айналысатын ғылым -мирмекология деп аталады. Аралар мен құмырсқалардың денелік мүшелері басқа жәндіктермен бірдей, сыртқы хитиндік қабықшасы бар. Ол экзоскелет деп аталады.Экзоскелетің маңызы денесінің ішкі мүшелерін қорғау.Постер қорғау 2 топқа екі тақырып беріледі. «Аралардың тіршілігі», «Құмырсқалардың тіршілігі».«Сен білесің бе?» танымдық бөлім.Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Жәндіктің бұл түрі жер бетінде қанша жас жасағанмен, жүз миллион жылғы күйінен еш ауытқымай тіршілік жасап келеді. Құмырысқалар да бал береді.Дүниеде бал беретін құмырысқаларда бар.Олар бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп нектар жинайды,балы қышқыл болады..Құмырысқа балынан салқын сусындар емдік дәрі-дәрмектер жасалады.Бал жинағыш құмырысқалардың құрсағы торсықтай болып ұлғайып кетеді,жергілікті халық оларды «бал бөшке» деп атайды.
Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан (феромен) тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың қоғамдық өміріне қызыққанголивудтық продюссер1998 ж «Анти» мультфильмін түсірген. Мұхтар Мағауин құмырсқалар өркениеті мен қызыққа толы құрылымы жайлы “Құмырсқа-қырғын” әңгімесін жазды.Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген.в) Жаңа сабақты бекітуЖаңа сөздермен жұмысВенн диаграммасыКластер жасау«Өрмекші торы». Алған білімдерін бекітуІІІ.Бағалау ,қорытындылауҚұмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі-алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы.Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оны басты себебі-бірлікте, ынтымақта! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін, әрі асқан қанағатшыл болса екен деймін.
ІV.үйге тапсырма беру.

Приложенные файлы


Добавить комментарий