Электронды кестедегі формулалар мен функцияларды олдану таырыбы бойынша айталау, тжірибелік жмыс.саба жоспары


БЕКІТЕМІН
Күні Курсы Тобы Сабақ реті
І 164 43
І 166 38
Информатика
Директордың
оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
_______________________ Ж. Кибекбаева
Пән: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестедегі формулалар мен функцияларды қолдану тақырыбы бойынша қайталау, тәжірибелік жұмыс.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Студенттерді MS Excel электрондық кестесімен жұмыс жасай алуға және электрондық кестедегі формулалар мен функцияларды қолдана білуде үйренген дағдыларын қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Білім алушылардың  өзіндік  ізденісін, шығармашылық қабілетін  арттыру, теориялық  білімін  практикада  қолдана  білуге  дағдыландыру. Қазіргі кезеңдегі ЭЕМ негіздері туралы түсініктерінің дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал жасау. Бағдарламалармен жұмыс жасау дағдыларын дұрыс қалыптастырып, одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске тәрбиелеу. Ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу, ізденімпаздық пен жан-жақтылыққа баулу. Студенттердің ақпараттық мәдениетінің дұрыс қалыптасуларына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар, әдебиеттер:
Информатика, Жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныбына арналған оқулықтар, Астана, «Арман-ПВ», 2014.
Лабораториялық практикумдар, Бiлiм беру саласын ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы.
Практическая информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.
Специальная информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, дербес компьютер, Интернет желісі.
Сабақ(оқу) барысы
№ Сабақ(оқу) кезеңі Мазмұны
1 Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.
2 Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) Сұрақтар:
MS Excel бағдарламасындағы қарапайым есептеулер;
Өрнектерді есептеу реті;
Пернетақтадан енгізу;
Тінтуір көмегімен енгізу.
3 Өткен тақырыптар бойынша жаттығулар орындау, есептер шығару Электрондық кестемен жұмыс жасау, олармен түрлі әрекеттер орындауды студенттер берілген тапсырмалар мен таралымдық материалдар бойынша орындап, жаттығады.
MS Excel программасының функциялары
MS Excel программасында математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың жиыны ендірілген. Excel функциялары программалар жадында сақталып тұрғанарнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функцияның аты мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз – нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер.
Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады:
y=f(x), мұндағы y – функцияны есептеудегі нәтиже, x – аргумент, f – функция.
Кейбір функциялар:
Макс(тізім) – тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады;
Мин(тізім)– тізімдегі ең кіші (минимум) шаманы табады;
Срзнач(тізім)– аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді;
Целое(х) – х аргументін ең кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді;
Abs(х) – х санының модулі (абсолют шамасы);
Sin(х)– радианмен өлшенген х бұрышының синусын есептейді;
Сумм(тізім) – көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді.
Оқулықтағы 29-30-беттердегі тапсырмаларды Функция шеберінің көмегімен орындау.
4 Өтілген сабақты (материалды) бекіту Сұрақтар:
MS Excel бағдарламасындағы қарапайым есептеулер;
Өрнектерді есептеу реті;
Пернетақтадан енгізу;
Тінтуір көмегімен енгізу;
Функцияларды пайдалану.
5 Үйге тапсырма Оқулықтан 27-31 бб және конспект бойынша MS Excel бағдарламасында өрнектермен, функциялармен жұмыс жасау және олармен түрлі әрекеттер орындау туралы оқып үйрену.
6 Сабақ(оқу) қорытындысын жасау, бағалау Оқушылар білімін бағалау
Информатика пәнінің оқытушысыА. Ильясова

Приложенные файлы


Добавить комментарий