Электронды кестені есептеулерге олдану. Электронды кестедегі формулалар мен функцияларды олдану. таырыбында саба жоспары


БЕКІТЕМІН
Күні Курсы Тобы Сабақ реті
І 164 42
І 166 37
Информатика
Директордың
оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
_______________________ Ж. Кибекбаева
Пән: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Электрондық кестедегі формулалар мен функцияларды қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Студенттерді MS Excel электрондық кестесімен жұмыс жасай алуға және электрондық кестедегі формулалар мен функцияларды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың  өзіндік  ізденісін, шығармашылық қабілетін  арттыру, теориялық  білімін  практикада  қолдана  білуге  дағдыландыру. Қазіргі кезеңдегі ЭЕМ негіздері туралы түсініктерінің дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал жасау. Бағдарламалармен жұмыс жасау дағдыларын дұрыс қалыптастырып, одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету. Ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу, ізденімпаздық пен жан-жақтылыққа баулу. Студенттердің ақпараттық мәдениетінің дұрыс қалыптасуларына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар, әдебиеттер:
Информатика, Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулығы, Н. Ермеков, В. Криворучко, С. Ноғайбаланова, Алматы, «Жазушы», 2007.
Практическая информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.
Специальная информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.
Лабораториялық практикумдар, Бiлiм беру саласын ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, қауіпсіздік ережелері бойынша
презентация, Интернет желісі.
Сабақ(оқу) барысы
№ Сабақ(оқу) кезеңі Мазмұны
1 Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.
2 Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) Сұрақтар:
MS Excel бағдарламасы туралы түсінік;
Негізгі элементтері;
Кестедегі мәліметтер.
Ұядағы мәліметтер:
Текст(мәтін) – бірінші символ әріп немесе ‘(апостроф), үнсіз келісім бойынша сол жаққа туралайды
Сан(цифр), үнсіз келісім бойынша оң жаққа туралайды
Формула, ол = белгісімен немесе + белгісімен басталады
3 Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру MS Excel бағдарламасында өрнектерді пайдалануды және қарапайым есептеулерді шығаруды орындау үшін төмендегі схемада көрсетілген әрекеттер орындалады:

Электрондық кестемен жұмыс жасау, олармен түрлі әрекеттер орындауды студенттер берілген тапсырмалар мен таралымдық материалдар бойынша орындап, жаттығады.

4 Өтілген сабақты (материалды) бекіту MS Excel бағдарламасындағы қарапайым есептеулер;
Өрнектерді есептеу реті;
Пернетақтадан енгізу;
Тінтуір көмегімен енгізу.
5 Үйге тапсырма Оқулықтан 27-29 бб және конспект бойынша MS Excel бағдарламасында өрнектермен жұмыс жасау және олармен түрлі әрекеттер орындау туралы оқып үйрену.
6 Сабақ(оқу) қорытындысын жасау, бағалау Студенттер білімін бағалау
Информатика пәнінің оқытушысыА. Ильясова

Приложенные файлы


Добавить комментарий