Электронды кестесіні рылымы. Мліметтерді енгізу. Фильтрлеу жне автопішін таырыбындаы саба жоспары


БЕКІТЕМІН
Күні Курсы Тобы Сабақ реті
І 164 39
Информатика
Директордың
оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
_______________________ Ж. Кибекбаева
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестесінің құрылымы. Мәліметтерді енгізу. Фильтрлеу және автопішін.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Студенттерді MS Excel электрондық кестесімен жұмыс жасай алуға және түсініктері болуға үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың  өзіндік  ізденісін, шығармашылық қабілетін  арттыру, теориялық  білімін  практикада  қолдана  білуге  дағдыландыру. Қазіргі кезеңдегі ЭЕМ негіздері туралы түсініктерінің дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал жасау. Бағдарламалармен жұмыс жасау дағдыларын дұрыс қалыптастырып, одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету. Ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу, ізденімпаздық пен жан-жақтылыққа баулу. Студенттердің ақпараттық мәдениетінің дұрыс қалыптасуларына ықпал жасау.
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар, әдебиеттер:
Информатика, Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулығы, Н. Ермеков, В. Криворучко, С. Ноғайбаланова, Алматы, «Жазушы», 2007.
Практическая информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.
Специальная информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.
Лабораториялық практикумдар, Бiлiм беру саласын ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, қауіпсіздік ережелері бойынша
презентация, Интернет желісі.
Сабақ(оқу) барысы
№ Сабақ(оқу) кезеңі Мазмұны
1 Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.
2 Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) Сұрақтар:
Ұядағы мәліметтер:
Текст(мәтін) – бірінші символ әріп немесе ‘(апостроф), үнсіз келісім бойынша сол жаққа туралайды
Сан(цифр), үнсіз келісім бойынша оң жаққа туралайды
Формула, ол = белгісімен немесе + белгісімен басталады
3 Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру MS Excel бағдарламасы электрондық кестелермен жұмыс жасауға арналған. MS Excel – кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарлама:
Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізу;
Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
Сорттау(сұрыптау);
Електен өткізу (фильтрлеу), т.б.
Мәліметтер енгізілісімен олар есептеу процесіне араласып, өздеріне қатысты ұялардағы нәтижелік мәліметтерді бірден өзгерте бастайды.
45783550228500Электрондық кестемен жұмыс жасау, олармен түрлі әрекеттер орындауды студенттер берілген тапсырмалар мен таралымдық материалдар бойынша орындап, жаттығады.
4 Өтілген сабақты (материалды) бекіту Сұрақтар:
Элементтері:
Қатар (нөмір: 1 – 1048576)
Бағана (әріп: A—XFD )
Ұяшық (адрес: бірінші ұя A1, соңғы ұя XFD1048576)
Блок (диапазон – қатар орналасқан ұяшықтар жиынтығы: В13:С16)
Жұмыс кітабы (парақтардан құралады, Лист1, Лист2, т.с.с)
Ұядағы мәліметтер:
Текст(мәтін) – бірінші символ әріп немесе ‘(апостроф), үнсіз келісім бойынша сол жаққа туралайды
Сан(цифр), үнсіз келісім бойынша оң жаққа туралайды
Формула, ол = белгісімен немесе + белгісімен басталады
5 Үйге тапсырма Оқулықтан 12-13 бб және конспект бойынша MS Excel бағдарламасында жұмыс жасау және олармен түрлі әрекеттер орындау туралы оқып үйрену.
6 Сабақ(оқу) қорытындысын жасау, бағалау Оқушылар білімін бағалау
Информатика пәнінің оқытушысыА. Ильясова

Приложенные файлы


Добавить комментарий