Компьютерді осымша рылыларын баптау жне орнату


сабақтың № _______ __________тобы күні _________
Сабақтың тақырыбы: ЗТЖ №3 Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату Сабақтың мақсаттары:
 Білімділік: компьютердің қосымша құрылғыларын орнату мен баптау туралы түсінік беру
Тәрбиелік: логикалық ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Оқу құралдары: презентация, карточка, компьютер
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы

Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы
 Бір біріне өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап
Жаңа білімдерді игеру
Қосымша құрылғылар –компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б жатады.
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы. Принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады.
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпараттты (суреттерді,сызбаларды және т.б) қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы. Сканердің көмегімен мәтіндерді қағаздан мәтіндік редакторға,фотосуреттерді-бейнелерді өңдеу программаларына аударады және т.с.с.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .
(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .
Принтерлерді баптау және орнату
Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы.
Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады.
Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігінде Пуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз.
Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз.
Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз.
Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз.
Мәтіналғыны орнату.
Жоғарыда айтып өткендей драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде құрылғыны орнатады.
Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар.
Көпфункционалды құрылғылар (КФҚ) – бір құрылғыдағы принтер/сканер/копир.
Мұндай құрылғылардың ерекшелігі-оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға боладыОлар бүріккіш те,лазерлік те болуы мүмкін.
Модем –компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы.Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Ақпарат тасығыштар:
Қатты диск(винчестер);
Жұмсақ диск(дискета);
Лазерлік дискілер (CD,DVD);
Флеш жады.
Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші-олардың сыйымдылығы.
Сыйымдылық -тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Қатты дискі –үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан қатты дискі компьбтердің сыртқы жады болып табылады.
Дискета-шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. ҚысқартылғанCD-ROMтіркесі қазақ тілінеықшам –дискі негізіндегі тұрақтысақтау құрылғысы. Ал DVD-дискі –үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Жаңа білімдерді бекіту
Тапсырмалар. 1. Техникалық диктант Әрбір дұрыс жауапқа (+) қойылады.
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.
Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.
Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.
Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар.....
Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.
Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.
(сканер, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, жүйелік блок, пернетақта,манитор, маус, флеш диск, дискет)
2-тапсырма Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру.
3-тапсырма Жұмбақ шешу
1. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /
2. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын / принтер /
3. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы / монитор /
4.Жануарға ұқсас атым бар
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер қане айтыңдар / тышқан/
5.Саусақтарды билететін,
экранға мәтінді сый ететін,
жоқ деп мүлде айта алмайтын,
иә-ні қолдап қайталайтын береген / пернетақта/
4-тапсырма Процессорға қатысты «ДҰРЫС» тұжырымдамасы
Бұл компьютердің ең басты бөлігі Бұл компьютердің қосымша құрылғыларынығ бірі Бұл компьютердің «миы» Компьютердің барлық жұмысын басқарады Мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайды Аналық тақша орналасқан Компьютерге контроллер арқылы қосылады Компьютердің кез-келген әрекетіне қатысады Ол- негізгі микросхема Шапшаң әрекетімен сипатталады Көптеген сымдардан тұрады
V. Сәйкестендіру Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту
1 Бас әріпті салу пернесі
2 Компьютердің ең басты бөлігі
3 8 биттен тұратын код
4 Кез – келген бағытта сканерлеуге арналған сканерлер қалай аталады?
5 Ақпаратты енгізу құрылғысы
6 Жүйелік блоктың бір бөлігі
7 Басып шығару сапасы жақсы әрі тез принтер
8 Экрандағы ұсақ нүктелер
9 Кеңейтілген форматта басып шығару құрылғысы
10 Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы
С Байт
К Плоттер
Б Аналық тақша
А Принтер
И Пиксель
Л Лазерлік
Е Процессор
П Қолмен басқарылатын
У Маус
Р Caps Lock
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Р Е С П У Б Л И К А
Біздің республикамызға байланысты сұрақтар қойылады.
Қазақстан қандай мемлекет?
Республика күні қашан?
ҚР-сының гимнінің авторы кімдер?
Таратпаларды толтыру және жауап беру

Cұрақтарға жауап беру:
1.Компьютерлеріңе принтерді локалді түрде қалай орнатамыз?
2. Принтерді желілік түрге келтіріп қалай баптаймыз?
3. Мәтіналғыны, web камера құрылғыларын қалай орнатамыз?
Тест тапсырмалары1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:А) негізгі құрылғыларБ) қосымша құрылғыларВ) екі жауап та дұрыс2. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысыА) принтерБ) сканерВ) модем3. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.А) принтерБ) модемВ) сканер4. Драйвер дегеніміз не?А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программаларБ) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программаларВ) мәліметтер типі5. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғыларБ) негізгі құрылғыларВ) басып шығару құрылғысы6. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?А) принтерБ) сканерВ) модем7. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:А) матрицалық, бүріккіш және лазерлікБ) планшеттік, сенсорлықВ) антивирустық, операциялық8. Компьютердің негізгі құрылғылары:А) сканер, модем, мониторБ) монитор, пернетақта, жүйелік блокВ) принтер, монитор, жүйелік блок9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғыА) мониторБ) тышқан (тінтуір)В) принтер10. Дыбыс шығаратын құрылғыА) колонка Б) модем В) микрофон
Үй тапсырмасы
Презентация жасап келу : WINDOUS -нің негізгі сыналары

Приложенные файлы


Добавить комментарий