Вариятивті блім. Кішкентай суретшілер бадарламасы


«Кішкентай суретшілер» бағдарламасы
Түсінік хат
Балалар сурет салғанды жақсы көреді. Шығармашылыққа деген құштарлығы, оларды түрлі суреттер салуға жетелейді. Сурет әлемімен жаңа ғана танысып жатқандықтан балалардың барлығы бірдей бұл өнерге икемді емес. Балалар сурет әлеміне өте қызығушылық танытуда. Көркем сурет өнері жайлы білімдері молайған сайын балалардың қиялы кеңейе түсуде.
Түрлі материялдарды, табиғи заттармен жұмыс жасауда балалардың ерекше таңғалыстарын, көтеріңкі көңіл күйлерін, өнерге деген құштарлықтарын байқауға болады. Қылқаламсыз және қарындашсыз жұмыс жасау өнерімен балалардың қиялына ерекше әсер ететінін көруге болады және әсемдікке тәрбиелейді. Осындай әдіспен жұмыс жасай отырып бала өздігінен әр нәрсені бақылай алатын, терең және тез ойлана алатын қасиеті мен қабілетін дамытады. Сонымен бірге қиялының ұшқыр дамуына әсер етеді.
Педагог әр баланың бойына сенім ұялатып, маңайындағыларға жақсылық пен мейірімділікке тәрбиелеуі тиіс. Сондай-ақ, бала өзінің бұл өмірде ерекше орны барын сезініп өсуі тиіс.
Осындай әдіс арқылы балалар өз ойларын, қиялдарын қағаз бетіне түсіре отырып, өздерінің дарындылықтарын арттыра түседі. Балалардың әрқйлылықтарының бар екенңн аңғаруға болады.
Мақсаты:
Сабақтың негізгі мақсаты: оқушылардың бойында дәстүрлі емес сурет салу арқылы шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту
Міндеттер:
Дамытушылық:
Қажетті шығармашылық жұмыстарды жасау үшін икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Тәжірибе жасауға құмарлықтарын, жаңа нәрсені тану кезінде таң қалу, күмәндану, қуану сияқты айқын танымдық сезімдерін көрсету
-көркемдік талғамдарын, қиялын, өнертапқыштық қабілеттері мен кеңістікті елестету қабілеттерін дамыту;
-шығармашылық ойлау қабілеттерін, көркемдік қызметіне тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру
Білімділік:
Достық-жолдастық, ұжымдық сезімдерін, дамыту, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу
Балалардың бойында түрлі көркем шығармашылық білімдерін дамыту және қалыптастыру;
Балаларды түрл і өнертапқыштық қызмет түрлерімен, көркем материалдардың көптүрлілігімен , олармен жұмыс жасаудың әдстерімен таныстыру, икемділік, дағдыларын қорытындылап отыру, оларды қолдану шеңберңмен таныстыру.
Тәрбиелік:
- Бауырмалдыққа тәрбиелеу
-Еңбексүйгіштікке, өз еңбегімен нәтижеге жету ынтасын дамыту
-Зейінін, жинақылығын, мақсатқа жетудегі талпынысын тәрбиелеу

Аралас топ
№ Тақырыбы с/с Мерзімі
1 Міне сендерге бояу мен қарындаштар (қарындаш және қылқалам) 2 2 Жаңбыр тамшылары ! ( жапырақпен, қақпақтармен,) 2 3 Қоянға арналған алма мен апельсиндер (мақта таяқшасымен) 2 4 Күзгі жапырақтар (саусақпен және қылқаламмен) 2 5 Алтын күз (тіс щеткасымен) 2 6 Әр түрлі жіп шумақтары (саусақпен және қылқаламмен) 2 7 Ханшайымға арналған кілемше (саусақпен, қылқаламмен) 2 8 Көңілді қояндар (жапырақпен, қақпақтармен,) 2 9 Қысқы ағаштар (түтікшемен үрлеу) 2 10 Сары балапан (саусақпен және қылқаламмен) 2 11 Кірпіге арналған ас (мақта таяқшасымен) 2 12 Кесені әшекейлеу (саусақпен және қылқаламмен) 2 13 Әдемі орамалдар (жапырақпен, қақпақпен) 2 14 Бұршақты оратал (мақта таяқшаларымен) 2 15 Үйректің суретін салу (саусақпен және қылқаламмен) 2 16 Мерекелік отшашулар (тіс щеткасымен) 2 17 Бақ – бақтар (мақта таяқшаларымен) 2 18 Әртүрлі көбелектер (саусақпен және қылқаламмен) 2 19 Әуе шарлары (мақта таяқшалары) 2 20 Жапырақтар және бүршіктер (саусақпен және қылқаламмен) 2 21 Бауырсақ (мақта таяқшаларымен) 2 22 Үлкен түймелер (саусақпен және қылқаламмен) 2 23 Менің сүйікті ертегі кейіпкерім (мақта таяқшаларымен) 2 24 Тиын (саусақпен және қылқаламмен) 2 25 Әр түрлі жапырақшалар (сусақпен және қылқаламмен) 2 26 Марғауға арналған жіп шумақ (саусақпен және қылқаламмен) 2 27 Біз аулаға қыдырып шықтық (саусақпен және қылқаламмен) 2 28 Қоянның сәбізі (саусақпен және қылқаламмен) 2 29 Ақ қоян (саусақпен және қылқаламмен) 2 30 Қаршалар (мақта таяқшалары) 2 31 Құс іздері (мақта таяқшалары) 2 32 Көңілді алаңқай (саусақпен және қылқаламмен) 2 33 Көк аспан (жапырақпен, қақпақпен) 2 34 Көктем келді (мақта таяқшаларымен) 2 35 Жұлдызқұрт (жапырақпен, қақпақпен) 2 36 Жаз мезгілінің көрінісі (саусақпен және қылқаламмен) 2 Барлығы: 72 сағат
Күтілетін нәтижелер
Бұл вариятивтік бөлім баланың дер кезінде жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді. Интерагративтік қасиеттерінің дамуы форма қалыптастырушы түзуді бір қалыпты көрсетеді; ауызша пәндерді бейнелейді; түрлі бейнелерді жасауда түстерді пайдаланады; әр түрлі формадағы қағаз бетіне композицияларды құрастырады; көңіл-күйін шығармашылық жұмыста береді ; дәстүрлі емес түрлі әдістерді қолданады. Жұмыс әрекетінде барлық интеграциялық білім беру салаларын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А.А. Фатеева «Қылқаламсыз сурет саламыз»
2. Т.Н. Давыдова. «Алақанмен сурет саламыз»
3. Г.Н. Давыдова. «Балабақшадағы дәстүрлі емес сурет салу әдісі» М.2007ж.
4. И.А. Лыкова. «түрлі- түрлі алақандар»
5. «Мектепке дейінгі тәрбие» журнал
6. А.В. Никитина. «Балабақшадағы дәстүрлі емес сурет салу әдісі»
7. И.А.Лыкова. мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі әдістемелік құрал

Приложенные файлы


Добавить комментарий