Жаа саба: Христиан діні Рим мемлекетіні кптеген айматарына таралу барысында р елді жадайына, алыптасан леуметтік атынастары мен жергілікті дстрлеріне бейімделді.Христиандыты діни ілім дстрлеріні кптеген трлері алыптасан. Бан Рим м


Қызылорда қалалық білім бөлімі
Тақырыбы: « Христиан дінінің бағыттары. Қазіргі заманғы христиан діні»
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімі: Б.Қайырбеков

Қызылорда қаласы, 2016 жыл
Бекітілді: Зайырлылық және дінтану негіздері
Күні: 09.ХІІ.16

Сабақтың тақырыбы: §13-14. Христиан дінінің бағыттары.(православие, католицизм, протестантизм).
Қазіргі заманғы христиан діні
Мақсаты: а) Христиан шіркеуіндегі өзгерістердің орын алуы және христиан дінінің бөлінуі. Православие мен
католицизмнің бір-бірінен айырмашылығы. Католик ұғымы мен ілімі. Католиктік шіркеудегі
өзгерістер. Протестанттық ағымның қалыптасу тарихы. Қазіргі заманғы христиандық және
миссионерлердің мақсаты. Христиандық діни мерекелер туралы түсінік беру
ә) Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Ойлау қабілетін арттыру. Өз бетімен ізденуге дағды-
ландыру.
б) Адамгершілікке, елжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулығы, дүниежүзінің саяси картасы, сұрақ-жауаптар,
техникалық құралдар
Пән аралық байланысы: дүниежүзі тарихы, география, қазақстан тарихы
Типі мен түрі: жаңа сабақ
Өтілу барысы: 1)Ұйымдастыру
2)үй тапсырмасын сұрау
3) жаңа сабақты баяндау
4) үйге тапсырма беру
Жаңа сабақ: Христиан діні Рим мемлекетінің көптеген аймақтарына таралу барысында әр елдің жағдайына, қалыптасқан әлеуметтік қатынастары мен жергілікті дәстүрлеріне бейімделді.Христиандықтың діни ілім дәстүрлерінің көптеген түрлері қалыптасқан. Бұған Рим мемлекеті халқының мәдени сан алуандығы әсер етті. Көптеген аймақтарды мекен еткен христиандар діни нанымдарын түрлі тілде атқарған. Мысалы:
Палестина мен Сирияда Мысырда Кіші Азия мен Балқанда Христиан әлемінің батыс аудандары

грек және армян тілдері грек пен копт грек тілі латын тілі
Тілдің, мәдениеттің айырмашылығы шығыс пен батыстық христиан шіркеулерінің арасында діни оқытуларда догмалық және ғұрыптық айырмашылықтардың пайда болуына әкелді. Содан барып 1054 жылы христиандықта екі шіркеу пайда болды: православиелік және католиктік. Бұл бөліну бірнеше ғасыр бойы қалыптасты.
Православие Византия аумағында қалыптасты. Римнің шығыс бөлігі – Византиялық миссионерлер арқылы христиандықты қабылдаған елдер, сондай-ақ, Соборларда бекітілген діни ілімді сақтайтын барлық шіркеулер Православие әлемі деп аталды. Православие (грекше «дұрыс ойлау», «дұрыс ілім») шіркеуінің басшысы Константинополь Патриархы деп ресми түрде жарияланған. Алайда ол нақты билік құрған жоқ. Әр шіркеудің өз билігі өзінде болды. Константинополь, Александрия, Антиохий, Иерусалим, Болгар, Эллада, т.с.с. тәуелсіз бірнеше шіркеу болды. Олардың саны үнемі өзгеріп тұрды. Сондай дербес шіркеу құрған Көне Русь Константинополь патриархатынан шоқынуды ресми түрде 988 жылы қабылданды. Ресейдің православие шіркеуінің (Мәскеу Патриархы) дербестігі қазіргі кезге дейін сақталып отыр.
Апостолдар «Еру» сөзінің мағынасын біреуге ұқсау деп түсінген. Иисус сияқты азап шегу, қиындық көру көне христиандардың күнделікті өмір салтына айналды. Монахтық – рухани ізденіс, дін оқуы және оқыту деген қағида қалыптасты. Б.з. IV ғасырда Аммун Нитрийский, Макарий Египетский, Макарий Александрийский, Пахомий сияқты коптеген аскеттік салтты дәріптеген дін басшылардың аты мәшһүр болды. Сол ғасырда тақуалық, жартылай тақуалық (келиоттық, скит) және жалпы тұрғындық деген өзіндік формалары бар монахтық өмір қалыптасты. Православие шіркеуі осы монахтық дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастырды. Ережелерді орнықтыра отырып, монахтардың өмірі туралы жарғылар жазды. Монахтық әкейлер күнәмен күресудің ерекше жүйесін жасап, жалпы православиелік мәдениетті қалыптастырды. Православие ілімі үштік Құдай, Иисустың Құдайға қосылуы, адамдардың күнәсін кешуі, Иисустың қайта тіріліп, аспанға көтерілуі төңірегінде дамыған. Бұл ілімдер өзгеріске, қайта талқылауға жатпайтын тұрақты ілім болып саналады.
Православиеде ғұрыптық ғибадат үлкен орын алады. Оның басты элементтері – жеті құпия деп есептеледі.
Католик ұғымы грекшеден аударғанда «жалпы, жалпыға ортақ» деген мағынаны білдіреді. Католиктің ең алғашқы епископы Петр апостол болып саналады. Христиандықтан католиктің бөлінуі ІІІ – V ғасырларда Рим мемлекетінің Батыс және Шығыс аймақтарында басталды.
Католиктердің православтардан айырмашылығы: православтар адам жер бетінде мұқтаждық көріп, Құдайдың өсиеттерін орындай білсе, о дүниеде үлкен бақытқа жетеді деп сенсе, ал католиктер бұған керісінше, бұл дүние мен о дүниелік жаза үйлесімді деп санады. Католиктер Құдай мен адам қатынасын заңдық тараптан қарастырады; христиан жазадан құтылу үшін жақсы амалдар жасау керек. Адам өзінің күнәсінен тазаланудан гөрі одан құтылу жолының құралын ойлағаны дұрыс деп білді. Католикшілдікте күнәдан арылу идеясы айқыш (крест) жорығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылық жасау, қасиетті жерлерге зиярат жасау формасында болады. Орта ғасырларда Рим Папасының бекітуімен сатылған индульгенция да күнәдан арылу жолы болып есептелді. Католиктік шіркеуде Иисуспен қатар Мариямды Құдай ана ретінде дәріптеуге көп мән беріледі. Мариям ана да аспанға көтерілді деп сенеді.
Рим католиктік шіркеуі – Рим Папасының басқаруындағы күрделі иерархиялық институт. Католик шіркеуінің басшысы – Рим Папасы. Оны 150-ге жуық кардинал бас қосатын діни жиналыс – конклав сайлайды. Папа – Петр апостолдың мұрагері, Иисустың жер бетіндегі өкілі саналады. Рим Папасының басты қасиеттерін білу католиктік доктринасының негізгі өзегі есептеледі.
Католиктік шіркеуде екінші Ватикан Соборынан соң (1962-1965) көп өзгерістер болды. Көне латын тілінде жасалатын құлшылық пен діни рәсімдер енді әр ұлттың өз тілінде жасалады. 1996 жылы Папа Иоанн Павел ІІ қол қойған құжаттар бойынша триадология қасиетті рух туралы оқумен қатар көне шығыс әкейлерінің ілімдеріне сәйкес түсіндірілуі керек болды.
Қазіргі православие шіркеуі мен католицизмнің арасында догматтарының дұрыстығы, литургиясының толықтығы, құлшылықтардың шынайылығы өзара мойындалады.
Христиандықта протестанттық ағымның бөлінуі ХVI ғасырда болды. Ол Інжілді неміс тіліне аударған, христиан дінінің білгірі Мартин Лютердің атымен байланысты. М.Лютер алдымен шіркеуді өз ішінен реформалауға ұмтылды. Ол шіркеулер І ғасырда пайда болған апостолдық білімге, діни оқуға, дін тазалығына қайтып келуі тиіс және сол ілім арқылы қайта дамуы керек дегенді айтты. Ол Киелі Жазбаның тікелей және терең мағынасына назар аударылуы қажет деп білді. Киелі Жазбаларды әркім өзі түсініп, өзі талдай алады деді. Бұл ілім протестантизмді Інжілдің әлемнің көптеген тілдеріне аударылып және сол тілдерде діни рәсімдер атқарылуына бірден бір ықпал еткен христиандық бағыт етті.
Протестантизм лютерандық, кальвиндік, англикандық ерекшеліктермен дамыды. М.Лютер мен Ж.Кальвин ілімі негізінде пайда болған, бірақ даму барысында өз ілімдері мен ғұрыптарын қалыптастырған шіркеулер саны көбейді. Протестанттық шіркеулердің ерекшелігі миссионерлік іске, яғни, өз діндерін таратуға ұмтылуында.
Жаңа сабақты бекіту:
Христиан діні ағымдарға қашан бөлінді?
Православиелік шіркеу мен католиктік шіркеуді сипаттаңдар?
Алғашқы католиктік монах ордені қашан пайда болды?
Христиан діні қай аймақтарда көп таралған?
Протестанттық бағыт қалай пайда болды?
Христиан дінінің ағымдарға бөліну себебі неде?
Неліктен қиындық кешу ежелгі христиандардың күнделікті өмір салтына айналды?
Миссионерлер қалай пайда болды?
Ағылшын шіркеуі қандай маңызды рөл атқарды?
Үйге тапсырма: §13-14. Христиан дінінің бағыттары.(православие, католицизм, протестантизм).
Қазіргі заманғы христиан діні

Приложенные файлы


Добавить комментарий