Урок по химии на тему «Фосфорды периодты жйедегі орны, асиеттері»


Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 9
Пәні : Химия
№ 23 сабақ
Химия Күні:
Сабақ тақырыбы: Фосфордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Сілтеме: Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж.
Жалпы мақсаттар:
Оқушыларға фосфордың периодты жүйедегі орнына сипаттама берумен қатар химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаздыру, ашылу тарихы жөніндегі мағлұматтармен таныстыру. Фосфордың аллотропиялық түр-өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықары және химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Күтілетін нәтижесі 1. Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады.2. Фосфордың ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алады.5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады.Фосфордың химия өнеркәсібіндегі маңыздылығын және оның
аллотропиялық түрөзгерістерін (ақ,қара,қызыл) біледі. Топта өз бетімен ізденуге үйренеді.
Түйінді идеялар Фосфордың периодтық жүйедегі орны: протон, нейтрон, электрон саны, валенттік электроны, тотығу дәрежесі және фосфордың бейметал екені туралы периодтық кестені пайдалана отырып айтып береді. Табиғатта фосфор тек қосылыс түрінде кездесетіні айтылады. Фосфор атомның кристалдық торын қарастырып, ақ, қызыл, қара фосфор жайлы олардың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстырады.
Сабақтың әдісі жеке жұмыс
деңгейлік тапсырмалар
топтық жұмыс
ой-түрткі
Жұптық жұмыс
Ойлан,жұптас,талқыла Лабораториялық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар. 9-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
Қызығушылықты ояту
І-тапсырма. Сұрақ жауап.
1. Азот табиғатта қайда кездеседі?
2. Азот топырақта табиғи жағдайда қаңдай қосылыс түрінде болады?
3. Топырақтағы байланысқан азот атмосфераға қайтадан қалай оралады?
4.Мына тұздар: натрий нитраты, барий нитраты және мыс(ІІ) нитраты бар ерітінді берілген.Осы қоспадағы әр затты қалай жеке бөліп алуға болады? Сәйкес реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
5. Маңызды азот тыңайтқыштарын атап, маңызын көрсетіңдер.
ІІ-тапсырма. Тест жұмысы. (3-сұрақ)
І-нұсқа.
1. NaNO3-ті қыздырғанда пайда болатын заттар:
A) натрий, азот оксиді (IV), оттек.
B) натрий оксиді,азот оксиді (IV), оттек. C) натрий, оттек, азот.
D) натрий нитраты және азот оксиді(IV). E) натрий нитриті және оттек.
2. Hg(NO3 )2- қыздырғанда пайда болатын заттар:
A) сынап оксиді, оттек, азот (II) оксиді.
B) сынап (I) нитраты және оттек. C) сынап, азот (IV) оксиді, оттек.
D) сынап оксиді, оттек, азот (IV) оксиді. E) сынап, азот (II) оксиді, оттек.
3. Суда ерігенде қышқылдық орта көрсететін зат:
A) аммоний нитраты. B) литий нитраты. C) барий нитраты.
D) натрий нитраты. E) калий нитраты.
ІІ-нұсқа.
1. Қыздырған кезде екі тұз бірдей газ түзетін жағдай:
A) барий нитраты және күміс нитраты.
B) калий нитраты және натрий нитраты. C) сынап нитраты және натрий нитраты.
D) калий нитраты және аммоний нитраты. E) мыс нитраты және барий нитраты.
2. Аммоний нитратын қыздыру арқылы айырғанда түзілген заттар коэффициенттерінің қосындысы:
A) 4. B) 11. C) 5. D) 3. E) 8.
3. Fe(NO3 )2 қыздырғанда пайда болатын заттар:
A) темір нитраты және сутек.
B) темір нитриті(II), оттек. C) темір оксиді (II), азот оксиді (IV), оттек.
D) темір оксиді (III), азот оксиді (IV), оттек. E) темір, азот оксиді (II), оттек.
ІІІ-тапсырма. Есеп шығ ару.
1. 1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%)
Шешуі: NН3 + НСІ → NН4СІ
М(NН3) = 17 г/моль
М(NН4СІ) = 53,5 г/моль
1,7 г NН3----- х г NН4СІ
17 г NН3---- 53,5 г NН4СІ
х=1,7 г∙53,5 г17 г =5,35 г5,35 г ----- 100 %
5 г ---- х %
х=5 г∙100 %5,35 г =93,4 %2. 10,7 г аммоний хлориді кальций гидроксидімен әрекеттескенде 4 л аммиак алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%)
Шешуі: Ca(ОН)2 + 2NН4СІ → СаСІ2 + 2NН3↑ + 2Н2О
2Vм(NН3) = 44,8 л/моль
2М(NН4СІ) = 107 г/моль
х л NН3----- 10,7 г NН4СІ
44,8 л NН3---- 107 г NН4СІ
х=44,8 л∙10,7 г107 г =4,48 л4,48 л ----- 100 %
4 л ---- х %
х=4 л∙100 %4,48 л =89,2 %3.Өнімнің шығымы 80 % болса, 126 г азот қышқылынан түзілетін аммоний нитратының массасы (г)
Шешуі: NН4ОН + НNО3 → NН4NО3 + Н2О
М(НNО3) = 63 г/моль
М(NН4NО3) = 80 г/моль
126 г НNО3----- х г NН4NО3
63 г НNО3 ---- 80 г NН4NО3
х=126 г∙80 г63 г =160 г160 г ----- 100 %
х г ---- 80 %
х=160 г∙80%100 % =128 гЖаңа сабақ
Фосфор(лат. Phosphorus), P – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат.н. 15, ат.м. 30,97 Бірнеше түрі бар: ақ Ф. – тығызд. 1,828 г/см3; балқу t – 44,14°С; қызыл Ф. – тығызд. 2,31 г/см3; балқу t – 593°С.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор III периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік нөмірі (ядро заряды) 15.
Aтoм құрылысы.
Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған. Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы:
Электрондық формуласы:
1s22s22р63s23f
Фосфор косылыстарында -3, +3, +5 тотығу дөрежесін көрсетеді. Фосфордың үшқыш сутекті қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3 молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен, фосфин молекуласы берік емес, улы, түраксыз газ, тез тотығып кетеді.
Табиғатта кездесуі.
Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(Р04)2 түрінде болады. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол коры бар екені 1935 жылдан белгілі. Қазір Қаратау бассейні негізінде "Жаңатас байыту комбинаты" жүмыс істейді. Ақтөбе облысында фосфорит кен орнын (Шилісай, т.б.) игеру жоспар- ланып отыр. Осы кен орындары негізінде фосфорды өңдейтін зауыттар Таразда, Шымкентте жәнө Актөбеде бар. Азот тәрізді фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет үлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор болады. Барлық сүтқоректілердің сүйегі құрамында фосфор Са3(Р04)2 немесе ЗСа3(Р04)2СаС03Н20 түрінде болады. Осындай фосфаттар сүтқоректілер қаңқасына беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады.
Алынуы.
Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электр пеште кремний (IV) оксиді мен көмірді косып қыздырады. Бөлінген фосфордың буын су астында ақ фосфор Р( түрінде бөліп алады. Реакция теңдеуі:
Са3(РО4)2+ 3SiО2 + 5С = 3CaSiО3+ 5CО↑ + 2Р
Физикалық қасиеттері.
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда к,қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі ,ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде берілген.
Тапсырмалар Химиялық қасиеттері.
Фосфор тотыктырғыш (азоттан төмен) және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Тотыксыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі.
1. Фосфор оттекте жанып, пентаоксид түзеді:
4Р + 5O2 = 2Р2O5
2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі:
ЗСа + 2Р = Са3Р2
Мырыш фосфиді — зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын препарат.
1. Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (70°С) әрекеттесіп, фосфор трихлоридін РСІ3 және 300° С-та фосфор пентахлоридін РСІ5 түзеді:
2Р + ЗСl2 = 2РСl3
2Р + 5Сl2 = 2РСl5
2. Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН3 түзеді:
Фосфин РН3 — түссіз, ерекше иісі бар, өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз. Шырпының басына жанғыш заттар — күкірт пен бертолле түзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны үнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бертолле тұзынан от алып, тез түтанады.
Реакция теңдеуі:
5КСІО3 + 6Р = 5КСІ + 3Р2О5
Бағалау Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды
Кері байланыс Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
Үйге тапсырма §21

Приложенные файлы


Добавить комментарий