Шыармашылы білім саласы «Ыдыстаы жеміс-жидектер»


Бөлімі:Аппликация
Тақырыбы: «Ыдыстағы жеміс-жидектер»
Мақсаты: жеміс- жидектер туралы түсініктерін нақтылау; ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуді үйрету; ұқыпты жұмыс істеуге,кайшыны пайдаланып керекті заттарды қиып алу,қайшымен жұмыс істеген кезде қауыпсыздык техникасын сақтау, жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу.Әдемілік пен әсемдікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:серуенге шыққанда жеміс ағаштарын бақылау, жеміс-жидектер туралы, олардың қай уақытта пісетіні жайлы әңгімелеп беру.
Қажетті құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар,жеміс-жидек муляжы, дайын аппликация үлгілері,сүрткіш.
Сөздік жұмыс: жеміс-жидектер
Билингивальді компонент:жемістер- фрукты, жидек-ягоды
Оқу іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотива
циялық қозғаушылық Ғажайып сәт:
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз.
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, күздің бізге берер сыйы қандай?
Сөздік жұмыс: жеміс-жидектер
Билингивальді компонент: жемістер- фрукты, жидек-ягоды
-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?
-Қандай жеміс-жидектерді білесіңдер?
-Жеміс –жидектін муляжын пайдалана отырып тарелкеге орналастыруын уйрету.
-Алманың түсі қандай болады.
-Пішіні қандай?
-Құлпынайдың көлемі қандай болады?
-Бүгін аналарыңа жеміс-жидек сыйлағыларың келе ме?
-Сендердің алдарыңда әдемі жеміс-жидек салуға арналған тәрелкелер және жаңа ғана бақтан әкелінген жеміс-жидектер тұр.
-Ендеше, балалар біз сол жеміс-жидектерді тәрелкеге орналастырайық.
Мұқият қарап алыңдар,тәрелкеге жеміс-жидектерді бірінен кейін бірін әдемілеп жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Қолыма алдым бір алма,
Салдым оны аузыма.
Тағы алып құлпынай,
Жеп қоямын тосылмай.
А.Дамас
Баяу әуен ойнап тұрады
Педагог-іс әрекет барысында көмек қажет балаларға көңіл бөледі.
Балаларды ңжұмысын тақтаға орналастырады. Күз айы бізге өте көп сыйлық береді.
Қайталайды: жеміс-жидектер
Қайталайды: жемістер- фрукты, жидек-ягоды
-Ағаштың жапырақтары сарғайып түседі.Жаңбыр жауады.
Балалардың тақта алдындағы жұмыстары.-Алма,банан,алмұрт,құлпынай,өрік,таңқұрай.
-Қызыл,сары, жасыл болады.
-Дөңгелек.
- Құлпынайдың көлемі кішкентай.
-Иә, сыйлағымыз келеді.
Педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды.
Тапсырманы педагогтың айтуынша орындайды.
Балалар педагогпен бірге сергіту сәтін қайталап айтып,қимыл қозғалыстар жасайды.
Балалар ырғақты әуенмен тәрелкелерді жеміс-жидектерге толтырады.
Рефлексия
лық -түзетушілік Рефлексия:
-Балалар, оқу іс-әрекеті барысында нені жапсырдық?
-Тәрелкелеріңде қандай жеміс-жидектер бар?
-Бүгін жасаған жұмысымыз ұнады ма?
Педагог балаларды мақтайды. Жеміс –жидекетерді жапсырдық.
Алма,банан,алмұрт,құлпынай,өрік,таңқұрай.
-Иә.Жеміс –жидекетерді жапсыру ұнады.
Балалар қуанады.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:жеміс-жидектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;
түсінеді:күз мезгілінің ерекшеліктерін, жеміс атаулары, жеміс-жидектердің бір-бірінен айырмашылықтырын
қолданады:аппликация іс-әрекеті туралы жеміс-жидектерді жапсыруды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий