Разработка Автомобильді электр жабдытары


АВТОМОБИЛЬДІҢ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ
ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ
Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар. Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде — жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.
Бір сымды жүйе сымдар санын азайтады, өткізгіштің бүкіл жүйесін оңайлатып, арзанға түсіреді. Алайда, ол изоляция жағдайында ұқыпты болуды талап етеді. Сымдардың изоляция тәртібін бұзған жағдайда, ондағы қысқа тұйықталу өрт қаупін тудырады.
Қысқа тұйықталу кезінде тізбекте изоляцияланған материалдың жанған иісі шығады және іске қосылған ток тұтынатын орындар жұмысы тоқтатылады. Бұл кезде амперметр нұсқары шегіне дейін ауытқып, разрядтануды көрсетеді.
Қысқа тұйықтау кезінде амперметр мен аккумулятор батареясы жылдам істен шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде, барлық ток тұтынатын орындарды шұғыл түрде қоректендіру кезінен ажырату керек.
Сақтандырғышы бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде тізбек сақтандырғыштан ажыратылады. Ақауларды жойғаннан кейін ғана сактандырғышты қосуға болады. Сымның жалаңаштанған бөліктерін изоляцияланған лентамен орау қажет.
Май сигнализаторының датчигі корпустан, диафрагмадан, серіппе мен түйіспелі құрылғыдан тұрады. Мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі қысым болмаған кезде, диафрагма серіппенің әсерінен түйіспелерден бері қарай иіледі де, шам жанады. Қалыпты май қысымы кезінде диафрагма қарама-қарсы жаққа иіледі, түйіспелер және сигнал шамы сөніп қалады.
Мотордың шамадан тыс қызуының авариялық сигнализаторы датчигі радиатордың жоғарғы багына орнатылған. Ол жез гильзадан жасалған корпустан тұрады, онда екі түйіспе орналасқан. Қозғалмайтын түйіспе "массамен" қосылған, ал қозғалмалы түйіспе "массадан" изоляцияланған серпімді биметалды пластинаға бекітілген. Биметалды пластина сыртынан қысқыш арқылы сигналды шаммен қосылған.
Салқындатқыш сұйықтықтық қалыпты температурасы кезінде датчик түйіспелері ажыратылады. Егер сұйықтық температурасы есептегіден жоғары болса, биметалды пластинаның иілетіні соншалық, түйіспелер тұйықталады және сигнал шамды электр тізбегіне қосады.
ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ
Генераторды күту сымдардың түйіспелерімен қосылатын жерлерін таза ұстау болып табылады. Генератор мен кернеу реттегіштің ішіне кір және тозаң кіріп кетуіне жол беруге болмайды. Кернеу реттегіші мен реле қақпақтары әрдайым берік жабық тұруы тиіс.
Зауытта құрастырғанда генератордың шарикті подшипниктеріне тозаң кіріп кетпейтіндей етіп, майлап мықтап жауып қояды.
Жұмыс кезінде мезгіл-мезгіл, кемінде айына бір рет коллектор мен щетканық күйін тексеріп, қарап тұру керек. Жұмыс кезінде коллектордың бетіндегі көмір тозақын үрлеп түсіріп тұрған жөн. Коллектор кірлеп кетсе, бензинмен жуылады.
Генератордың жұмысы дұрыс болуы үшін щеткаларды коллекторға басып тұратын серіппелердің қалыпты керіліп тұруының үлкен мақызы бар.
Серіппелердің щеткаларды қысуы кем болса, ұшқынның күшейетіні және коллектор пластинкаларының күйетіні белгілі. Жалғағыш белдікті бензин, керосин және май тиюден сақтау керек.
Кернеу реттегішін күту - кішкене якорьді тартып тұратын серіппенің керілуін реттеу, түйіспелерді тазарту (егер күйген болса) және түйіспелердің өзара қашықтығын реттеу болып табылады. Түйіспелер арасынық қалыңдығы 0,25 мм болуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрін тек шеберханалардағы тәжірибелі механиктер істей алады.
Релені күту - түйіспелерді таза ұстау, оларды тазарту (егер күйген болса) және кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы сақылауды реттеу болып табылады.
Кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы саңылау, реле түйіспелері тұйықталып тұрғанда 0,25 миллимерден 0,75 миллиметрге дейін болуы тиіс. Тіреліп тұрып қалғанға дейін ажыратқанда түйіспелердің арасы 0,75 миллиметрге дейін болуы керек.
Электр тізбегін қарап шығу, фараларды бекітіп сынап көру, генераторды тазарту мен тексеру, коллекторды тазалап, оның күйін тексеру, щеткалардың коллекторға дұрыс жабысып тұрғанын тексеру және подшипниктердің күйін тексеру техникалық күту ережелері бойынша жүргізіледі.
Стартерді бұзып көрген кезде оның мыс-графит төлкелерін маймен майлап қою керек. Коллектор мен щетканы жетісіне бір рет тексеріп тұрған жөн болады. Коллекторды кір басып кетсе, бензинмен жуу керек. Щеткаларды көп тозаң басып кетсе, оны үрлеп түсіреді. Бендиксті таза үстау керек. Электр жабдығы жүйесінің ақаулары және оларды жөндеу. Электр жарығының жүйесі қалай бұзылса да алдымен өткізгіштердің, шамдардың, фаралардың бұзылғаны жоқ па екен, соны тексеру керек. Өйткені, тәжірибеге қарағанда, бұзылу генератор мен кернеу реттегішіне қарағанда сыртқы тізбекте кездесетін болады.
ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ
Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар. Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде — жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.
Бір сымды жүйе сымдар санын азайтады, өткізгіштің бүкіл жүйесін оңайлатып, арзанға түсіреді. Алайда, ол изоляция жағдайында ұқыпты болуды талап етеді. Сымдардың изоляция тәртібін бұзған жағдайда, ондағы қысқа тұйықталу өрт қаупін тудырады.
Қысқа тұйықталу кезінде тізбекте изоляцияланған материалдың жанған иісі шығады және іске қосылған ток тұтынатын орындар жұмысы тоқтатылады. Бұл кезде амперметр нұсқары шегіне дейін ауытқып, разрядтануды көрсетеді.
Қысқа тұйықтау кезінде амперметр мен аккумулятор батареясы жылдам істен шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде, барлық ток тұтынатын орындарды шұғыл түрде қоректендіру кезінен ажырату керек.
Сақтандырғышы бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде тізбек сақтандырғыштан ажыратылады. Ақауларды жойғаннан кейін ғана сактандырғышты қосуға болады. Сымның жалаңаштанған бөліктерін изоляцияланған лентамен орау қажет.
Май сигнализаторының датчигі корпустан, диафрагмадан, серіппе мен түйіспелі құрылғыдан тұрады. Мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі қысым болмаған кезде, диафрагма серіппенің әсерінен түйіспелерден бері қарай иіледі де, шам жанады. Қалыпты май қысымы кезінде диафрагма қарама-қарсы жаққа иіледі, түйіспелер және сигнал шамы сөніп қалады.
Мотордың шамадан тыс қызуының авариялық сигнализаторы датчигі радиатордың жоғарғы багына орнатылған. Ол жез гильзадан жасалған корпустан тұрады, онда екі түйіспе орналасқан. Қозғалмайтын түйіспе "массамен" қосылған, ал қозғалмалы түйіспе "массадан" изоляцияланған серпімді биметалды пластинаға бекітілген. Биметалды пластина сыртынан қысқыш арқылы сигналды шаммен қосылған.
Салқындатқыш сұйықтықтық қалыпты температурасы кезінде датчик түйіспелері ажыратылады. Егер сұйықтық температурасы есептегіден жоғары болса, биметалды пластинаның иілетіні соншалық, түйіспелер тұйықталады және сигнал шамды электр тізбегіне қосады.
Ток көздерін жөндеу
Ток көздерінің ақаулығы. Аккумуляторлы батареяның ақаулығына оның өздігінен зарядсыздануы, сыйымдылығының төмендеуі, жұмыс істеуін толық тоқтатуы, сондай-ақ бакта сызаттың болуы және басқа да зақымдану жатады.
Өздігінен зарядсыздану дегеніміз тұтынушы орындар ажыратылып тасталған кездегі батареяның зарядсыздануы. Батарея сыйымдылығының тәулігіне 1,0—1,5 процентінен аспайтын өздігінен зарядсыздану (толық зарядсыздану 60—100 тәулікте орындалады) қалыпты деп саналады.
Батарея бірнеше сағат ішінде зарядсызданатын үдемелі өздігінен зарядсызданудың себептері мынадай: батарея бетінде токтық кемуін тудыратын электролит пен ластың болуы; бактық түбіне қабырғалар деңгейінен жоғары жинақталған активті массаның шөгінділерімен оң және теріс пластиналардың өз ара тұйықталуы; электролиттің бөгде қоспалармен ластануы.
Батарея сыйымдылығының төмендеуі мынадай себептердің біріне байланысты болады: пластиналардың сульфаттануы, электролит тығыздығының жеткіліксіздігі, активті массаның шөгуі. Аккумуляторлардың аса күшті зарядсыздануы (1,7 вольттен төмен) кезінде немесе батареяны зарядсызданған күйде ұзақ уақыт қалдырғанда, аккумуляторлардағы электролиттің деқгейі төмендегенде сульфаттану процесі жүреді: электролиттің шамадан тыс тығыздығы салдарынан немесе стартерді 10 секундтан астам уақытқа үздіксіз қосу, сондай-ақ аса тұтқыр май құйылған суық двигательді стартермен оталдырған кезде аккумуляторлы батарея шамадан артық күш түсуіне байланысты пластиналардың қисаюының салдарынан активті масса шөгеді.
Аккумуляторлар қызметінің толық тоқтатылуы (шығару штырьларында кернеу болмайды) сепараторлар зақымданғанда немесе шығару штырьларының бареткадан немесе элемент аралық қосылыстардан үзілуі кезінде аттас емес пластиналардың өз ара тұйықталуы салдарынан болады.
Батареяны ұяға бос бекітуден болатын соққыдан, абайсыз тасымалдаудан, тығыздығы төмен электролиттің қатып қалуынан бакта сызат пайда болады.
Батареяны автотранспорт немесе автомобиль жөндеу кәсіпорындарының аккумулятор цехында немесе мамандандырылған шеберханада жөндейді (бөлшектейді, ақаулы пластиналарын, сепа ратррларын алмастырады, штырьларды пісіреді және т. с. с).
Генераторлар мен реле-реттегіштің ақаулығы. Олардың ақаулы болуынан тұтынушы орындардың генератордан қоректенуі және аккумуляторлы батареяның заряды кемиді немесе толық тоқтатылады. Мұны амперметрдің көрсетуі, сондай-ақ двигательдің орташа және үлкен айналымдарда жұмыс істеуі кезіндегі жарық беру лампыларының жеткіліксіз қызуы, дыбыс сигналының әлсіз істеуі және т. б. бойынша анықтауға болады.) Генератордың қалыпты жұмыс істемеуі көбінесе мынадай себептерге байланысты: генератор жетегі ременінің әлсіз керілуі; коллектордың немесе контактілі сақиналардың және генератор щеткаларының ластануы және тозуы, щеткалар серіппесінің босаңсуы; генератор сымдарында тұйықталу немесе үзілудің болуы; реттеудің бұзылуы, контактілердің күюі және реле-реттегіштің басқа да ақаулығы; түзеткіш құрылғы диодтарының ақаулығы.
Желдеткіш пен генератор жетегі ременьдерінің керілуін тексеру әдістер бойынша жүзеге асырылуы керек. Коллектор мен щеткалардың күйін қорғауыш лентаны шығарып ала отырып, қарап байқау арқылы бақылайды, егер қажет болса коллекторды тазартып, щеткаларды алмастырады.
Генератор мен реле-реттегіш орамдары мен реле-реттегіштің ақаусыздығын, реле-реттегіштің реттелуін және генератордың түзеткіш құрылғысы диодтарының күйін шеберханада арнаулы стендіде тексереді
Генератор бұзылуының жиі кездесетін түрі тізбектегі ток күшінің нашарлауы болады. Мұнда шамдар күңгірт жанады. Тізбектегі ток күшінің нашарлығына, щетканы коллекторға басып тұрған серіппенің әлсіздігі, щетка мен коллектордың тозғандығы, коллектордың көмір үгіндісімен немесе майдан тозғандығы себеп болады. Осы айтылғандар тізбектің кедергісін ұлғайтады да, содан ток күші азаяды. Щеткалардан ұшқын шығуына да серіппенің әлсіз болуы немесе коллектор тозып, кірлегендігі, щеткалардың коллекторға нашар тиіп тұрғандығы себеп болады.
Щеткаларға, коллекторға және релеге май тисе аталған механизмдердің жұмысы бұзылатынын есте сақтау керек. Жұмыс кезінде коллекторды көмір тозаңы басып кетеді. Бұл тозаңды үнемі тазартып отыруы керек. Көп істеген коллектор тозып, цилиндр түрінен айырылады, ол қайта жонып шығуды керек етеді.Коллекторды арнаулы шеберханада жону керек.
Автомобильдегі шамдардың жарығы реттегіш серіппесінің керілуін өзгертумен реттеледі. Ол үшін кернеу реттегішінің қақпағын абайлап алып қойып, серіппенің реттегіш винтін дәнекерден босатады. Шамдардың жарығын күшейту үшін реттегіш винттің гайкасын қаттырақ бұрау керек, ал (лампочка күйіп кетсе) жарықты азайту үшін гайканы босату керек. Лампаның жарығын реттеп алған соң, реттегіш винтті, гайка өз бетімен босап кетпеу үшін дәнекерлеп, бекітіп қою керек.
Жарық сәулесінің шашырауы фараның арт жағындағы винтпен реттеледі.
Генератордың қозбай қалуы түйіспенің нашарлығынан немесе орамның үзілуінен, келте тұйықталудан болуы мүмкін. Генератор жұмысын бөгейтін себептерге: щеткалар түйіспелерінің нашар болуы, реленің бұзылуы және кейде тізбектің бір жерінің үзілуі жатады. Генератордың қысқыштарындағы кернеудің шамдарды күйдіріп жіберетіндей болып өсіп кетуі кернеу реттегішінің бұзылуынан болады.
Шамдардың біреуі жанбай қалып, жарық берудің бұзылуы шамның күйіп кетуінен, немесе өткізгіштің не патронның бзылуынан болады. Өткізгіш сым массаға қосылып кетуі, үзіліп қалуы немесе қысқышқа нашар қосылған болуы мүмкін.
Стартерлердің ақаулары. Стартерлерге тән ақаулар төмендегідей: стартер оталмайды, стартердің якорі иінді білікті бұрмайды, стартерді қосқан кезде оның тістерінің шықыры қатты естіледі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны. Ток тізбектің үзілуі, қозғалмалы түйіспелі дискінің жеке стартер релесі қысқыштарының күйіп кетуі, коллектордың ластануы, щеткалардың тозуы, щетка ұстайтын серіппелердің әлсіреуі нәтижесінде келмеуі мүмкін.
Стартерді қосқан кезде естілетін шырт еткен дыбыс, стартер релесі мен іске қосқыш реленің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Мұндай дыбыстың жиілігі мен маховик тәжіне шестерняның жиі соғылуының себебі-стартер релесінің ұстатқыш орамында үзіктің болуы. Бұл кезде реле якорі ұстатқыш орамның көмегінсіз, тек қана ішке тартылатын орам арқылы тартылады.
Егер стартер іске қосылса, ал мотордың иінді білігі баяу немесе мүлде айналмаса, онық себебі аккумулятор батареясының разрядтануынан, қысқыштардың тотықтануынан, коллектордың күйіп кетуінен, щеткалардың тозуы мен салбырауынан болуы мүмкін.
Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Жүнісбеков П.Ж. және басқалар. Автомобиль құрлысы және пайдалануы. – Фолиант, Астана 2007 ж.
Алиев Б., Жүнісбеков П.Ж., Тракторлар мен автомобильдер (құрлысы). Алматы., 2000 ж., - 360 бет.
П.Ж.Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов, Г.А.Мамедалиев. М.С.Дүйсенбаев. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Астана, - Фолиант, 2007 ж. – 248 бет.

Приложенные файлы


Добавить комментарий