Саба жоспар кпе сыйымдылыы 8 сынып


Модуль Сабақ 5 Сыныбы 8 «Г» Пән: Биология Күні : 7.02.2017
Сабақтың тақырыбы:
§39. Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығы. Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету.
Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі жайлы біле алады
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы ақпарат алады
Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек туралы мәлімет алады.
А. Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталықтары жайлы айта алады.
В. Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы айта алады.
С. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету түрлері жайлы ақпарат беріп, көрсете алады.
Сабақтың мақсаты:
Табыс критерийлері:
Түйінді идеялар Тыныс алу мүшелері плакатын, тыныс алу мулбяжын, тапсырмалар жазылған карточкаларды пайдалана аламын, диалогтық оқытуды, АКТ және СТО стратегияларын қолдана аламын, Оқулық, интерактивтік тақта, слайдтар, маркерлер,электронды оқулық.
Уақыт Оқытушының іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру
3мин. Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасады.
-Сәлеметсіздерме, балалар!
-....
-Отырыңыздар!Сыныпта бүгін кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ?
Оқушылар орнынан тұрып,мұғаліммен амандасады. Сосын сабақта кім жоқ екенін айтады.
Үй жұмысын тексеру
7 мин
«Кім жылдам»
Оқушылардан үйге берілген тапсырма бойынша бірнеші сұрақтар кою және тыныс алу мүшелері бейнеленген карточканы бағасы жоқ оқушыларға беріп сабақ сұрау.
«Кім жылдам» ережесін түсіндіру және сыныптағы ойлау кабілеті ең жылдам оқушыны анықтау.

Тіршіліктің негізі
Дыбыс сіңірлері орналасқан тыныс алу мүшесі?
Ер адамдағы көмекейдің орташа ұзындығы ?
Кеңірдектің ұзындығы?
Бронхылардың ең жіңішке тармактары?
Дыбыс сіңірлерің арасындағы кеңістік?
Өкпенің сыртын қаптайтын қабықша?
Ауа жылынатын және ылғалданатын мүше?
Көмекейдегі шеміршектердің байланысы?
Тыныс шығарғанда дыбыс саңылауы?
Мұрын қуысында микробтарды жоятын жасушалар?
Дыбыс сіңірлері қысқа болғанда шығатын дыбыс?
Дыбыс сіңірлері ұзын болған шығатын дыбыс ?
Бронхы ағашын нелер түзеді?
Кеңірдектің жалғасы?
Адамда өкпенің саны?
Дыбыс шығаруға көмектесетін мүше?
Көмекейдің жалғасы?
Тыныс алғанда қан тамырлары жүйесі қандай қызмет атқарады?
Тыныс алу орталығы орналасқан жер?
Тыныс алғанда тек ауа тасымалдау қызметін атқаратын мүшелер?
Сол жақ өкпе оң жақ өкпенің қандай айырмашылығы бар?
Өкпеқап дегеніміз не? Ол қайда болады?
Өкпе көпіршектерінің құрылысы және қызметі?
Тыныс алу дегеніміз не?
Өткен тақырыптан және үй жұмысын оқып келгендерін еске түсіріп кітап дәптерді жауып берілген тапсырмалады орындау.
Жаңа
тақырып.
«Ой шақыру»
Тыныс алу мүшелері
«Топтық жұмыс»
(Топ бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі.)
Балалар өткен тақыпта тыныс алу жүйесімен танысқан болатынбыз , өткенді еске түсіріп тақырыпқа бір шолу жасасақ. ( тыныс алу мүшелерін атау)

«Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығы. Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету.» тақырыпты тақтаға жазу және қысқаша жаңа тақырыпқа кіріспе жасап түсіндеру(слайдпен)
Сынып оқушыларын 3қатар бойынша 3 топқа бөлу, 3топқа тапсырмалар дайындап келу
1 топ тапсырмасы . Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тақырыбы бойынша 2 сұраққа жауап беру.
1.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенді қалай түсінесіңдер, оны өлшейтін құрал қалай аталады?
2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығының өзгеруі неліктен?
3.Тыныс алудың реттелуі(тыныс алу орталығы және гуморальдық реттелу)

2 топ тапсырмасы. Берілген сурет бойынша тыныс алу
қозғалыстарын және оның реттелуін түсіндіру

3 топ тапсырмасы. Тыныс алу тоқтап қалғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Мұғалім оқушыларға осы тақырып бойынша өзі дайындап келген мәтінді ұсыну.
Топтапра бөлінген тапсырмаларды рет бойынша сұрау.
Практикалық жұмыс тақырыбына байланысты видео корсету. Мұғалім нұсқауы бойынша топқа бөлініп тапсырмаларды орындау.

Топпен бірлескен жұмыс жасайды.Өз пікірлерін ортаға салып кластер дайындайды.
Топтан біреу немесе бірнеше оқушы қорғайды.
Бекіту
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы:Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.
Мақсаты: Теориялық білімді практикада қолдана біліп, жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу.Тыныс алу тоқтап қалған кезде көрсетілетін шараларды дұрыс меңгеру және  өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация).
Құрал жабдықтар:адам кеудесінің муляжы, ауа үрлеуге қажет дәке, орамал, «ауа үрлегіш».
Жұмыс барысы:
Тыныс алу тоқтап қалу немесе жүрек талмасына анықтама беру және себебін атау.
Естен тануды анықтау.
Ессіз жатқан адамның тыныс алуын тексеру.
Жүрекке жанама массаж жасау.
Жасанды демалдыру.
а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу;
ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу;
в) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу;
г) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу; д) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.
«Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету» тақырыбына видео көріп практиқалық жұмысты орындау.
Үйге тапсырма.
1.Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығы. Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.тақырыбын оқып келу. Оқушыларды бағалау . Сабаққа қатысыуына қарап оқушыларды бағалау және журналға баға кою Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.
Мақсаты: Теориялық білімді практикада қолдана біліп, жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу. Тыныс алу тоқтап қалған кезде көрсетілетін шараларды дұрыс меңгеру және  өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация).
Құрал жабдықтар: адам кеудесінің муляжы, ауа үрлеуге қажет дәке, орамал, «ауа үрлегіш».
Жұмыс барысы:
Тыныс алу тоқтап қалу немесе жүрек талмасына анықтама беру және себебін атау.
Естен тануды анықтау.
Ессіз жатқан адамның тыныс алуын тексеру.
Жүрекке жанама массаж жасау.
Жасанды демалдыру.
Қорытынды жазу.
1.Реанимация, латын сөзі, тірілу\оживление\ түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабіллеті бұзылған немесе тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алу тоқтаған , қан айналысы бұзылған жағдайда дереу қолданылады.
Адам ауыр жарақаттанып, есін жоғалтқан кеде, клиникалық қаза жағдайында түсетін болса, онда оған дереу қолдан демалдырып, жүрегіне жанама массаж жасау керек.
2.Ессіз жатқан адамға мейлінше жақындап иық тұсыннан ұыстап жағдайын сұрау, яғни «сізде бәрі дұрыспа?». Егер адам жауап бермесе ол есінен танып жатыр.
3. Біз адамның тыныс алуын құлағымызбен естіп, бет терімізбен сезіп және кеуденің қозғалуынан көре аламыз. Ессіз жатқын адамның тыныс алу жолдарын ашу. Сол қолымызбен адамның басын шалқайтып оң қолымызбен иек тұсыннан ұстап көтеру және басымызды ессіз жатқан адамның мұрын тұсына жақындатып тыныс алуын анықтаймыз.Бізде анықтауға 10 сект ғана бар. Егер тыныс алу жоқ болса тез арада айналадағы адамдардан көмек сұрап жедел жәрдем шақыруын өтіну.
4.Жарақаттанған адамның кенеттен жүрегі тоқтап қалса , жүрекке жанама массаж жасайды. Ол үшін адамды жауырынына жатқызып , екі қолын бірінің үстіне бірін қойып кеуденің төменгі жағыннан \бірақ бауырын баспайтындай\ бір қалыпты ырғақпен қатты – қатты минутына 50-60 рет басады, әр басқан сайын екінші адам қолын көтеріп өкпесіне ауа баратын жағдай жасайды. Басу тереңдігі 3- 4 см болады.
5.Жасанды демалдырудың бір түрі «ауыздан – ауызға» әдісі кеңініе тараған. Бұл әдісті қолданғанда трубка арқылы талып жатқан кісінің ауызына үрлеп, демалуға көмектеседі. Ол үшін адамды шалқасынан жауырнына жатқызып, ауыз кең ашып, ішін салфеткамен тазалайды,содан кейін бір слой салфетка \немесе орамал\ аузына жауып, мұрынын қысып тұрып, өз ерніңді оның ерніне тыңыздап қойып, ауаны күшпен ауа айдау керек. Айдаған ауаның әсеріннен өкпесі көтеріліп, оның нерв жүйкелеріне әсер беріп, мидағы демалыс орталығын оятады. Минуттына 16-18 рет үрлегенде не тіршілік пайда болады немесе қаза болғаны байқалады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий