Кмж 5 класс аза тілі


Пән: қазақ тілі Мектеп:Кеңқияқ орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты –жөні: Смадиярова Саним
Сынып:5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Т/А5Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
О1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,анықтау.
Ж2 Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат,жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Тыңдалған мәтін бойынша мазмұнын айта алады.
Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Хат,хабарлама,жарнама,хабарландыру құрастырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша негізгі сұрақтарға жауап береді
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді.
Хат,жарнама,хабарландыруды жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімдеп жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріп,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіне отырып,анықтайды.
Хат,жарнама,хабарландырудың жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрлымын сақтап жазады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: стиль, дизайнер,костюм,подиум,пальто
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: сәнді киіну, мәнер,ерекшелік,сипат,сән әлемі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Стиль, стильдердің түрлері?
2. Сән сөзінің мағынасы?
3. Сен қандай үлгідегі киім кигенді ұнатасың?
Ойлау дағдылары Білу,түсіну,қолдану
Пәнаралық
байланыстар Тарих,технология
Алдыңғы оқу Адамдармен мәдениетті сөйлесе білу керек екенін білді.Өмірде телефонның қандай қажеттілігі бар екенін түсінді.
Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы 3мин.
2 мин.
Қызығушылықты ояту
«Кір қыстырғыш» әдісі бойынша әр түрлі стильдегі жуылып,ілініп тұрған суреттерде үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап береді және ілініп тұрған киімдердің қандай стиль екенін ажыратады.
Суреттер арқылы оқушылар сабақ тақырыбын ашады.
ҚБ бағдаршам арқылы
«Мозаика» әдісі.
Суреттер арқылы топқа бөлінеді.
1 –топ Классикалық стиль
2-топСпорттық стиль
3-топРомантикалық стиль
4-топФольклорлық стиль (этникалық) Парақшалар

Ортасы 15мин.
3 мин.
7мин.
Соңы 7мин.

«Біреуі –үйде,үшеуі- қонақта» әдісі. Мәтінді оқыңыздар.Басқа топтарға барып түсіндіріңіздер,түсінген мәліметтеріңізді топта талқылаңыздар.
Сән (лат.stilus) дегеніміз – мәнер,сипат, ерекшелік сонымен қатар сол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты,анық ерекшеленген дәуір тілі.Киімде бірнеше классикалық.спорттық,романтикалық және фольклорлық стильдер болады. Классикалық стильге (қатал,іскер,сәнді киіну) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет,костюм,ағылшын пальтосы кіреді. Ал әйелдердің классикалық киімдеріне – жеңді көйлек жекетімен, белдемше кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеғеге міндеттелмейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде.Әйелдер киімінің құрамына ерлер костюмі,жейдесі,шалбары түпкілікті енді.
Іскерлік стиль:
Қимылға кедергі келтірмейді,ыңғайлы;
Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары саналы;
Түстері қатты ашық емес және нәзік,тынық;
Аксессуарлар мен әшекейлері ұстамды
Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.
Спорттық стиль – демалыста,спортпен айналысқанда , саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.Спорттық киімдер ассортименттері – күртеше,жейде, әр түрлі ұзындықтағы және әр түрлі әрленген белдемшелер,комбинезондар, джинсы киімдері.Бұл стильдегі киімдер түйме, батырма,сыдырма түймелердің, сондай – ақ әрлеу тігіндерінің, бөлшектердің дәл және тартымды орналасуымен ерекшеленеді.
Романтикалық стильде - әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушілер, шілтерлер, банттар, желбіршектер жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық ) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою – өрнектер кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері, жоғары технологиялық әдістер кеңінен пайдалынады. Фольклорлық стильді көбіне кантри стиль деп атайды.
ҚБ «Бес сұрақ,бес жауап» әдісі. Әр оқушы бір сұрақ қойып,басқа параққа жауабын жазып, басқа топқа сәйкестендіруге беріңіздер.
Деңгейлік тапсырмалар:
1 Танымал сәнгерге хат жаз.
2 Белгілі бір брендке жарнама құрастыр.
3 Біздің өмірімізде сәннің ролі қандай? Эссе жаз.
ҚБ Бас бармақ арқылы
Тапсырма: РАФТ стратегиясы бойынша
Р – жазушы немесе оқушы
А – оқушы немесе класс
Ф – эссе
Т – менің сүйікті стилім
ҚБ

Парақшалар,маркер,
А3форматы
5мин. «Тв шоу» әдісі. Танымал сәнгермен сұхбат жүргізіңіздер.

ҚБ Үш шапалақ арқылы Микрафон
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар үшін
деңгейлік тапсырмалар берілді. Жеке жұмыс.
Топтарға тапсырма берілді.
Бағалау – оқушы білімін қалай тексересіз?
Қалыптастырушы бағалаулар арқылы. Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі).
АКТ- интерактивтік тақта.
Кері байланыс 3мин «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Бүгін мен ....... білдім. Мен үшін ....... қызықты болды.Мен үшін ....... қиын болды. Сабақта ....... тапсырманы орындадым. Рефлексия
Бүгінгі сабақты қандай көңіл күйде өткіздің? Смайликтер арқылы көрсет.

Қорытынды бағалау
Критерий
1.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
2.Мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ақпаратты анықтайды.
3.Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат,жарнама, хабарландыруды құрастырып жазады.
Дескриптор
1Мәтін мазмұнын түсінді.
2 Мәтіндегі айтылған ойды анықтады.
3 Мәтіндегі негізгі сүрақтарға жауап берді.
Мәтіндегі ақпаратты ажыратты.
1 Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті толық көрсетті.
2Хат,жарнама,хабарландыру жанрының құрлымын сақтап жазды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий