Нрсені негізгі екі крінісі бойынша оны шінші негізгі крінісін салу.


Сабақ: №42
Сабақтың тақырыбы:
Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Тетікбөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші
негізгі көрінісін тауып салуға, сызбада көріністерді
орналастыруға үйрету.

ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой
қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін
тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
2802890205041500 Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу - сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Осындай есептер оқушылардың кеңістікті елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл есепті оқушы шығара алатын болуы тиіс. Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп, түсініп алуымыз керек. Басқаша айтқанда, сызбаны оқи білу керек. Сызбаны оқудың екі әдісі бар. Бұлардың біреуі - талдау әдісі де, екіншісі - толықтыру әдісі. Бұл әдістердің екеуі де геометриялық қарапайым денелердің проекциялары қалай кескінделетінін білуге негізделген. Талдау әдісі. Бұл әдісті қолданғанда берілген күрделі нәрсені өзімізге белгілі қарапайым геометриялық денелерге ажыратамыз. Қарапайым геометриялық денелерге призманы, пирамиданы, конусты, цилиндрді және шарды жатқызамыз. Осы аталған геометриялық денелердің кескіндеріне тән сипаттық белгілерді есте сақтау керек. 1-мысал. 110, а-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністері берілген нәрсені талдап, оның сол жақ көрінісін салу керек. Берілген нәрсені параллелепипедке және үшбұрышты призмаға ажыратуға болады. Тұтас нәрсенің және оның бөліктерінің аксонометриялары 110, ә-суретте келтірілген. Призманы параллелепипедке бір жағымен тақап қояды. Призманың келесі жағы параллелепипедтің сәйкес жағымен бір жазықтықта жатыр. Енді профиль проекцияның - сол жақ көріністің екіге бөлінген тіктөртбұрыш болатынын түсіну қиын емес (110, б-сурет).
-381064770002183765570992000 2-мысал. 111, а-суретте кескінделген күрделі геометриялық дененің сол жақ көрінісін салу керек. Тапсырманы орындау үшін сызбаны оқып, күрделі денеге талдау жасайды. Алдымен оны өзімізге белгілі геометриялық денелерге ажыратамыз. Дененің алдынан қарағандағы көрінісінде төрт горизонталь сызық бар. Олар нәрсені үшке бөледі. Жоғарғы екі горизонталь сызықтың аралығындағы бөлігі (1) қиық конус екеніне, ортаңғы бөлігі (2) алтыбұрышты дұрыс призма екеніне көз жеткізу қиын емес (111, ә-сурет). Ал төменгі бөлігі екі жарты цилиндрден (3) және (5), параллелепипедтен (4) тұрады. Бұл аталған қарапайым геометриялық денелердің проекцияларын салу өткен тақырыпта (§21) қарастырылды. Берілген күрделі дененің сол жақ көрінісі оны құрайтын қарапайым денелердің сол жақ көріністерінен тұрады. Алдымен астыңғы бөлігінің сол жақ көрінісін салуға болады. Біз жарты цилиндрді (3) көреміз, ал параллелепипед (4) және жарты цилиндр (5), оның тасасында тұрғандықтан, көрінбейді. Аталған бөліктер (3, 4 және 5) профиль проекциялар жазықтығына олардың алдынан қарағандағы көрінісінің деңгейінде орналасқан тіктөртбұрышқа проекцияланады. Бұл тіктөртбұрыштың биіктігі алдыңғы көріністен, ені үстіңгі көріністен алынады. Сол жақтан қарағанда призманың үш жағы көрінеді. Бұл үш жақтың ортаңғысы деңгейлік фигура болғандықтан, бұрмаланбай натурал шамасын сақтап проекцияланады. Қалған екі жағы профиль проекциялар жазықтығына 60°-қа тең бұрыш жасап көлбейді. Сондықтан проекцияда бұл екі жақтың ені ортаңғы жақ енінің жартысына тең болады. Қиық конустың сол жақ көрінісі оның фронталь проекциясына тең трапеция болады. Сол жақ көріністі тұрғызуды оның симметрия осін салудан бастау керек.
3-мысал. 112, а-суретте бас және үстіңгі көріністері берілген тетікбөлшектің сол жақ көрінісін салу керек. Тапсырманы орындау үшін берілген көріністерге зер салып қарайық. Нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп көрейік. Бұл жағдайда бізге өзімізге белгілі үшбұрышты призма мен цилиндрден тұратын тетікбөлшек беріліп отыр. Цилиндрдің де, үшбұрышты призманың да ойықтары бар (112, ә-сурет). 92-суреттегі призманы оның табанына параллель жазықтықпен ортасынан қиып, жоғарғы бөлігін алып тастайық. Енді призманың қалған бөлігін 112, ә-суреттегі ойығы бар призмамен салыстырып, олардың бірдей фигуралар екендерін көреміз. Енді берілген тетікбөлшектің сол жақ көрінісін салу оңай (112, б-сурет). Цилиндрдің сол жақ көрінісі вертикаль оське қарағанда симметриялы фигура екеніне, ал призманың сол жақ көрінісінде симметрияның жоқтығына көңіл аударған дұрыс.
Үйге тапсырма беру: Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салуға бірнеше жаттығулар орында.

Приложенные файлы


Добавить комментарий