Саба жоспары осындыны сана блу


Математика Уақыты:5.12.2017 Мұғалім:Қаршығаева Меңсұлу
Сабақтың атауы Санды көбейтіндіге бөлу
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор
Сабақтың жабдығы Сызба, слайд ,қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, дидактикалық материалдар, логикалық есептер, аққаланың қиындылары
Жалпымақсаттар
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша білім қалыптастыру;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру;
Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа , өздігінен жұмыс істеуге, мақсатына жетуге ұмтылдыру, Отан сүйгіштікке , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, жеке жұмыс, талдау-жинақтау, топтық жұмыс
Оқыту  нәтижесі Негізгі идеясы Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту
Пән аралық байланыс Бейнелеу өнері, дүниетану, әдебиеттік оқу
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
І топ: үшбұрыш – треугольник- triangle ( триэнжл)
ІІ топ: тіктөртбұрыш- прямоугольник - rectangle ( ректаңгл)
ІІІ топ: шаршы- квадрат- sguare ( сквея)
ІV топ: шеңбер- круг- circlt ( сөкл)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Психологиялық дайындық
Сабақтың ережелерін еске салу.1-ереже. Сабақтабір-біріміздітыңдаймыз!
2-ереже. Біреудіңайтқанынқайталамаймыз!
3-ереже.Сабақтабір-біріміздісыйлаймыз!
4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
5-ереже. Уақытты тиімді пайдаланамыз.
Бағалау парақшасымен таныстыру Топ басшысын сайлау .Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау 8,9 есеп.120 бет
Ой қозғау
Оқушыларға қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының компоненттерін қайталату.
Қосу амалының компоненттері
Азайту амалының компоненттері
Көбейтуамалының компоненттері
Бөлу амалының компоненттері
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?
Көбейтудің терімділік қасиеті деген не?
1. Көбейтудің ауыстырымдылық заңы: а* в = в* а
2. Көбейтудің терімділік заңы: а* в*с = а* (в *с)
3. Көбейтудің үлестірімділік заңы: (а+с) *в= а в + с в
Жаңа сабақ -Бір жылда неше ай бар? -12 ай
- Сол айлар неше мезгілге бөлінеді?-4 мезгіл
- Әр мезгілде неше ай бар? – 3 ай
- 12:( 4*3)= 1 ай
1-ші тәсіл: 12:( 4*3)=12:12= 1
2-ші тәсіл:12:( 4*3)=(12:4):3=1
3-ші тәсіл: 12:( 4*3)=(12:3):4=1
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы №2 тапсырманы топтарға бөліп орындату.
1-топ:
18:( 3*2)=3(18:3):2=3
42: (2*7)=3(42:2):7=3
2-топ:
36:(3*6)=2(36:3):6=2
24: (3*4)=2(24:3):4=2
3-топ:
32: (8*2)=2(32:8):2=2
48: (8*3)=2(48:8):3=2
4-топ:
45: (5*3) =3 (45:5):3=3
48: (8*6)=1 (48:8):6=1
Тақтамен жұмыс №4 тапсырма. Тиімді тәсілмен есептеп тап
90: (5*3)=(90:3):5=30:5=6
160: (8*5)=(160:8):5=20:5=4
98: (2*7)=(98:2):7=49:7=7
81: (27*3)=(81:3):27=27:27=1
400:(10*8)=(400:10):8=40:8=5
Сергіту сәті Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/ Ой толғаныс -1 ғасырда неше жыл бар?
-100 жыл.
Яғни 21 ғасырда неше жыл?
2000 жыл.
21 ғасырдың 2017 жылы Тәуелсіздігімізді неше жыл болады?
Қай жылы тәуелсіздігімізді алдық?
1991 жылыОсы 21- деген санға байланысты ана тілінің өтілген  тақпақ, өлең шумағын еске түсіріп, кім оқып береді.
-Желтоқсан құрбандары кімдер?
(Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатайұлын) еске алу.
Уақыт жылдам өтеді. Жылдар, ғасырлар өтсе де біз ерлер есімін естен шығармаймыз.
Уақыт деген сөзді ести отырып осыған байланысты есеп шығарамыз.
Жылдамдықты, уақытты,  қашықтықты табу.
№6 есеп:
S=432 км
t =9 cағ
V=? км/сағ
t =6сағ – v - ?
Ш: S :t=432:9 48=48км/сағ
V=S: t= 432:6 =72км/сағ
72-48 = 24 км/сағ
Ж: 24 км/сағ арттыру керек Шығармашылыққа тапсырма Топтық жұмыс
1-топ:
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: бір ғана мотоцикл
2-топ:
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
3-топ:
Шаршының қабырғасын 3 есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?
Жауабы: 9 есе
4-топ:
Тігін фабрикасында әр пальтоға 5 түймеден қадайды. Бір күнде10 пальто тігеді. 250 түйме неше күнге жетеді?
Жауабы: 5 күнге жетеді.
Өзіндік жұмыс №7 есеп
І бөліктен- 28 қап
ІІ бөліктен – 23 қап 250 кг кем
Әр бөліктен-? кг картоп
Ш. 28-23 = 5 250:5 =50
28*50 =1400 23*50= 1150
Ж: 1400кг, 1150 кг картоп
№8 есеп
Топпен жұмыс . Қалдықпен бөлу
Тақтамен жұмыс №9 есеп. Теңдеуді шешу
Шығармашылық жұмыс Таяқшалардан мына сияқты фигура құрастыр да, 3 таяқшаны алып қой, сонда 7 шаршы қалатын болсын.
Қорытынды №3 есеп
Математикалық жекпе-жек. Ойымды жалғастыр ойыны
(Бұл кезде топ басшылары сандармен берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтады.)
7 жұрттың тілін біл,...      (7 түрлі білім біл)
Білікті бірді жығар,...       (білімді мыңды жығар)
Екі жақсы қас болмас,...   (екі жаман дос болмас)
100 теңгең болғанша,...     (100 досыңболсын)
30 тістен шыққан сөз,...     (30 тілгетарайды)
Білгенің бір тоғыз,...          (білмегенің 99)
1 кісі қазған құдықтан,...   (100 кісі су ішеді) 
Үй тапсырмасы №8,9 есептің қалғаны  Бағалау Бағалау парақшасы бойынша толықтыра отырып бағалау Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс -Сабақ ұнады ма?
-Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма?
-Қандай ұсынысың бар?

Оқушылар стикерге жазып, білім ағашына жапсырады

Приложенные файлы


Добавить комментарий