S-элементтерге жалпы сипаттама.Сілтілік металдар. Оларды табии осылыстары.


Пәні: Химия
Пән мұғалімі:Байзақова Аққуайым Рауанқызы
Топ: НО-03,ФиС-03
Сабақтың тақырыбы: s-элементтерге жалпы сипаттама.Сілтілік металдар. Олардың табиғи қосылыстары.
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушылардың s – элементтер туралы түсінігін атом құрлысы тұрғысынан тереңдете отырып, сілтілік металдардың атом құрылысын, физик – химиялық қасиеттерін меңгерту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке тәрбиелеу, өз бетінше
ойлауға дағдыландыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Элементтің қасиеттерінің атом құрлысына тәуелділігі түсінігін дамыту. Білімалушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі,сұрақ – жауап, периодттық жүйе ,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд-презентация, стикерлер,қима қағаздар,тілек ағашы, жүрек өрнектелген қағаз.
Сабақтың барысы: (3 минут ) І. Ұйымдастыру кезеңі.1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
3.Сабаққа назарларын аудару. Ашық сабақ екенін хабарлау.
4.Студенттерді топқа бөлу
Үй тапсырмасы тексеру: (10 минут )
«Миға шабуыл». (0-5 ұпай )
Металдар және олардың физикалық қасиеттері бойынша жабық сұрақтардан құралған тест сұрақтары: (5 минут )
1. ПЖ-дағы металдар саны – (88 астам металл)
2. Электрөткізгіштігі жоғары металл – (күміс және мыс)
3. Ең жеңіл металл – (Литий)
4. Адам алақанының қызуында балқитын металл- Цезий
5. Ең қиын балқитын металл- (вольфрам, оның балқу температурасы 3390 градус)
6. Ең ауыр металл – (осмий)
7. Ең қатты металл – (хром)
8. Иілгіштігі жоғары металл – (Au, Ag, Cu, Sn, Pb, Zn, Fe)
9. №13 металдың электрон қабатының саны – (2,8,3 қабат саны 3)
10. Организмдердің тірішілігіндегі маңызды элементтер –( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BA" \o "Көміртек" көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, калций және т.б.)
«Кім жылдам» (0-5 ұпай ) (5 минут )
2. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай? Жауабы: 6,4 г Сu
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (34 минут )
1. s – элементтер химиялық элементтердің периодтық жүйесінің қай топтарында орналасқан? І және ІІ топтардың негізгі топшалары.
2. s – элементтер неліктен s – элементтер деп аталған? Себебі бұл элементтердің сыртқы қабатында s электрондар орналасқан. Олардың пішіні шар тәрізді болады.
3. Оларды қалай атайды? Сілтілік металдар І топта орналасқан және сілтілік жер металдары ІІ топта орналасқан.
4. Топ бойынша олардың иондану энергиясы артады, демек олар электронды оңай беріп жібереді.Иондану энергиясы электртерістілікке кері түсінік. Ме(қ) →Ме(г) металл кристалынан атомға бөліну үшін кететін энергия атомдану энергиясы деп аталады.
Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған.
Натрий мен калийді таза күйінде ХІХ ғасырда ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигі Р.Бунзен алған. №87 радиоак- тивті франций элементін француз ғалымы М.Пере 1938 жылы анықтап өз отанының құрметіне атаған. 1955 жылы осы элементтің аз мөлшері жасанды жолмен алынған.Табиғатта кең таралған натрий -6, калий -7 орында , ал литий,рубидий және цезий сирек кездесетін элементтер қатарына жатады. Франций жер қыртысына таралмаған.
Физикалық қасиеттері: Сілтілік металдардың металдық кристалл торлары кубтық көлемді орталықтанған сондықтанда олар жеңіл, өте майысқақ болып келеді. Олардың барлығы күмістей ақ түсті, жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Топ бойынша балқу температурасы кемиді.
Сілтілік металдардың кейбір қасиеттеріАтомдықномеріАтауы,
таңбасыАтом
радиусы,
нмИондықрадиусы,
нмИондалуПотенциалы,
эВ Электртерістіліктеріp,
г/см³ tбулану,
°C tқайнау,
°C
3 Литий Li0,152 0,078 5,32 0,98 0,53 181 1347
11 Натрий Na0,190 0,098 5,14 0,93 0,97 98 883
19 Калий K 0,227 0,133 4,34 0,82 0,86 64 774
37 Рубидий Rb0,248 0,149 4,18 0,82 1,53 39 688
55 Цезий Cs0,265 0,165 3,89 0,79 1,87 28 678
Атом құрылысы Na - үшінші периодта, бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан. 2311Na ядросында 11 протон бар, яғни ядро заряды +11, электрондарының жалпы саны да 11, нейтрондарының саны 12-ге тең. Натрий атомының электрондық формуласы; ls22s22p63s1, валенттілік электроны - 3s1. Натрий үнемі I валентті, тотығу дәрежесі 0, +1.
Химиялық қасиеттері: Сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыштар. Литийден цезийге қарай тотықсыздандырғыштық белсенділігі артады. Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен , сумен және қышқылдармен әрекеттеседі.
Мысалы: 1.6Li+N2 t0 2Li3N
2.2Na+2HOH=2NaOH+H2
3.2K+2HCI = KCI + H2 
Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі. Оларды керосиннің астында немесе жақсы еритін болғандықтан сұйық сынапта сақтайды. Сынаппен амальгама деп аталатын құймалар түзеді. Сілтілік металл иондары жалынның түсін өзгертеді. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий — кармин қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске өзгереді.
Маңызды қосылыстары: NaOH- сілті, химия өнеркәсібінің маңызды қосылысы, сабын, қағаз, бояу, дәрі алу үшін және тұрмыста NaCI – ас тұзы, консервілеуде және химия өнеркәсібінде натрий, хлор, сода алу үшін, Na2SO4— шыны, сода, медицинада қолданылатын глаубер тұзын алу үшін, Na2CO3 – кальцинирленген сода, тері, формацевтика өнеркәсібі, дәрі алуда, NaNO3— тыңайтқыш ретінде, NaHCO3 – ас содасы, медицина, кондитерде қолданылады. KNO3— азоты, калийі бар тыңайтқыш, KCIO3 – бертолле тұзы, химия өнекәсібінде, сіріңке жасауда, КМnO4-марганцовка, дәрі ретінде, зертханада оттегін алу үшін, К2СО3— ағаш күлінде болады, тыңайтқыш ретінде қолданылады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту: (10 минут )
1 – тапсырма:
“Сәйкесін тап” (0-16 ұпай )
1. Mg сілтілік металл
Na сілтілік жер металы
AI сілтілік металл
Li ІІІ топтың металы
2. Cs 5s2
Fr 6s1
Ca 4s2
Sr 7s1
3.
K сирек кездеседі
Rb табиғатта жоқ
Li кең таралған
Fr сирек кездеседі
4.
Na қызыл түске
K сары түске
Li қоңыр-қызыл түске
Rb күлгін түске
Сергіту сәті: Жүрек сыйлап бір-біріне тілек айтады. (5 минут)
2 – тапсырма “Сөйлемді аяқта!” (10 минут)
(0-5 ұпай )
1. Сілтілік металдар табиғатта ...
2. Сілтілік металдардың кристалл торлары...
3. Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері...
4.Топ бойынша сілтілік металдардың белсенділігі...
5.Сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыштар ,
себебі ...
6.Сілтілік металдар аталу себебі...
7.Сілтілік металдарды белсенді болғандықтан ...
8.Осы металл иондары...
9. Сілтілік металдарды қышқыл ерітіндісімен
әрекеттестіруге...
10.Сілтілік металдардың реттік номері артқанда...
Есептер шығарайық. (15 минут)
Үлгі: 1. Na→ Na2O→NaOH→NaSO4
2Na + O2 = Na2O
Na2O+H2O =2NaOH
NaOH+H2SO4= NaSO4+ H2O
2.Бер:
m(Ме)=4,6г
m (МеІ)= 30г
-------------------
Т.к. Ме-?
Жауабы:
2Мe + I2 = 2MeI
4,6 г ―30 г
Х ―х * 127
4,6 г*(х * 127) = х * 30 г
4,6 х + 584,2 = 30 х
584,2 = 30 х – 4,6 х
584,2 = 25,4 х
Х = 584,2 / 25,4
Х = 23
Д/ж: Аr(Na) = 23
Тапсырма:
1 – есеп.
Айналуды орындаңыздар:
Li → Li2O→ LiOH→ Li2SO4
Жауабы:
1)4Li + O2 = 2Li2O
2)Li2O + H2O = 2LiOH
3)2LiOH + H2SO4 = Li2SO4 + 2H2O
2 есеп
ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны?
Me + 2HCl = MeCl2 + H2
2 г ―1,12 л
Х ― 22,4 л
Х = 40 СаҚорытынды: Тілек ағашына өздерінің тілектерін,бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып жапсырады
Бағалау: (2 минут)
Үйге тапсырма: (1 минут)
Табиғи қосылыстар туралы дерек көздерін іздеу

Приложенные файлы


Добавить комментарий