«Оушыларды критериалды баалауды мселелері мен шешу жолдары»


«Оқушыларды критериалды бағалаудың мәселелері мен шешу жолдары» бойынша коучинг
ЖОСПАРЫ
№ Коучингтің тізбегі Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
1 Жалпы мақсаты Коучинг қатысушыларына «оқуды бағалау» (қалыптастырушы бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.2 Күтілетін нәтиже Коучинг қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу
3 Түйінді идеялар Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, тоқсандық бағалау
4 Материалдар және ресурстар компьютер, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, галстуктер, конверт, қағаз ақша, түрлі түсті қағаздар, қара жәшік, 3 қайшы, 3 желім, микрафондар
Коучингтің барысы
Коучингті өткізу кезеңдері Мерзімі Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері
Сәлемдесу 2 мин Коуч мұғалімдермен амандасады, ұйымдастырады.
Сергіту сәті 3 мин Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып мотивация кезеңін орындату. Басқа қатысушылар оны жалғастырады.
Шағын топқа бөлу 5 мин Коуч қатысушыларды 3 шағын топқа бөледі. Ол үшін стикерлерде жазылған әріптерден «бағалау» сөзін шығарады.
Топ ұстанымын құрғызып, коуч қатысушыларды жауапкершілікке шақыру. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі.
Жеке жұмыс 3 мин «Көбелек»суретін салу арқылы мұғалімдер өз армандарын бейнелейді.
Жұппен жұмыс
2 мин
Бір-бірінің жұмысын 5 баллдық жүйеде бағалайды Мұғалімдерге сұрақтар: Сізге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сізге қойылды... Неге? Сіз жаныңызда отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болдыма?
Презентациялар таныстырылымы 2 мин «Оқушыларды кретериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, тоқсандық бағалау» туралы түсінік беру.
Рефлексия
3 мин
Мұғалімдерге сұрақтар: Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады? Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтиды? Сіздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ма? Сіздің оқушыңыз әр тақырып сайын бағаланадыма?
Сергіту сәті: 2 мин 1,2,3,4,5 санын қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілінде кему ретімен санату.
Топтық жұмыс 10 мин 1-топ Сауат ашу пәнінен қалыптастырушы бағалау және дискрипторын құру
2-топ Жаратылыстану пәнінен жиынтық бағалау және дискрипторын құрастыру
3-топ Математика пәнінен тоқсандық бағалау және дискрипторын құрастыру
Бейнематериал таныстырылымы 2 мин «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» бейнематериал таныстырылымы
Рефлексия 3 мин Кретериалды бағалаудың тиімділігін талқылау
Қорытындылау 5 мин Коучингті талқылау, смайликтерге кері байланыс жаздыру. «Ыстық микрофон» әдісі

Приложенные файлы


Добавить комментарий