Бейнелеу нері 2 сыныпа арналган


«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 11. І. 2017
Сабақтың тақырыбы: Графика «Суреттердегі сызықтардың түрлері және орналасуы Сабақтың мақсаты: графика өнерінің ерекшеліктерін, сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету. Сабақтың міндеті: 1. Білімділік: графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру. 2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтауын, ойлауын пәнге деген қызығушылығын дамыту.3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық және әсемдікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: оқулық және бүктеме суреттер Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,өз бетімен жұмыс Сабақтың жоспары:  1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Үй таспырмасын тексеру 3. Жаңа тақырыпты пысықтау 4.Өздік жұмыс 5. Жаңа сабақты бекіту 6. Сабақты қорытындылау 7. Оқушыларды бағалау 8. Үй тапсырмасы Жаңа сабақ: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу және оқушылар назарын сабаққа аудару 2.Үй тапсырмасын тексеру : Үйден Графика өнерінің ерекшеліктеріне сипатама беріп келу 3. Жаңа тақырыпты пысықтау: Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған.Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған. Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады.Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет – журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор.Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет. 4.Өздік жұмыс: 1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек. 2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек. 3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау. Арқылы оқушылар өздігінен жұмыс жасайды Оқушылардың салған суреттерін аралап жүріп тексеріп шығамын, көмек керек оқушыларға көмектесемін. 5.Жаңа сабақты бекіту: 1. Графика жасау техникаларына не жатады? 2. Графика қай елдің сөзінен шыққан? 3.Графиканың әсерлеуіш құралы? 4.Графикада кездесетін негізгі түстерді ата? деген сұрақтар қою арқылы сабағымызды бекітеміз 6.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақтың негізгі түйінін қорытындылайтын болсақ. Балалардың сурет салу деңгейі олардың суреттке деген қызығушылығы сабақ үстінде көрініп отырды. 7.Оқушыларды бағалау: Бүгінгі сабақта түгелдерің өте жақсы деңгейде қатысып отырдыңдар аздап кейбіреулеріңде сурет салу барысында кемшіліктер кезедесіп жатты. Енді келесі сабақта осындай қателіктерді жібермеуге тырысайық.
8.Үй тапсырмасы: Графикалық дизайн. Сурет композициясы мен мәтін мазмұнының өзара байланысы.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 18. І. 2017
Тақырып: Қылқалам және тущпен салынған суретМақсаты: Графика өнерінің түрлерімен таныс болу.Білімділік: Графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру.Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу. СлайдКөрнекілігі: Графика шығармаларының түрлері және салу құралдары.Жылы және суық түстер айырмашылығы плакаттағы суреттер.Пәнаралық байланыс: ТарихҚұрал – жабдықтар: Альбом, акварель краскасы, қарындаш, қылқалам, политра, тущь.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.2. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.3. Өткен сабақты қайталау4. Жаңа сабақты түсіндіру.5. Бекіту.6. Сурет салу.7. Қорытындылау, бағалау.8. Үйге тапсырма беру.Өткен сабақты қайталау1. Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?2. Кескіндеменің қандай шығармалары бар?3. Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? – деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау.Жаңа сабақГрафика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған. Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады. Кескіндеме сияқты графикаға да - портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т. б. жанрлар тән. Графмкамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл – түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет – журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор. Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады. Компьютерлік графика – графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.Сурет салуГрафикалық жұмыстарды орындау.Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.Қара тушты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әртүрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады.Грвюра туындылары кесу іс – әрекеттері арқылы жүргізіледі. Сондықтан кескішті мықтап игеру және онымен кез келген сызықтарды емін – еркін жүргізуді үйрену үшін бір қатар дайындық жаттығуларын жасау қажет. Тақтай (пластина) алу.1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.Сабақты қорытындылауЖаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.Сұрақтар қою1. Графика жасау техникаларына не жатады?2. Графика өнері дегеніміз не?3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?4. Қандай графика өнермен таныс болдық? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.Оқушыларға сурет салғызу36 - 38 беттерді оқу және осы беттердегі суреттерді альбом бетіне графика құралдары көмегімен салу.Бағалау.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 25. І. 2017
Сабақтың тақырыбы: Көмірмен сурет салуСабақтың мақсаты: Білімділік: Сауатты сурет салу, графика өнері туралы мағлұматтар беруДамытушылық: Назар аудару, байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамытуТәрбиелік: Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынас қалыптастыру.Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмысСабақтың көрнекілігі: Графика туралы суреттер. Оқушылар үшін: альбом, қарандаш, өшіргіш т. бСабақтың пәнаралық байланысы: дүниетануСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтауІІІ. Жаңа сабақГрафика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графика суреті орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Линогравюра – ақ және қара бояудан тұрады, бейне линолеумге салынады.Литография арнаулы әк тасқа салынады.Гравюра – ағашқа ойып салынады. Компьютерлік графикада бар. Графика бұл ақ және қара таңба. Графикада қолданылатын құралдар: тущь, сангина, көмір, карандаш, бор.Графика тәсілімен сурет салу үшін «Жайлау» тақырыбымызға көшейік. Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған. Жайлау — қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Ата - бабамыз ертеде жаз жайлауда, қыс қыстаққа көшіп отырған. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы, жусаны мен қырмызы, қызғалдағы, самғап ұшқан қарлығашы бізді өзіне баурап алады. Жайлауда атамыз бен апамыз, сонымен қатар біздерді нелер қарсы алады?төрт түлік деп нелерді айтамыз. Әрине, сиыр, жылқы, қой, түйені айтамыз.Төрт түлік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?Төрт түлікке арналған өлеңдер білеміз?Оқушылар бейнелеу өнерінде сурет салу төрт кезеңнен тұрады.1. Қағаз бетіне дұрыс орналастыру (компоновка)2. Тепе теңдік3. Жарық пен көлеңке4. Аяқталған жұмысСарамандық жұмыс:Енді, оқушылар сабақты жақсы түсініп болсақ, сурет салуға көшейік. Жайлау көрінісін графика әдісімен орындаймыз, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды. зСабақты қорытындылауСабақты қорытындылауда оқушылар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді, әрине бұл оқушының өз ойын сонымен қатар тіл байлықтарын дамыту мақсатында, тақырыпты дұрыс салғандарын сараптай отырып, оқушыларды бағалаймын.Үйге тапсырма: Графика әдісімен «Құмыра мен алма» бейнелеу.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 1. ІІ. 2017
Тақырыбы: Графикалық натюрмортСабақтың мақсаты:а)оқушыларға графикалық натюрморт салуға үйрету.Сурет салудың заңдылықтарын дұрыс орындауға баулу.ә)Көркем шығармада штрих түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, қолдарын жаттықтыру, шеберліктерін дамыту.б)Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Ұқыптылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.Түрі: аралас сабақӘдісі: топпен жұмыс, сұрақ- жауап, баяндау, ой- қозғауПән аралық байланыс: тарих, биология, әдебиетКөрнекілігі: плакаттар, сөзжұмбақ, жасырынбақ, иллюстрациялар, суретшілер туындылары.Күтілетін нәтиже• топтық жұмысқа бейімделуі.• оқушының пәнге қызығушылығын артыру.• бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.• шығармашылық қабілеті дамиды.• сыныпта үлгермеуші оқушылар саны азаяды.Сабақтың барысы:ɪ. Ұйымдастыру кезеңі.ɪɪ.Өткенді қайталау.ɪɪɪ.Жаңа сабақ.ɪᴠ.Өз орнын тап ойыны.ᴠ.Шаршыдан 5сөзді іздеп тап.ᴠɪ.Қорытындыɪ. Ұйымдастыру кезеңі.–Балалар,сендер бейнелеу өнері пәнін жақсы көресіңдерме? Сурет салғанды ұнатасыңдарма?-Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемдік ойлау қабілетін дамытып , қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер.- Бейнелеу өнері дегеніміз не?- Айналамызға өмір көріністерін жазықтыққа, әрі кеңістікке бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Орыс тілінде суретші өз шығармасын қарындаш, көмір не тушьпен салса “рисует” –“сурет салады ”дейді де, ал бояуларды пайдаланып салса, “пишет” - “жазады” дейді.композицияграфика дизайнкескіндеме мүсінсәндік қолданбалы өнернатюрморт анималист жанрмаринистік жанр портретпейзаж тұрмыстықсоғыс жанры тарихиɪɪ.Өткенді қайталау.Өткен сабақта түрлі түсті қарындаштармен пастельмен жұмыс жасаған болатынбыз.Оның бір ерекшелігі кескіндемеде, әрі графикада қолданады.Форманы негізінен сызықтармен және штрихтармен, контурмен береді, ал бұда түрлі түсті болса, графикада бір түсті сызықтармен штрихталады.ɪɪɪ. Жаңа сабақ.Графикалық натюрморт дегеніміз - ақ қағазға қара қарындашпен салынған жансыз заттар жиынтығы. Натюрморт қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі үш заттан құралса, ал төрт бес заттар құралса күрделі натюрморт деп аталады.Натюрморт алғаш рет 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болған.Натюрморт жанрымен айналысқан суретшілер Леонардо да Винчи, Ф. Снейдерс,В.Хедтлер натюрморттары ерекше орын алған.Қазақтың ұлттық тағамдарын бейнелеген белгілі суретші А.Ғалымбаева “Дастарқан”атты туындысы“Натюрморт ” француз сөзі, мағынасы“өлі табиғат” деген ұғымды білдіреді.Натюрмортты салу 4 кезеңнен тұрады.- Бірінші форматқа затты орналастыру, компановка- Екінші толық салынуы,құрылымын табу;- Үшінші штрихтау жолдарын көрсету, пішінін айқындау;- Төртінші реңдік қатынастарын ажырата отырып жұмысты аяқтау;Штрих көптеген қысқа сызықтардың жиынтығынан тұрады. Штрихтау заттың пішініне, формасына қарай береді.Затқа көлеңке, жарық бере отырып штрихтаймыз.ɪᴠ.Өз орнын тап ойыны.ᴠ.Шаршыдан бес сөзді іздеп тап.Э с г р а фн к и з ж иа т ю р и кт р о м в аь с и п о пт е р т р оᴠɪ.Қорытынды. "Топтастыру" жансыз заттар мен бұйымдарӨлі табиғат француз сөзі17 ғасыр ГолландияҮйге тапсырма, бағалау. Натюрмортты аяқтау, барлығы бағаланады.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Пәні: Бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 8. ІІ. 2017
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қимыл-қозғалысы. Анималистік жанрСабақтың білімділігі: 1. Қазақ күйлерінің шығу тарихымен оқушыларды таныстыру.2. Күйден алған әсерін қағазға түсіру.Дамытушылық: Оқушылардың сезіну және шығармашылық қабілетін дамытуТәрбиелілігі: Өз елінің тарихын және өнерін қастерлеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Керекті музыка: Қазақ күйлері «Боз інгеннің бүлкілі», Н. Тілендиев «Аққу» күйлері.Көрнекілік: Түйенің, аққудың бейнелену кезеңдері.Керекті құралдар: гуашь, қылқалам, палитра, альбом.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Үй тапсырмасын тексеру.3. Жаңа сабақ4. Бейнелеу жұмысы5. Сабақты қорытындылау1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін аудару.2. Үй тапсырмасын тексеру.3. Жаңа сабаққа кіріспе сұрақ: Кескіндеме жанрларын ата.Жанр өнер туындыларын бір - бірінен ажырататын ерекше белгілер.Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу (портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина), табиғатты бейнелеу (пейзаж ).«Боз інгеннің бүлкілі» күйі тыңдалады.Сұрақ: Қандай дыбысты естідіңдер? Күйдің шығу тарихымен таныстыру.«…алыстан еміс - еміс талмаусыраған інгеннің дауысы жеткен сияқты болды. Апыр-ай, құлағыма жаңылыс естілді ме, әйтпесе, сол боз інгеннің өзі ме? Інгеннің оралуынан үміт үзген ол, көзін уқалап - уқалап жіберіп, алысқа көз жүгірткен. Дауыс шыққан жақтан боз інгеннің бейнесі көлбеңдеген тәрізденді. Елес емес, тура соның өзі. Ботасын іздеп ыңыранған жануардың ащы дауысы екен құлағына естілген. Екі көзден жас парлап, сағынып келіп қосылды - ау, әйтеуір, ботасына.Ел жайлауға көшерде Сүгірде жүк артар малдан боз інген ғана болған. Ел болып «көшейік» дегенде, «Әй менің көшпей жүрген жерім емес қой, көше беріңдер» деген соң, бір - біріне қарамай, олар көшіп кетеді. Ал, көшер кезде «кедей болсаң көшіп бақ» демекші, жалғыз боз інгенге жүктері сыймайтын болады. Жарты жүгін інгенге артып, әйелі мен қыздарын жіберіп, өзі ботасын алып қалады. Содан бес күн өтті ме, он күн өтті ме, әйтеуір, тамағы таусылып, талмаусырап жатқанда, алыстан боз інгеннің ботасын іздеп келе жатқан дауысы естілген. Сонда Сүгір: «Апырай - ә, адам баласына қалай еміренсе, мына жануар да төліне сондай екен», — деп іштей толғанысқа түсіп, осы сәт есінен кетпей, бір отырғанда, «Боз інгеннің бүлкілі» деген күйін дүниеге әкеледі.Н. Тілендиевтің «Аққу күйі»тыңдалады. Сұрақ: Қандай дыбыстарды естідіңдер? Аққу туралы қандай аңызды немесе өлеңді білесіңдер.Мұғалім: Нұрғиса шығармашылығының негізгі бір қыры күйші композитор. «Аққу» күйі орындалғанда, бірде Нұрғисаның әкесі Тілендінікі де, енді бірде Нұрғисаның өзінікі деп екі есім аталады. Осылай жазылып та жүр. Енді ойланып көрейікші Нұрғисаның 5 - 6 жасында әкесі Тіленді дүние салады. Әкесінің орындаған «Аққу», «Терісқақпай», «Арман» күйлері Нұрғисаның құлағында қалады. Бүгінгі орындалып жүрген «Аққу» күйі сол әке сарынының жылдар өте жетілдірілген нұсқасы. «Аққу» күйінің жетілдіріле түскенінен Нұрғиса қолының табы білінеді. Олай болса «Аққу» күйінің авторларының атын жеке - жеке атамай Нұрғиса Тілендінің күйі «Аққу» деп екеуін де бірдей атаған дұрыс па дейміз «Аққу» күйі Қыз Жібек фильмінде орындалады. Түсіру кезінде аққулар қамыс арасынан шықпай қойған. Күй тартылғанда аққулар домбыраның дыбысын аққудың сұңқылы деп қабылдап, қамыс арасынан шыққан дейді.Осы «Аққу» күйінен үзінді тыңдап көрелік.4. Оқушыларды екі топқа бөлу.І топ. Түйені қалай бейнелейміз?1 слайд. « Түйені бейнелеу тәсілі» Композиция құрастыру.ІІ топ. Аққуды қалай бейнелейміз?2 слайд «Аққуды бейнелеу тәсілі»Аққулы композиция құрастыруТүйе мен аққуды бейнелеу жолдары көрсетіледі. Композицияны құрастыру әр оқушының өз қиялынан шығуы тиіс.Мысалы: түйенің тек басы, мойынын белгілеп, айналасын дала пейзажымен толықтыруға болады.Ұшып бара жатқан немесе ұшқалы жатырған аққуды бейнелеу. Композицияда қозғалыс болуы керек. Фон ретінде су бетін, қамыстарды алуға болады. Далалық пейзажда жылы түс, ал аққулы композицияда суық түс басым болуы керек5. Бұл жұмысқа екі баға қойылады:1. Композициялық шешім2. Түстер үйлесімділігіОқушылардың ұтымды шыққан композициясын бағалау және кемшіліктерге тоқталу.Үйге тапсырма бастапқы бояулармен жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың  ою-өрнектері
Жалпы мақсаты: Қазақтың  ою-өрнектерінің шығу тарихымен таныстыру,олардың қолданылу реті туралы білім беру. Әр оюдың өзіндік мән-мағынасын аша білуге дағдыландыру. Ортақ пікірге келуге баулу.Ою түрлерін бейнелеуге машықтандыру.
Әдіс-тәсілдер: Топтарға бөлу,ой қозғау,миға шабуыл,мәтінмен жұмыс,постер,кері байланыс, Тренинг «Өзімді сүйемін,өзгені сүйемін», «Аквариумдағы алтын балық», «Конверттегі сұрақ»
Кіріктірілген модульдер: АКТ,ООЖТ,СТОҮ,ОҮБОБ,ТДБО,ОБЖК.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады, топтасып жұмыс істейді, ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Негізгі дерек көздері: Интерактивті тақта, бейнекөрініс,флипчарт,маркер,күлегештер, «ВLOB»ағашы, суреттер, сандықша.
қ\с Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 5 мин 1.Психологиялық дайындық
а)Тренинг «Өзімді сүйемін,өзгені сүйемін»
   
Оқушылар сандықшадан өздеріне ұнаған оюларды  таңдап алады.
Алған оюлары бойынша топқа бөлінеді.
Стикерлерге өздеріне деген  ізгі-тілектерін жазып «орындалсын» деген ниетпен қоржынға салады.
2 8 мин 2.Үй тапсырмасын қайталау
а) Топтық жұмыс. «Қазақ кілемдері қалай тоқылады?» тақырыбы  бойынша тапсырмалар беріледі.
«Конверттегі сұрақ» әдісі
 
 
 
 
 
 
 
б) Бағалау
 
3.Үй тапсырмасын бекіту
«Аквариумдағы алтын балық»әдісі  
 
 
 
 
 
Әр топтан бір оқушы конверттен тапсырма  алып  топ мүшелерімен бірлесе отырып  талдайды, постер жасап, қорғайды.
1-топ.Тұскиіз
2-топ.Текемет
3-топ.Сырмақ
4-топ.Алаша
Бір-бірінің жауабын, постерлерін  бағалайды.
Ортаға бір оқушы шығады,басқа оқушылар оны қоршап шеңбер құрып отырып, оған үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.
3 6 мин 4.Ой қозғау
а) «Қазақтың ою-өрнектері» туралы    бейнежазба
көрсетіледі.
 
 
 
ә) Тақырыпты ашу.  
Бейнежазба бойынша ашық сұрақтар қойылады.
-Бейнежазбаның мазмұны бойынша не айта аласыңдар?
-Ою-өрнектер сипатына қарай қалай жасалады?
-Бейнежазба арқылы қандай ою-өрнек түрлерімен таныс болдыңдар?
-Бұл бейнежазбаға қандай тақырып қояр едің?
4 15 мин Мағынаны тану
а)Мақсатын хабарлау.
ә) «Қазақтың ою-өрнектері» мәтіні бөлімдер бойынша  топтарға бөлініп беріледі.
 
в)Сергіту сәті.
«Суреттер галлереясы»
Бағалау  
 
ә)Мәтінді мәнерлеп оқып, «Инсерт» әдісі бойынша талдау жасайды.
Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасап, қорғайды.
 
Оқушылар өздерінің ұнатқан ою-өрнектерін бейнелейді. Жұмыстарын аяқтаған соң әр топ мүшелері өзара сараптай келе,келісе  отырып  үздік суреттерін  тақтаға  іліп,сол жұмысты қорғайды .
 
 
б)Күлегештер арқылы  топтар бірін-бірі бағалайды.
5 6 мин Ой толғаныс
а) Кері байланыс
«Кезбе  тілші» әдісі
 
б) Бағалау  
Мәтіннің мазмұны бойынша талдау сұрақтары жүргізіледі.
 
б)Топтар  бірін-бірі бағалайды.
  5 мин Үйге тапсырма: Өз дастарқаныңа өрнек ойлап тап.Оның суретін жұмыс дәптеріңе сал.
    Рефлексия «Екі жұлдыз,бір тілек»
 
   
    Өзін-өзі бағалау «BLOB» ағашы арқылы өзін-өзі бағалау
 
Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнектері Жалпы мақсаты: Қазақтың ою-өрнектерінің шығу тарихымен таныстыру, олардың қолданылу реті туралы білім беру. Әр оюдың өзіндік мән-мағынасын аша білуге дағдыландыру. Ортақ пікірге келуге баулу. Ою түрлерін бейнелеуге машықтандыру. Әдіс-тәсілдер: Топтарға бөлу, ой қозғау, миға шабуыл, мәтінмен жұмыс, постер, кері байланыс, Тренинг «Өзімді сүйемін, өзгені сүйемін», «Аквариумдағы алтын балық», «Конверттегі сұрақ» Кіріктірілген модульдер: АКТ,ООЖТ,СТОҮ,ОҮБОБ,ТДБО,ОБЖК. Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады, топтасып жұмыс істейді, ынтымақтастық атмосфера қалыптасады. Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ Негізгі дерек көздері: Интерактивті тақта, бейнекөрініс, флипчарт, маркер, күлегештер, «ВLOB»ағашы,суреттер,сандықша. қ\с Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 1 5 мин 1.Психологиялық дайындық а)Тренинг «Өзімді сүйемін,өзгені сүйемін» Оқушылар сандықшадан өздеріне ұнаған оюларды таңдап алады. Алған оюлары бойынша топқа бөлінеді. Стикерлерге өздеріне деген ізгі-тілектерін жазып «орындалсын» деген ниетпен қоржынға салады. 2 8 мин 2.Үй тапсырмасын қайталау а) Топтық жұмыс. «Қазақ кілемдері қалай тоқылады?» тақырыбы бойынша тапсырмалар беріледі. «Конверттегі сұрақ» әдісі б) Бағалау 3.Үй тапсырмасын бекіту «Аквариумдағы алтын балық» әдісі Әр топтан бір оқушы конверттен тапсырма алып топ мүшелерімен бірлесе отырып талдайды, постер жасап, қорғайды. 1-топ.Тұскиіз 2-топ.Текемет 3-топ.Сырмақ 4-топ. Алаша Бір-бірінің жауабын, постерлерін бағалайды. Ортаға бір оқушы шығады, басқа оқушылар оны қоршап шеңбер құрып отырып, оған үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды. 3 6 мин 4.Ой қозғау а) «Қазақтың ою-өрнектері» туралы бейнежазба көрсетіледі. ә) Тақырыпты ашу. Бейнежазба бойынша ашық сұрақтар қойылады. -Бейнежазбаның мазмұны бойынша не айта аласыңдар? -Ою-өрнектер сипатына қарай қалай жасалады? -Бейнежазба арқылы қандай ою-өрнек түрлерімен таныс болдыңдар? -Бұл бейнежазбаға қандай тақырып қояр едің? 4 15 мин Мағынаны тану а)Мақсатын хабарлау. ә) «Қазақтың ою-өрнектері» мәтіні бөлімдер бойынша топтарға бөлініп беріледі. в)Сергіту сәті. «Суреттер галлереясы» Бағалау ә)Мәтінді мәнерлеп оқып, «Инсерт» әдісі бойынша талдау жасайды. Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасап, қорғайды. Оқушылар өздерінің ұнатқан ою-өрнектерін бейнелейді. Жұмыстарын аяқтаған соң әр топ мүшелері өзара сараптай келе, келісе отырып үздік суреттерін тақтаға іліп, сол жұмысты қорғайды . б)Күлегештер арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. 5 6 мин Ой толғаныс а) Кері байланыс «Кезбе тілші» әдісі б) Бағалау Мәтіннің мазмұны бойынша талдау сұрақтары жүргізіледі. б)Топтар бірін-бірі бағалайды. 5 мин Үйге тапсырма: Өз дастарқаныңа өрнек ойлап тап. Оның суретін жұмыс дәптеріңе сал. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» 
Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декорҰстаз болу-жүректің батырлығы,Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.Ұстаз болу-мінездің күн шуағы.Азбайтұғын адамның алтындығы.(Ғ.Қайырбеков)Методикалық нұсқауларЖаңа сабақтың тақырыбын түсіндірмелі иллюстративтік әдіс арқылы беріп ұлттық ою-өрнектерді таныстыру қажет.Проблемалық зерттеу әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіте отырып шығармашылық тапсырмалар орындатқан тиімді. Қазақ халқының эстетикалық көзқарастарымен таныстыру үшін түстік колоритке назар аударту.Ойлау қабілеттерін шығармашылық машығын дамыту жұмыстарына өздік жұмыс әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушылар өздігімен бояу түстерін қолдана отырып композиция құрайды. Сабақты әдебиет және тарих пәндерімен байланыстыра отырып оқушының білімін жүйелеп тілін дамытуға көмектеседі.Сабақтың мақсаты: Оқушы қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту.Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Әдісі: түсіндіру, көрсету, көрнекі бейнелеу, топтастыру.Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, информатика, сызу .Технология: Ж.Караевтің деңгейлік технологиясы.Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі 4 тобы бейнеленген көрнекілік плакаттар.Слайд (презентация)Альбом, қайшы, түсті қағаз, желім, картонІ. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгелдеу, жаңа сабаққа зейінін аудару.Құрал-жабдықтарын тексеруЖаңа сабақҚазақстанда ертеден келе жатқан ою-өрнек түрлері 350 ден асады. Олар жасалуына байланысты төрт топқа бөлінеді.ЗооморфтықӨсімдік өрнектеріКосмогониялықГеометриялық2. Қызығушылығын арттыру.Ою-өрнектің қолдану аясыБіздің елде ұлттық өрнектер барлық жерде кездеседі. Мысалға: Елтаңбада, Туда, киімдерде, қару-жарақта, ыдыс-аяқта, киіз үйде т.бӨзіндік жұмысОқушылар түсті қағазға ең қарапайым өрнекті Түсіріп, оюды үйренеді. Бүктеу әдісін меңгерту.Топпен жұмыс.Қағаз бетіне өрнек салып үйренуҚорытынды.жасалған жұмысты бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Көркем безендіру.Сабақтың мақсаты. Білімділігі: оқушыларға көркем безендіру жайлы түсінік беру, ыдыстың сыртын безендіруді үйрету.Дамытушылығы: бейнелеу өнері ережелерін ескерте отырып көркем безендіруде ою элементтерін қолдана білу қабілеттерің дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.Типі: жаңа материалды игерту.Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, үйрету.Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі- Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сұрақ - жауап арқылы өткен пысықтау.- Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?- Бейнелеу өнерінің қай түрі қазақ халқында ең дамыған?- Қазақ халқындағы СҚӨ туралы не білесің?- Ресей еліндегі ең танымалы қол өнер түрлерін айтып беріңдер?- Неден орыс халқының қол өнер атаулары пайда болады?(Хохлама, Городецк, Дымки, Гжель, Жостово)II Үй тапсырмасын сұрау.Қыс мерзіміне арналған пейзаж этюді – шығармашылық композициясы.III Өткен тақырыптарды қайталау.- Натюрморт дегеніміз не?(жансыз заттардың құралған көркем шығарма).- Пейзаж дегеніміз не?(табиғат көрінісін бейнелеу).- Батальдық жанр дегеніміз не?(соғыс тақырыбында салынған суреттер).- Анималистік жанр дегеніміз не?(жануарлар бейнесі салынған сурет).- Елтаңбадағы жұлдыз нені білдіреді?(Елтаңбамыздың дәл ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз жарық пен пәктіктің белгісі).- Графика қай елдің сөзі, мағынасы?(грек – жазамын, суретін саламын)- Кескіндеме дегеніміз не?(әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетіңде орындалған көркем шығарма).IV Жаңа сабақты түсіндіру.1. Кіріспе сөз: Сәндік қолданбалы өнер ішінде ыдыс бұйымдарды көркем безендіру қолданады. Ежелден қазақ халқында тарихта қалған мұражайларда белгілі бұйымдар бар. Өсімдік оюлармен тостаған, торсық, құмыралар безендірілген. Орыс халқында ағаш, қыш, фарфор ыдыстары неше түрлі оюлармен безендірулері танымал. (Иллюстративтік материалдарды талдау).2. Тарихи шолу: Цефар заводтың тарихта қалған өндіріс туралы әңгіме. Біз тұратын ауылымыздың 50 - 60 жылдық тарихы белгілі. Фарфор ыдыстары Кеңес Одағы елі көптеген шетел мемлекеттерге жіберетін(Чехия, Словакия, Германия, Польша және т. б.).Балалардың алдарына суреттер, иллюстративтік материалдар, үлгі ыдыс - бұйымдар байқауға қойылады.V Балаларға тапсырма беру.Алдарына берілген ыдыстың бір түріне(сүт құйғыш) көркем безендіру салу.1. Технологиялық карта бойынша безендіру элементтерімен қолдану кезеңдері (кесте).2. Балаларға берілген сүт құйғыштың силуэты арқылы эскиз жасау.3. Эскиз сурет бойынша сүт құйғыш ыдысын көркем безендіру.VI. Оқушылардың өз беттерінше шығармашылық жұмысы.Көркем безендіруді гуашь немесе акварель бояулармен қолданады.VII. Балалардың жұмыс нәтижелерін көрмеге шығару.Сабақты қорытындылау.VIII. Үй жұмысы.Баланың өз қалаған тұрмыстық бұйымына көркем безендіру(құмыра).Жұмыс орындарын жинап тазалау.
Сабақтың тақырыбы: «Киіз үйді бейнелеу»Сабақтың мақсаты: Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің түрлері және қазақтың шағын мұражайы атанған киіз үй жайлы толық түсінік беруМіндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсуДамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау, оқушылардың ой - өрісін, елестету қабілеттерін дамыту.Тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке, жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: а) Қазақтың ұлттық бұйымдары, киіз үй құрылысы мен жабдықтарының суреттері, үлгісі, слайдтар т. б.ә) Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтары.Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме, бейнелеу.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 мин оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын бақылау.Өткен сабақты еске түсіру (сұрақ - жауап)1. Өнер дегеніміз не?2. Қандай түрлерге бөлінеді?3. Зергер деп кімдерді айтамыз?, зергерлік бұйымдарды ата.Жаңа тақырыпты түсіндіру.Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән - маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы - бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз.Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін қабаттап киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.Киіз үйді Қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген. Киіз үй бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.Ал XII - XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш. Уәлиханов айтқан.Киіз үй – қазақ халқының шағын мұражайы деп те текке айтылмаса керек. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар және тағы басқа бұйымдардың барлығын осы киіз үйдің ішінен көруге болады.. Қазақ халқы «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұрпақтан - ұрпаққа ұштасып келеді.Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» - деген сауалға:Таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан,Апамның киізінен,Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген болатын. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, біздің ата - бабаларымыз өмір сүру үшін пайдаланған киіз үй жайлы толық мағлұмат алып, оны өзіміз бейнелеп үйренсек өздеріңнен де өнерлі адамдар шығады деп сенемін. Олай болса балалар экранға қарап киіз жайлы толық мағлұмат алайық, және киіз үйдің құрылысымен танысайық. Олар; Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықКиіз үйдің есігі – «Сықырлауық»Киіз үй есігінің құрылысы: 1 - маңдайша; 2 - босаға; 3 - сықырлауық; 4 - жақтау; 5 - табалдырық.Киіз үйді құрып болған соң, киізін жабады. Киіз үйдің жабуы 4 - түрлі киізден тұрады.Олар; туырлық - керегені жабады, үзік - уықтарды жабады, үзік киіздерден тұрады, түндік – шаңырақты жабады, киіз есік - сықырлауықтың үстіне жабылады. киіз үйдің сырты ою - өрнектермен әшекейленеді.Оқушылармен жұмыс.Ал енді балалар киіз үйдің сыртқы көрінісін қағаз бетіне сауатты бейнелеп үйренеміз. Киіз үйдің пішіні шеңбер тәріздес, төбесі күмбез тәріздес екеніне назар аударамыз.Ой қозғау: Жұмбақ шешуҚаз қанатын жайды,Үйрек мойнын созды,Төбесіне аққу қонды. (Қаз -?, Үйрек -?, Аққу -?)Сабақты қорытындылау.1. Киіз үйді кімдер пайдаланған?2. Киіз үйдің қасиеті қандай?3. Киіз үйдің қаңқасын ата?4. Киіз үйдің жабулары қалай аталған?5. Шаңырақ дегеніміз не?6. Шаңырақ мемлекеттік қай рәмізде бейнеленген?7. Киіз үйдің есігі қалай аталған?Оқушылардың бейнелеген жұмыстарын тексеріп талдау, жетістігі мен кемшілігіне тоқталу. Біткен жұмысты бағалау.Үйге тапсырма:«Наурыз» мерекесі жайлы сурет салу.
Сабақтың тақырыбы:Күз ғажайыптары. Жапырақты бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды
бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған
әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету. Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған жапырақтардың әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, күзгі көрініс шығармалары, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары,қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Міне, шебер суретші тәрізді табиғатты алуан түрлі түске бояп, күз де келіп жетті. Оқушыларға сұрақ қоямын:
- Пейзаж деген не, есіңе түсір.
Суретші В. Поленовтың мына күзгі пейзажы сені қандай күйге бөледі?
Күз бояулары жайлы айтып бер.
Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Ағаштағы жапырақтар қызыл, жасыл, сары шамдардай жарқырайды. Ал жерге төгілген жапырақтар түрлі түсті кілем төсегендей құлпырып тұрады. Сол кілемнің алуан түстеріне назар аударып, өзіңе ұнаған жапырақтарды қолыңа ал да, оларды салыстыр.
Сен жапырақтардың бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырағы екенін анықтауға болады.
Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағайдың жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.
Пейзаж деген не, есіңе түсір. Күз бояулары жайлы айтып бер. Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Сен жапырақтардын бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырагы екенін анықтауға болады. Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағанның жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай
орналасады. Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар – жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды.
Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады.
Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.
Сен жапырақтармен танысып, олардың қандай ағаштардан түскенін анықтадың. Оларды бейнелеудің негізгі тәсілдерімен таныстың. Осымен жапырақтармен танысуды аяқтауға да болады...
Егер сен жақсы суретші болғың келсе, онда өзіңнің бар өнеріңді, шабытың мен шеберлігіңді көрсет.
Әр түрлі материалдармен жапырақты қалай бейнелеуге болады. Жай ғана түрлі түсті қарындаштармен де жапырақтың суретін салуға болады. Ол үшін әр түрлі штрих сызықтарды қолданасың. Бұны бірінші сыныпта оқып-үйренген болатынсың. Тек жасқанбай кіріс, ол сенің қолыңнан келеді!
Жапырақтың суретін түрлі түсті акварель қарындаштармен де салуға болады. Негіз ретінде кез келген қоңырқай немесе қара түсті қағазды пайдалан.
Әшекейлеу (декорация) туралы білетініңді есіңе түсір, қара түске салған кезде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолдансаң, суретің әсерлі болады. Өткен жылы нені әшекейлегеніңді есіңе түсір.
Тушь, қаламұш, фломастер сияқты графикалық құралдарды пайдаланып, жапырақты ақ-қара түспен бейнелеуге болады. Ал егер әшекейлеуді қолдансаң, суретің әсерлі болып шығады.
Жапырақтың суретін салмай-ақ, оның әдемі көшірмесін алуға болады. Ол үшін жапырақтың астыңғы жағына түсті гуашь жағып, оны абайлап қағаз бетіне жапсыр да, үстінен ақырын бастыр. Сонда өте әдемі көшірме алынады. Содан кейін сыртқы жиек сызығын сызып, басқа бөліктерін толықтыруға болады.
Жапырақ бейнесіне ұқсаған түрлі түсті акварель дақтарынан көшірме алып әсерлі монотипия жасауға болады.
Ол үшін палитрада қажетті түстер гаммасын даярла. Әйнек немесе қағаз бетіне қылқаламмен түрлі түсті бояу дақтарын жақ. Дақтар жайылған кезде оның бетіне ақ қағаз парағын жапсыр. Бұдан алынған көркем көшірмелерді қосымша сызықтармен сәл ғана толықтыр, сонда жапырақтың тағы бір ерекше түрі пайда болады.
Жапырақты аппликация тәсілінде де бейнелеуге болады. Ол үшін саған түрлі түсті қағаз немесе ескі түрлі түсті журналдар қажет.
Апаңнан ескі шілтер немесе перденің қиындысын сұрап ал. Олардан қиып алып жасаған жапырақтарды бір түсті матаға жапсырғанда өте әдемі әрі нәзік болып көрінеді. Күзгі жапырақтардан бүтін біркомпозиция жасауға болады. Ол үшін кез келген өзіңе ұнаған тәсілді таңда.
Үйге тапсырма беру: Күзгі көріністерді бейнелеу. «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Күз ғажайыптары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған
әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға
үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, күзгі көрініс шығармалары, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары,қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Міне, шебер суретші тәрізді табиғатты алуан түрлі түске бояп, күз де келіп жетті. Оқушыларға сұрақ қоямын:
- Пейзаж деген не, есіңе түсір.
Суретші В. Поленовтың мына күзгі пейзажы сені қандай күйге бөледі?
Күз бояулары жайлы айтып бер.
Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Ағаштағы жапырақтар қызыл, жасыл, сары шамдардай жарқырайды. Ал жерге төгілген жапырақтар түрлі түсті кілем төсегендей құлпырып тұрады. Сол кілемнің алуан түстеріне назар аударып, өзіңе ұнаған жапырақтарды қолыңа ал да, оларды салыстыр.
Сен жапырақтардың бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырағы екенін анықтауға болады.
Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағайдың жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.

Пейзаж деген не, есіңе түсір. Күз бояулары жайлы айтып бер. Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
left000Сен жапырақтардын бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырагы екенін анықтауға болады. Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағанның жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.
Үйге тапсырма беру: Күзгі көріністерді бейнелеу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы: Жапырақты бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды
бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған
жапырақтардың әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне
түсіре алуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Күзгі жапырақтар, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар – жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды.
Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады.
left000Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.
Сен жапырақтармен танысып, олардың қандай ағаштардан түскенін анықтадың. Оларды бейнелеудің негізгі тәсілдерімен таныстың. Осымен жапырақтармен танысуды аяқтауға да болады...
Егер сен жақсы суретші болғың келсе, онда өзіңнің бар өнеріңді, шабытың мен шеберлігіңді көрсет.
Әр түрлі материалдармен жапырақты қалай бейнелеуге болады. Жай ғана түрлі түсті қарындаштармен де жапырақтың суретін салуға болады. Ол үшін әр түрлі штрих сызықтарды қолданасың. Бұны бірінші сыныпта оқып-үйренген болатынсың. Тек жасқанбай кіріс, ол сенің қолыңнан келеді!
left000Жапырақтың суретін түрлі түсті акварель қарындаштармен де салуға болады. Негіз ретінде кез келген қоңырқай немесе қара түсті қағазды пайдалан.
Әшекейлеу (декорация) туралы білетініңді есіңе түсір, қара түске салған кезде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолдансаң, суретің әсерлі болады. Өткен жылы нені әшекейлегеніңді есіңе түсір.
left000Тушь, қаламұш, фломастер сияқты графикалық құралдарды пайдаланып, жапырақты ақ-қара түспен бейнелеуге болады. Ал егер әшекейлеуді қолдансаң, суретің әсерлі болып шығады.
Жапырақтың суретін салмай-ақ, оның әдемі көшірмесін алуға болады. Ол үшін жапырақтың астыңғы жағына түсті гуашь жағып, оны абайлап қағаз бетіне жапсыр да, үстінен ақырын бастыр. Сонда өте әдемі көшірме алынады. Содан кейін сыртқы жиек сызығын сызып, басқа бөліктерін толықтыруға болады.
Жапырақ бейнесіне ұқсаған түрлі түсті акварель дақтарынан көшірме алып әсерлі монотипия жасауға болады.
Ол үшін палитрада қажетті түстер гаммасын даярла. Әйнек немесе қағаз бетіне қылқаламмен түрлі түсті бояу дақтарын жақ. Дақтар жайылған кезде оның бетіне ақ қағаз парағын жапсыр. Бұдан алынған көркем көшірмелерді қосымша сызықтармен сәл ғана толықтыр, сонда жапырақтың тағы бір ерекше түрі пайда болады.
Жапырақты аппликация тәсілінде де бейнелеуге болады. Ол үшін саған түрлі түсті қағаз немесе ескі түрлі түсті журналдар қажет.
Апаңнан ескі шілтер немесе перденің қиындысын сұрап ал. Олардан қиып алып жасаған жапырақтарды бір түсті матаға жапсырғанда өте әдемі әрі нәзік болып көрінеді. Күзгі жапырақтардан бүтін біркомпозиция жасауға болады. Ол үшін кез келген өзіңе ұнаған тәсілді таңда.
Үйге тапсырма бер: «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Кескіндеме.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы
қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Шығарманың бейнелеу өнерінің қай түріне жататындығын дұрыс анықтау үшін, осы шығармадағы басты әсерлегіш құрал не екендігін анықтап алу қажет. Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы түсіндіремін.
Кескіндеме.
Кескіндеме – бұл бейнелеу өнерінің түрі. Кескіндеме туындылары бояулармен салынды. Мұндағы басты әсерлегіш құрал түс болып табылады. Кескіндеменің тағы бір атауы – сұңғат.
Суретші-сұңғатшы жұмысында қолданылатын бояулар. Сұңғат шығармалары әр алуан бояулармен орындалады. Сұңғатшы көбінесе акварель, майлы бояу, гуашь және акрил бояуларымен жұмыс істейді.
Суретші акварельмен суре салған кезде оның шығармалары мөлдір, кең тынысты болып шығады.
Гуашь та акварель тәрізді сумен ерітіледі. Гуашьтың акварельден айырмашылығы, ол қою түсті бояу. Гуашьпен орындалған жұмыстардың бояуы қалың әрі масатыдай құлпырған әсер береді. Гуашь және акварель бояуымен жұмыс істегенді өздерің сияқты кішкентай суретшілер жақсы көреді.
Суретшілер картиналарды көбінесе майлы бояумен салады. Майлы бояудың гуашь пен акварельден бір айырмашылығы сумен емес арнайы еріткіштермен ерітіледі. Майлы бояуды кенепке жаққан кезде тығыз әрі қалың дақ қалдырады.
Суретшілердің туындыларынан бұл дақтардың ізін байқап, адамдарды, табиғатты бейнелеген кезде дақтарды қалай түсіргенін көре аласың.
Майлы бояулар XV ғасырда нидерландық ағайынды суретшілер Ван Эйктер жетілдіре бастаған кезден кеңінен тарай бастады. Олар құрғақ түрлі түсті ұнтақтарды әр түрлі өсімдік майларымен араластыра отырып, ең дұрысы ұнтақтарды жаңғақ немесе зығыр майымен араластыру деп тапты. Сонда бояулар берік болады және кепкен соң үгітіліп, түсіп қалмайды.
Ал пастель, құрғақ түрлі түсті борлар сол осал құрал түрінде қалды. Олармен салынған жұмыстардың түстері әдемі болады. Пастелььді көбелектің қанатымен салыстырады. Онымен орындалған жұмыстар өте нәзік келеді, сондықтан да оларға аса ұқыпты болу қажет.
Сонымен қатар майлы пастель пайда болды. Оның түсі айшықты және онымен жұмыс істеу жеңіл. Ол құрғақ пастель тәрізді үгітілмейді. Сондықтан да балалар өз суреттерін осы пастельмен салғанды ұнатады.
Ал ең алғашқы берік бояу – ол жұмыртқа темперасы. Мұнда бояу ұнтағы жұмыртқаның сары уызымен араластыр ыл ады.
Темпера бояулары сумен ерітіледі. Кепкеннен кейін олар өте берік болады. Ол акварель мен гуашь бояулары сияқты сумен шайылмайды. Темпера майлы бояудан да берік. Бұл бояу қанша уақыт өтсе де өңін бермейді, не жиырылып, жарылмайды.
Үйге тапсырма беру: Жарық пен көлеңке реңдерін ажырата отырып кескіндемелік сурет сал.
Сабақтың тақырыбы: Мүсін. Графика. Сәндік-қолданбалы өнер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі
түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
12827028448000
7791451143000
Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнерінің келесі түрі - графика. Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құралсызық, штрих, дақболып келсе, онда бұл - графика.
Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріптұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.
Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын-жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.
Гleft000рафика туындылары тек ақ-қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер - сызық, және штрих.
Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы - иллюстрация.
Д. Митрохин. Натюрморт
Гleft000рафика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндайжүмыстар гравюра деп аталады.
Мүсін бейнелеу өнерініңтүрі. Мүсіндегі бастыәсерлегіш құралдар пішінмен көлем. Мүсін туындыла-рын жан-жағынан қарап, зерттеуге болады. Сондықтанмүсінді бейнелеу өнерінің үшөлшемді түрі деп атайды.
Мүсін туындыларын сентек мұражайлардан ғанаемес, сонымен қатар қалакөшелерін аралаған кезде декөре аласың. Олар бақтармен алаңдарға көрік беріптұр. Қазақстандағы ең әйгілімүсіндерді білесің бе? ОларАлматыдағы Абай, Шоқан,Абылай хан ескерткіштеріжәне т.б. Осылардың ал-ғашқы екеуін әйгілі мүсін-ші Хакімжан Наурызбаевсомдаған. Жолың түсіп Ал-
маты-ІІ вокзалына бара қалсаң, сәйгүлік тұлпар-ға мінген қазақ ханы Абылайдың асқақ ескерткі-шін көруіңе болады.
left000Ұлы итальяндық суретші әрі мүсінші Микеланджело Буонарроти мүсіннің асқан шебері болған. Оның «Давид» мүсінінде алып жауызбен айқасуға дайын тұрған сымбатты, ержүрек жас жігіт бейнеленген.
Бleft000left000аяғы заманнан бері адамдар өз тұрмысына қажетті заттар: ыдыстар мен жиһаздар, еңбек құралдары. кару-жарақтар жасады, кілем тоқып, киім тікті. Әр адамның бойында суретшілік қасиет табылады. Сол қасиет адамға тек пайдалы әрі берік заттар жасап қана қоймай, олар әдемі, тартымды етіп жасауға ұмтылдырады. (бұйымдарды кестелеп, қашап, өрнектеп әшекелейді. Ертедегі адамдар желден, аптап ыстық пен суықтан қорғану үшін теріні құрастырып, жөрмеп қана қоймай, оны суреттермен, өрнектермен сәндеген.
Казақ халқының сәндік-қолданбалы бұйымдары бай ою-өрнектерімен, құлпырған айшықты бояу түстерімен белгілі. Қарашы, суретшінің сиқырлы қолдары мына қару-жарақты, домбыраны қалай тартымды етіп өрнектәшекейлегҮйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерінің туындыларын зерттеу.
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары. Пейзаж.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен оқушыларды жүйелі
түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат
сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстық. Міне, осыларға ортақ атау ол - жанр. Шығарманың жанрын анықтау үшін «Суретші өз шығармасында нені бейнеледі?» деген сүраққа жауап беру керек. Егер картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры ПЕЙЗАЖ деп аталады. Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі.Ол графика, кескіндеме, мүсін түрінде де бола алады. Оны бояумен, қарындашпен, аппликация, тәсілімен, тіпті жапсырып салуға болады.
Табиғат құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.
Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.
Жас ұрпақтарға:
Планетамыздың иесі – сендер.
- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаймын.
Ал, енді плэнэр дегеніміз не екендігіне тоқталайық. «Плэнэр» деген сөз француз тілінен алынған. Қазақша «ашық ауа» мағынасында. Толығырақ айтқанда, табиғатқа шығып құбылыстарды түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді.
Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.
Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген.
19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші.
Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады.
Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.
left000
Үйге тапсырма беру: Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Портрет.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен оқушыларды жүйелі
түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Адам тұлғасын бейнелеудегі әдіс-тәсілдерді
меңгерту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың барысы:
Егер суретте адам бейнеленсе, ол жанр ПОРТРЕТ деп аталады.
Қазақтың белгілі суретшісі Ү. Әжиев көптеген тамаша портреттердің авторы. Соның бірі - өздерің тамашалап отырған «Қазақ мадоннасы» туындысы. Туындыда суретші сәбиін алдына алып отырған ойүстіндегі әдемі ана бейнесін ашық бояу түстерімен бере білген. Суретші тындылары бояуларының таза қанықтылығымен ерекшеленеді.
left000left000Әлемдегі ең танымал әрі таңғажайып туынды «Жоконда» портреті. Оны салған итальяндық суретші Леонардо да Винчи. Жоконданы» Париждегі әйгілі Лувр музейінен тамашалауға болады.
Оқушыларға көрнекіліктерді көрсете отырып, адам денесінің әрбір жеке бөліктеріне – бас, аяқ-қолға тоқталып, олардың атқаратын қызметін де айтып өтемін. Сондай-ақ адамның бет-әлпетін бейнелеуге толық тоқталамын. Тақтаға бір оқушыны шығарып, адамныңбет-әлпетін, бастың төмен, жоғары, оңға, солға қарай бұрылуын, көрсету де пайдалы.
Адам бейнесін бейнелеу үшін көптеген жаттығулар, қарындаш арқылы сызу көп көмегін тигізеді. Адам тұлғасын портреттік бейнесін тақтаға сызып көрсетемін. Оқушылар оны қағаз бетінде орындайды. Содан кейін басты сопақтау етіп, домалақ пішінде, қарындашты қатты баспай сызып шығады. Қолдың ұзындығы да шамамен сызықтар арқылы белгіленеді. Содан кейін штрих сызықтардың көмегімен адам тұлғасының бейнесі айқындалады. Айқындау штрих сызықтарды әр түрлі бағыттарда пайдалану арқылы іске асырылады.
Адам тұлғасының портретін бейнелеу қарындаш, акварель, гуашь бояуы арқылы орындалады. Өткен сыныптағы гризайль, яғни бір түсті бояумен орындау тәсілі адам тұлғасының портретін бейнелеуде өте қолайлы тәсіл болып есептеледі. Сурет салу кезінде оқушыларға адам бейнесінің пропорциясын, қозғалыс қалпын дұрыс беруге көңіл аудартамын.
Үйге тапсырма беру: Адам тұлғасының портретін бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы:Күзгі бояулар туралы ертегі.
Сабақтың мақсаты:
Күз тақырыбында салынған суретшілер шығармаларымен таныстыру. Ертегі мазмұнын бейнелей білуге үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Күз көріністерін бейнелеген суретшілер шығармалары. Фотосуреттер, оқушылар салған суреттер.
Сабақтың барысы:
Алтын күз келді. Ол қызыл, сары, көк бояуларға толы шелектерін көтеріп орманға барды.
Күз қызыл бояумен шетен, жабайы алмұрт, долана жапырақтарын бояй бастады. Сары бояумен қайың мен көктерек жапырақтарын, ал көкпен аспанды бояды.
Күз күні бойы еңбектенсе де, ормандағы барлық ағаштар мен өсімдіктерді бояп тауыса алмайды. Бір күнде бүкіл орманды бояп шығу мүмкін бе? Күз бояу толы шелектері мен қылқаламдарын үлкен емен ағашының түбіне қалдырып, өзі түнде демалуға сарайына ұшып кетті.
Ал түнде орманда аласұрған Жел пайда болды. Ол құйындатып орман ішін шарлар жүріп бояу толы шелектерді төңкеріп кетті. Төгілген бояулар түрлі түсті жылғалар боляп аға жөнелді. Өзінің бүлдірген імін көріп, қорыққан Жел алды-артына қарамай қашып кетті.
Таңертең орманға оралған Күз төгілген юояуларын көрді. «Енді не істеймін! Сары, қызыл, көк бояуларым араласып кетті ғой», - деп жылағанда көз жасы жауын болып төгілді. Міне, ғажап, суға еріген сары бояу қызылмен қосылып алтын түске енді де, бір жері қызғылт реңкті, бір жері сарғыш реңкті бұлақ болып аға жөнелді. Ал оған көк бұлақ қосылып қоңыр түске айналды. Қызыл бұлақ көкпен қосылып күлгін реңкке, көк бұлақтар сары түспен қосылып сарғая бастаған күзгі жапырақтың түсіне енді.
Күз қуанғанынан алақайлап, көңілді күлкісі сыңғырлап, қылқаламын қолға ала салып, орманды әрі қарай әшекейлеуге кірісті.
Жапырақтар жаңа түске еніп, құлпырып шыға келді. Риза болған орман бұтақтарын иіп: «Рақмет, саған Күз! Сен нағыз сиқыршысың!» - деп алғысын айтты.
Күз бояулары мен қылқаламдарын жинап алып, әрі қарай ұшып кетті. Себебі оны басқа да көптеген орман, тоғайлар күтіп тұр.
Мектепке бара жатып немесе көше аралап серуендеген кезде табиғат сұлулығын тамашалауды ұмытпа!
Бізді қоршаған дүние алуан түсті бояуларға тұнып тұр. Бұл көк майса шалғын шөп, тұңғиық көгілдір аспан, жайқалған түрлі өсімдіктер мен гүлдер. Осының бәрін сен күнде көріп жүрсің. Алайда қоршаған табиғат бояуларына әрдайым көңіл бөлесің бе?
Бір сәтке қоршаған дүниені түстер мен реңктерсіз елестетіп көрші. Сұрғылт аспанда сұрғылт күн пайда болып, сұр жапырақтарға тек қара-ала құстар қонып отырар еді. Ақ-қара түсті сұрғылт дүние қоршаған өмір көңілсіз әрі көріксіз көрінеді.
Бір жақсысы, түстер мен реңктер бір сәтке ғана ғайып болды. Ал шын мәнінде қоршаған дүние ғажайып қоңыраудай сыңғырлаған түстер мен реңктерге толы.
Егер сен жақсы суретші болғың келсе, өзіңді қоршаған дүниеге знр салып қара. Кейде елеусіз көрінетін сұлулықты немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырыс. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!
Тапсырма. Күз тақырыбын бейнелеу.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 1. ІІ. 2017ж
Сабақтың тақырыбы: Графикалық натюрморт
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Натюрморт жайлы мағлұматтармен таныс болу.
ә) Дамытушылық: Затқа қарап сурет салуды меңгеру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға алдымен натюрморт тарихы жайлы түсіндіріп өтемін. Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз. Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Дастарқан» шығармасын алайық. Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі заттар, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.
Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.
– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?
- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?
Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?
Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.
Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.
Натюрморт саламыз. Әр түрлі заттардың, бұйымдардың тобын бейнелегенде, олардың бір-біріне қатысты мөлшерін дұрыс бере білу керек. Ол үшін бүйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.
Салынған суреттерді мұқият қарап шықсаңдар (1, 2, 3), бірінші суреттен кастрөл, бақыраш, графинді, екінші суреттен көкөністер мен жемістерді, жасылкөктерді байқайсыңдар. Ал үшінші суретте барлық заттар мен бұйымдар бір жерге топталған. Бұл суреттерден бүйымдар тобының ерекшелігі тек оның пішіні, көлемі, фактурасында ғана емес, сондай-ақ олардың өзара орналасу жағдайына да байланысты екендігін байқаймыз. Сондықтан да суретші сурет салғанда ең алдымен қағазды тік немесе көлденең қалпында пайдалану керектігін шешеді.
Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды 210185038862000бастаймыз. Сабақ соңында оқушылар жұмысын көремін.
Композициялық шешімі, түс жарасымдылығы жағынан дұрыс орындалған жұмыстарды сынып көрмесінде талқылаймыз.
Үйге тапсырма беру: Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қимыл-қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Анималистік жанр жайлы мағлұматтармен таныс болу.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сонымен қатар суретшілер жануарларды жиі бейнелейді. Мұндай суретшілер анималист-суретші деп аталатынын білесің. Ал жануарлар бейнеленетін жанрАНИМАЛИСТІК ЖАНР деп аталады
Анималистік жанрда көзге түскен дарынды суретшілердің бірі - Иван Ефимов. Ол сомдаған мүсіндер мен графика шығармаларындагы жануарлар бейнелері өте сүйкімді әрі әсерлі. Осындай аңдардың мүсіндері Астана 268224040767000қаласындағы көпірлерге көрік беріп тұр.
left000
4445635958850029387809779000left000
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Анималистік жанр бейнелеу өнерінің қандай түрлерінде кездеседі?Осы беттегі үш суретті де мұқият қарап шық. Сеніңше «Қаздар» туындысының екі суреттен айырмашылығы неде?
Жаңашыл суретшілер жануарлардың өзгеше, кездейсоқ кейіптерін іздеп табуда. Р. Сапарәлиева мен Л. Токмаковтың мына туындылары жаңаша жолмен қалай тартымды бейнеленген! Мына сүйкімді жануарлар жайлы не айта аласың? Олардың мінез-құлқын анықта. Қандай әсерлегіш құралдар көмегімен суретшілер осындай шығармаларға қол жеткізген?
left000152844512827000
Жануарлар көптеген ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлері болып жүр. Олардың кейіптерінанималист-суретшілерсомдайды. Мына суреттердегі жануарлар қандай мультфильмдердің кейіпкерлері екенін есіңе түсір. Басты кейіпкерлері жануарлар болатын тағы қандай мультфильмдерді білесің?
Үйге тапсырма беру: Үй жануарларын бейнелеп келу.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрлары жайлы мағлұматтармен
таныс болу.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
А. Кушнердің төмендегі өлеңдерін оқы. Ол бейнелеу өнері жанрларын есіңе сақтауға көмектеседі. Енді сен ешқашан жанрларды шатастырмайтын боларсың.
Әleft000рине, саған осы көңілді тақпақтар үлкен көмек көрсетеді.
Картинадан көрсең сенҚарағайлы тау шыңын,Немесе бұлақ — тау суын,Немесе жасыл бақшаны,Нұрланып түрған аспаныНемесе көлдің жағасын,Немесе егіс даласын —Салынған мұндай суреттіПЕЙЗАЖ ғой деп қарарсың.
Кleft000артинадан көрсең сенӘжеңнің ожау-тостағын,Атаңның қара торсығын,Немесе алмұрт, алманы,Қасында тұрған — шабдалы,Жүзімді де табарсың,Қызығып жақын барарсың —Салынған мұндай суреттіНАТЮРМОРТ деп қарарсың.
Кleft000артинадан көрсең сенЕгер ақын Абайды,Немесе ұстаз Ыбырайды,Немесе өз әкеңді,Немесе өз шешеңді,Немесе тұрса нағашың,Өзі екен деп қаларсың.Салынған мұндай суреттіПОРТРЕТ қой деп карарсың.
Енді сен ешқашан жанрларды шатастырмайтын боларсың. Әрине, саған осы көңілді тақпақтар үлкен көмек корсетті.
Суретші қай жанрды жазуды ұмытты?Осы жанр туралы өлең құрастырып көр.
left000
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнері жанрларының бірін бейнелеу.

Сабақтың тақырыбы: Күнделікті өмірдегі түстердің маңызы
Өз біліміңді тексер. Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрлары жайлы мағлұматтармен
таныс болу.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сонымен оқушылар сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексеріп көрейік.
Бleft000алалар орындаған мына жұмыстарға қара. Олар бейнелеу өнерінің қай жанрына жататынын анықта.
left000Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің? Дұрыс жауапты таңда.
«Жанр» сөзжұмбағын шешіп көрейік.
Табиғат бейнеленетін жанр.
Жануарлар бейнеленетін жанр.
Қозғалмайтын әр түрлі заттар, жемістер, т.б. бейнеленетін жанр.
left0004) Адам бейнеленетін жанр.Дұрыс жауапты таңда. Ү. Әжиевтің мына туындысы қалай аталады:
left000
а - «Қазақ мадоннасы».ә - «Ана мен сәби».б - «Бала ұстаған әйел».
Үйге тапсырма беру:Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Композиция. Бейненің пішіммен байланысы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру, бірнеше
заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, суретшілер шығармаларының репродукциясы, дидактикалық көрнекілік құралдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Қағаз парағы – ол сен салатын суретке арналған үй екені белгілі. Бұл үй сенің суретіңе ыңғайлы немесе ыңғайсыз болуы мүмкін. Мына суреттерге қарашы. Ұзын мойын керік вертикаль пішімді парақта өзін жақсы сезінеді. Оны төртбұрыш пішімді параққа сыйғызу үшін мойнын иіп отырғызуға тура келеді.
Горизонталь пішімді параққа керіктің ұзын мойнының бір бөлігі ғана сыяды. Кейде қатар тұрған бірнеше шағын керіктің суретін салуға тура келеді. Горизонталь пішімде осы шешім дұрыс болады.
 Есіңде болсын, сурет салуға кіріспес бұрын, оның композициясын ойластыру керек. Лайықты парақ пішімін таңдап алып, онда суретті қалай орналастыру керектігін ойлан суретіңнің әсерлі болып шығуы жалпы осы шешімге байланысты.
 
Композицияның әсерлі болуына тек парақ пішімі ғана емес, сонымен қатар дұрыс таңдалған өлшем де ықпал етеді. Кішкентай балықтарды өлшемі кіші параққа сыйғызуға болады. Ал киттің суретін салу үшін үлкенірек парқ қажет болады. Егер суретте бір ғана бейне кескінделсе, мұндай композиция бір бейнелі композиция, ал бірнеше бейне кескінделсе, көп бейнелі композиция деп аталады. Көп бейнелі композиция үшін өлшемі үлкен парақ таңдаған дұрыс. Қарашы, үлкен парақта балықтар өздерін қалай еркін сезінеді.
Суретшілер тарихи шайқастарды немесе адамдар тобын бейнелегенде әрдайым үлкен өлшемді кенепті таңдайды. Бірақ кейбір суретшілер көлемі кішкентай жұмыстар – миниатюралар салғанды ұнатады. Бейнелеу өнерінің мұражайына барған кезде осыған назар аудар.
Осыдан кейін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Композиция деген не?
Парақ өлшемі деген не?
Парақ өлшемі қандай болады?
Парақ пішімі деген не?
Пішім түрлері қандай?
Үйге тапсырма беру: Үй жануарларына композициялық суреттер салу.
Сабақтың тақырыбы: Композициядағы тепе-теңдік. Тепе-теңдіксіз композицияға мысалдар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру, бірнеше
заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, суретшілер шығармаларының репродукциясы, дидактикалық көрнекілік құралдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
 Сурет салатын парақты таразы немесе әткеншекпен салыстыруға болады. Таразының екі басындағы салмақ тең болған жағдайда ол тепе-тең қалпын сақтайды. Осыдан «тепе-теңдік» сөзі келіп шығады. Егер сен суретіңді парақтың бір бөлігіне орналастырып, екінші бөлігін бос қалдырсаң, онда сурет орнықсыз болып көрінеді. Мына әткеншектердегі тепе-теңдікке қара. Дәл осылай сенің суретіңдегі
тепе-теңдік те бұзылуы мүмкін.

Бұл суреттердегі тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін не істеу керек? Торғай менсусиырды қалай тепе-тең қалыпқа келтіреміз? Өз шешіміңді ойлап тап.
Алайда сурет нағыз таразы емес. Кәдімгі таразыда сусиырды тепе-тең қалыпқа келтіру үшін осындай сусиыр немесе соның салмағына тең басқа зат керек. Құсты да өзіндей құс немесе соған тең салмақ теңестіре алады. Суретте кіп-кішкентай құс та ауыр сусиырды тепе-тең қалыпқа түсіре алады екен! Көрдің бе, парақ пішіміне орналасқан әткеншек суреті тепе-тең қалыпта болып көрінеді.

left000Ал әткеншекті алып тастасақ, сурет екі бөлікке бөлініп қалады. Оларды әр түрлі тәсілмен біріктіруге болады. Өз нұсқаңды ойлап тап.
left000
Егер сен суретіңді парақтың бір шетіне оңға, солға, жоғары не төмен орналастырсаң, онда тепе-теңдік бұзылады. Бірінші композицияда оң жақ жоғарғы бұрыш, екіншісінде сол жақ жоғарғы бұрыш «басып» тұр. Ал үшіншіде сол жақ төменгі, төртіншіде оң жақ төменгі бұрыш «басып» тұр. Қалай ойлайсың, осы композицияларды тепе-тең қалыпқа келтіру мүмкін бе?
Бір бейнелі композицияны кез келген төртбұрыш, вертикаль, горизонталь пішімге орналастыруға болады.
left000
Бірақ салынған сурет парақтың ортасында орналасқаны дұрыс. Сол жағдайда сенің суретіңде тепе-теңдік сақталады.
Салған суретіңдегі заттар тепе-тең орналаспадыделік. Мысалы, екінші суреттегідей құмырадағы гүлшоғы кағаздың жоғарғы бұрышына салыныпты. Немесе бірінші және үшінші суреттегідей төменгі бұрыштарды «басып» тұр. Суретінді жыртуға немесе өшіруге асықпа. Керісінше суретіңді басқа заттармен толықтырып, тепе-теңсіздікті түзетуге болады.

Мына композицияларға назар аудар. Суретшінің қалай түзету енгізгенін түсіндір.
Тепе-теңсіздіктегі барлық композициялар үшін өз нұсқаларыңды ойлап тауып, оны жұмыс дәптеріңде орында. Достарыңмен осындай ойын ұйымдастыруыңа болады.
 Суретші үшін парақ бетінің тепе-теңдігін сезіну өте маңызды. Егер сурет тепе-теңсіз қалыпта болса, ол аяқталмаған сурет болып көрінеді. Орыс суретшісі В. Васнецовтың мына картинасының композициясына назар аудара отырып, шығарманы сипаттап бер. Туындыны тепе-тең калыпта деп атауға бола ма? Өз жауабыңды түсіндір.
left000
left000Қазақтың белгілі суретшісі А. Дүзелхановтың «Аншылық» атты шығармасына назар аудар. Мұндағы аңшы, бүркіт, құмай тазының қозғалысы сәтті берілген және үшеуі де бір-бірімен тепе-теңдікте орналасқан.
С. Тайновтың мына жұмысының көңіл күйін сипатта. Қандай әсерлегіш құралдар арқылы мұндай көңіл күйге қол жеткізіледі? Мұндағы әйел денесі немен толықтырылып, тепе-теңдік left000қалыпқа келтірілген?
Өз біліміңді тексер.
Композиция деген не?
Сөйлемді аякта: «Егер бірнеше бейне кескінделсе, бұл ...».
Бleft000айқампаздығыңды тексер. Біріне-бірі қарама-қарсы тұрған екі суреттің қайсысы дұрыс?
left000
4. Еске сақтау кабілетіңді тексер. Дұрыс жауапты таңда. В. ван Гогтың мына туындысы қалай аталады:
а - «Күнбағыстар»
ә - «Күнбағар»
б - «Күн сүйгіш гүлдер»
5. «Композиция» сөзжұмбағы.
left000
Бейнелеу өнерінің жанры.
Итальяндық ұлы суретшінің есімі.
Шаршы, вертикаль, горизонталь болады.
Бояуларды езетін тақтайша.
Бөлшектері белгілі бір қашықтықта тұрақты орналасып, қайталанып отыратын симметриялық өрнек.
Суретін салуда қызыл, сары, көк бояу көп қажет болатын мезгіл.
Графиканың әсерлегіш құралы.
Белгілі бір фонға әр түрлі қиындылардан бейнені желімдеу арқылы жасалатын өнер шығармасы.
Суретшілер орындаған көлемі кіші жұмыс.
Әр түрлі заттарды өрнектермен әшекейлеу.
Үйге тапсырма беру: Тепе-теңдіксіз композицияға шығарма орында.
Сабақтың тақырыбы:Жылдың әр мезгіліндегі жылы және суық түстер.Табиғаттағы түстер
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет
салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
қызыл,
көк,
сары.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орйндайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.
Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.
Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
left000Жылдың әр мезгіліне тән өз түстер гаммасы бар. Мына фотосуреттерге қарап, оның әрқайсысында қай жыл мезгілі бейнеленгенін анықта. Әр жыл мезгілінде қандай түстер реңктері басым екендігін айт. left000left000Үйге тапсырма беру: Жылы және суық түсте жыл мезгілдерін бейнеле.
Сабақтың тақырыбы:Бояу түсінің реңктері. Реңк атаулары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет
салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
қызыл,
көк,
сары.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен есімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады.
left000left000left000left000
68262537846000
Мына суреттерге назар аудар. Оларда бейнеленген денелердің түстері қандай?
-742952603500
— Әрине, жасыл түс, — дейсің. Алайда суреттердегі жасыл түс бірдей ме? Көріп түрғаныңдай, олардың түстері әр түрлі! Әлде бұл басқа түс пе? Жоқ, бұл расында да жасыл түс, ал оның реңктері әр түрлі. Реңк— бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түсінің көптеген реңктері болады. Бір түстің реңктері бір-біріне ұқсас болады. Дегенмен бір бояу түсі қалайша әр түрлі реңктерге құбылады? Оны түсіну үшін қоспа түстер қалай алынатынын еске түсірейік. Мысалы, жасыл түс қандай түстердің қоспасынан тұрады? Есіңе түсірсең, жасыл түс сары мен көк түстердің қоспасынан алынады.
Палитрада жасыл түс шығару үшін қылқаламға алдымен сары бояуды көбірек, көк бояуды азырақ алып араластырамыз. Содан кейін керісінше, сарыны азырақ, ал көкті көбірек қосамыз. Олардан алынған түстерді салыстырғанда әр түрлі реңктерді көleft000ресің.
Сен түстердің жылы және суық болатынын білесің. Сондай-ақ реңктер де жылы және суық түсті болады. Суретке солдан оңға қарай қарағанда жасыл түс жылы және суық реңктердің қайсысына қарай ұлғаяды? Ал оңнан солға қарай қарағанда ше? Қай реңктерде көк түс басым, ал қайсысында сары бояу көбірек?
Бояу түстері сияқты реңктер де жылы және суық болып бөлінеді. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, олар жылы реңктер болғаны. Ал көк түс басым болса, онда реңктер суыққа жатады. Палитрада жасыл бояуға біртіндеп қызыл бояуды араластыра отырып, жасыл түстің қалай өзгеретleft000інін бақыла.
Мұндайда жасыл түс қай бағытта өзгереді?
Фотосуретке назар аудар. Байқадың ба, табиғатта жасыл түстің көптеген реңктері кездеседі екен! Әр түп шөптің, әр жапырақтың түсіқайталанбастай ерекше! Сондықтан сен ағаштың, гүлдің суретін салған кезде осы қағиданы есіңде сақта!
left000left000
Фотосуреттердің қайсысында жасыл түстің суық, қайсысында жылы реңктері басым екенін анықта. Жаздың жайма шуақ күнінде немесе күздің қоңыр салқын кезінде табиғат аясына шығып, ағаш жапырақтары мен шөптердің реңктерін зер салып, бақыла.
left000Күлгін түс те екі түрлі – қызыл және көк түстерден құралады.
left000Күлгін түске көк түсті көбірек қосқан сайын суық түске қарай өзгереді.
left000left000Мына суреттегі гүлдердегі күлгін түстің қайсысы жылы, қайсыбірі суық екенін айт.
Тек қоспа түстерде ғана алуан түрлі реңктер болмайды. Сонымен қатар негізгі түстер: қызыл, сары және көктің де көптеген реңктері кездеседі. Мына түстер шеңберіне қарашы. Оған қарап бір түс екінші түске реңктерін өзгерту арқылы ауысатынын бақылай аласың. Түсаралық реңктердің санын көбейту арқылы түстердің ауысуын аса байқалмайтындай етуге болады.
left000Сонымен қатар кез келген түсті басқа түспен араластыруға болады, сөйтіп көптеген реңктер түрлері алынады. Негізгі түстердің де орасан көп реңктері болады. Суретке қара.
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі түстерді қолдану арқылы табиғат көрінісін бейнеле.
Сабақтың тақырыбы: Суретшілердің көркем шығармаларындағы алуан түрлі реңктер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Реңк атаулары жайлы терең мағлұмат беру,
оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өздігінен білім алып,
ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, жұмыс істей алу
дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге,
нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Түс реңктерінің өз атаулары бар. Кейбір реңктердің атаулары көкөніс, жеміс-жидектердің атауларымен байланысты болады: шие, шабдалы, таңқурай, шалқан, жаңғак, сәбіз, т.б. Кейбір реңктер гүлдердің атымен аталады. Мына суреттердегі реңктердің түсін ата. Олардың қандай сөздерден шыққанын айт. Гүлдер мен жемістерге байланысты тағы қандай реңктерді атай аласың?
left000
left000
left000left000Сонымен қатар реңк атаулары табиғи заттардың, минералдар мен металдардың атымен де аталады: құм, теңіз толқыны, коралл, күміс, алтын, мырыш, кобальт, малахит түстес, т.б. Мына суреттердегі түс реңктерін қалай атауға болады? Қандай түс реңктерінің атауларын білесің, есіңе түсір. Көбірек түс реңктерінің түсін атауға тырыс. Ол атаулардың қайдан шыққанын анықта. Палитрада алуан түрлі күз реңктерін шығаруға тырыс.
Суретші көркем шығарма салған кезде көптеген түстер мен реңктерді қолданады. Сондықтан оның жұмысындағы түстер гаммасы өте бай әрі әсерлі болады. Мына шығармада қай түстің реңктері басым? Қандай реңктер көбірек - жылы ма, әлде суық па? Бірнеше реңктерді ата.
left000
left000left000
left000
Балалар, егер сендер Алматыға барсаңдар міндетті түрде Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына барыңдар. Онда суретші Әбілхан Қастеев залы бар. Залда атақты суретшінің «Мұз айдынында» атты туындысы ілулі тұр. Кескіндемеге мұқият қарасаңдар қыс мезгіліндегі қардың алуан түске бөленіп,құлпырғанын байқайсыңдар. Алыс тау басында қар көгілдір-күлгін, жақын жердегі ақшыл-сарғыш, көлеңкеде көгілдір-жасыл немесе қызғылт-күлгін тағы басқа реңктерге боялған. Сықырлаған аяз бен қар сыңғырының әсем үнін суретші осындай дақтар тоғысымен бере білген.
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі реңктерді қолдану арқылы табиғат көрінісін бейнеле.
Сабақтың тақырыбы: Күнделікті өмірдегі түстердің маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Күнделікті өмірдегі түстердің маңыздылығы жайлы
мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері мен танымын, оның өз
бетінше жұмыс істей алуын қамтамасыз ету.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,
ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000Алтын күз келді. Ол қызыл, сары, көк бояуларға толы шелектерін көтеріп орманға барды. Күз қызыл бояумен шетен, жабайы алмұрт, долана жапырақтарын бояй бастады. Сары бояумен қайың мен көктерек жапырақтарын, ал көкпен аспанды бояды. Ойланып көр, Күз бұл бояулармен орманда тағы нені бояр еді? Күз қай бояуды көбірек жұмсады? Күз күні бойы еңбектенсе де, ормандағы барлық ағаштар мен өсімдіктерді бояп тауыса алмайды. Бір күнде бүкіл орманды бояп шығу мүмкін бе? Күз бояу толы шелектері мен қылқаламдарын үлкен емен ағашының түбіне қалдырып, өзі түнде демалуға сарайына ұшып кетті. Ал түнде орманда аласұрған Жел пайда болды. Ол құйындатып орман ішін шарлап жүріп бояу толы шелектерді төңкеріп кетті. Төгілген бояулар түрлі түсті жылғалар болып аға жөнелді. Өзінің бүлдірген ісін көріп, қорыққан Жел алды-артына қарамай қашып кетті. Таңертең орманға оралған Күз төгілген бояуларын көрді. «Енді не істеймін! Сары, қызыл, көк бояуларым араласып кетті ғой», — деп жылағанда көз жасы жауын болып төгілді. Міне, ғажап, суға еріген сары бояу қызылмен қосылып алтын түске енді де,бір жері қызғылт реңкті, бір жері сарғыш реңкті бұлақ болып аға жөнелді. Ал оған көк бұлақ қосылып қоңыр түске айналды. Қызыл бұлақ көкпен қосылып күлгін реңкке, көк бұлақтар сары түспен қосылып сарғая бастаған күзгі жапырақтың түсіне енді. Күз қуанғанынан алақайлап, көңілді күлкісі сыңғырлап, қылқаламын қолға ала салып, орманды әрі қарай әшекейлеуге кірісті. Жапырақтар жаңа түске еніп, құлпырып шыға келді. Риза болған орман бұтақтарын иіп: «Рақмет, саған Күз! Сен нағыз сиқыршысың!» — деп алғысын айтты. Күз бояулары мен қылқаламдарын жинап алып, әрі қарай ұшып кетті. Себебі оны басқа да көптеген орман, тоғайлар күтіп тұр.
left000Бұл ертегі деп ойлайсың ғой! Бірақ мына суреттерге қарап, күздің керемет суретші екеніне көз жеткізесің. Көрдің бе, ол айналаны шуақты, қанық бояулармен түрлендіріп жіберген. Мектепке бара жатып немесе көше аралап серуендеген кезде табиғат сұлулығын тамашалауды ұмытпа!
Бізді қоршаған дүние алуан түсті бояуларға тұнып тұр. Бұл көк майса шалғын шөп, тұңғиық көгілдір аспан, жайқалған түрлі өсімдіктер мен гүлдер. Осының бәрін сен күнде көріп жүрсің. Алайда қоршаған табиғат бояуларына әрдайым көңіл бөлесің бе? Бір сәтке қоршаған дүниені түстер мен реңктерсіз елестетіп көрші. Сұрғылт аспанда сұрғылт күн пайда болып, сұр жапырақтарға тек қара-ала құстар қонып отырар еді. Ақ-қара түсті сұрғылт дүние қоршаған өмір қандай көңілсіз әрі көріксіз көрінеді.
Бір жақсысы, түстер мен реңктер бір сәтке ғана ғайып болды. Ал шын мәнінде қоршаған дүние ғажайып қоңыраудай сыңғырлаған түстер мен реңктерге толы. Мына суреттерден дүниенің түрлі түстермен қалай құлпырғанын көре аласың. left000Түрлі түстер адамның көңіл күйін көтереді, қоршаған дүниені түрлендіреді. Егер сен жақсы суретші болғың келсе, өзіңді қоршаған дүниеге зер салып қара. Кейде елеусіз көрінетін сұлулықты немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырыс. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!

Өз біліміңді тексер.
1. Кескіндеме деген не?
2. Қатені түзет: «Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы - штрих, бояу дақтары».
3. Артық сөзді алып таста: «Негізгі түстер қызыл, сары, көк, жасыл».
4. Негізгі түстерді анықта.
left000
5. Табиғи материалдардың атауымен аталған реңктерді ата.
6left000. Мына жұмыстардың қайсыбірі кескіндеме туындысына жатады?
7left000. Түс реңктері қалай алынады? Төменде көріп тұрған түсті және оның реңктерін ата.
8. Мына реңктерге назар аудар. Олардың қайсыбірі суық, қайсысы жылы?
left000
9*. Чайнворд.
left000
10. Негізгі түстерден қандай қоспа түстер алынады?
Үйге тапсырма беру: Күз мезгіліне шығарма орында.
Сабақтың тақырыбы: Суреттердегі сызықтардың түрлері және орналасуы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Графиканың маңыздылығы жайлы оқушыларға
толығырақ мағлұмат беру, оларға сызықтардың түрлерін
таныстыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шапшаң ойлауға, белсенділігін арттыруға,
іздене білуге, нақтылыққа, әр түрлі құралдарды
пайдаланып жұмыс істеуін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды жекелеп жұмыс жасауға,
ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар, иллюстрация, альбом кітаптар, т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сабақты бастамас бұрын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Графика дегеніміз не? Графиканың басты әсерлегіш құралдарын ата. Сызық не жайында сыр шертеді? График-суретші қандай материалдармен жұмыс істейді? График-суретші үшін әсерлі сызықтың қаншалықты маңызды екенін біз білеміз. Сызықтар алуан түрлі болатыны да белгілі. Сызықтар қалай жүргізілгеніне байланысты орнықты, мығым немесе солғындау, бос немесе сенімсіз, әлсіз болып келеді. Сызықты қатты бастырып немесе параққа қаламның ұшын тиер-тиместей етіп жүргізуге болады. Әр жағдайда сызықтардың түрі де, көңіл күйі де әр түрлі болып шығады. Мына сызықты сипаттап айтып бер. Сенің ойыңша олар қалай сызылған?
left000
left000left000Сурет салған кезде қарындаштармен әр түрлі сызықтар жүргізесің. Олар қағаз бетінде әр қилы орналасады. Көлденең сызықтар жерді, шексіз даланы, теңізді, құмды, шөлді еске түсіреді. Олар тыныштық сезімін тудырады.
left000left000Тік сызықтар жоғары не төмен қозғалысты білдіреді. Олар көлденең сызықтарға қарағанда жылдамырақ болып көрінеді.
left000
left000Көлбеу сызықтар тұрақсыздық сезімін тудырады да, қозғалысты елестетеді. Қазақстандық график-суретші Е. Сидоркиннің мына жұмысында ат үстіндегі адамның қатты екпінмен алға ұмтылғаны бейнеленген.
left000left000Тірі және өлі табиғатта нақты айқын сызықтарды көре аламыз. Адамдар көбінесе оларға назар аудармайды. Қараңдаршы, иірілген ағаш бұтақтары қандай әсерлі де көрікті. Көкқұтанның иілген мойыны қандай кербез. Ғимараттар мен әр түрлі денелердің тік, көлденең және көлбеу сызықтарын кез келген жерден кездестіре аласың. Егер зейін қойсаң, көрген, ойға оқығандарыңды қағаз бетіне түсіріп, алуан түрлі ғажайып графикалық композициялар құрай аласың.
Фотосуреттерге зейін қойып қара. Бұл фотосуреттердегі сызықтар туралы не айта аласың? Олардың жазықта орналасуына қарап, сызықтардың көңіл күйін анықта.
Үйге тапсырма беру:Графикалық шығарма орында.
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі материалдармен орындалған суреттердің әсерлілігі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін
оқушыларға меңгерте отырып, олардың ізденісін ашу.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, тушь, қылқалам, көмір, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар, иллюстрация, альбом кітаптар, т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000Сен сызықтар жайында көп мағлұмат алдың және алуан түрлі сызықтар жүргізе аласың. Осыған дейін сызықтарды тек қарындаш және фломастермен салып келдің. Ол сызықтардың қалыңдығы біркелкі болатын. Енді сызықтарды жіңішке қылқаламмен және тушьпен сызып көр. Егер қағазға қылқаламның ұшын ғана тигізсең, сызық өте жіңішке болады. Ал қылқаламды батырыңқырасаң, сызық жуандау болады. Тұтас алғанда жүргізілген сызық жандана, әсерлене түседі. Ол бірде сенен алыстаса, бірде жақындап көрінеді. Суретшілердің айтуынша сызық тыныс алады. Мына сызықтарды салыстыр. Олардың қайсысы саған әсерлі болып көрінеді?
Қылқалам және тушьпен салынған сурет
Жleft000left000left000іңішке қылқалам және тушьпен ағаштың немесе басқа заттың суретін салып көр. Егер салған суретің дұрыс шықпаса, бірнеше рет қайталап сал. Сонда ғана қолың жаттығып, салған суретің де әдемі шығады. Мына ағаштарды салыстыр. Олардан қандай әсер алдың?
Қleft000аламұш және тушьпен салынған сурет
Қаламұшпен әр түрлі сызықтар салуға болатынын білесің бе? Онымен салынған сурет анық болып шығады. Бұл тәсілді көптеген белгілі суретшілер қолданған, соның ішінде ұлы ақын А.С. Пушкин де бар. Қаламұшпен кішкентай, жіңішке детальдарды салуға болады. Мына сурет қаламұш, тушьпен салынған. Ондай суреттер салу үшін ұзақ уақыт жаттығып үйрену керек.
Кleft000өмірмен сурет салу
left000Көмірмен сурет салу үшін бірнеше анық сызықтар жүргізілсе жеткілікті. Көмір - отқа күйдірілген ағаш таяқшалар. Онымен салынған суреттер құлпырып тұрады. Ол жануарлардың жұмсақ жүнін, құстың үлпілдек мамық қауырсынын айнытпай бере алады. Көмірді батырып сызсаң, сызық қалың, қара түсті болып шығады. Ал көмірді қағаз бетіне сәл ғана тигізсең, сызық та ашық болып түседі. Ол жалпақ немесе тым жіңішке болуы мүмкін. Көмірмен сурет тез салынады және өте әсерлі болады. Салған суретің тез өшіп қалмас үшін оны шашқа себетін лакпен қатыруға болады.
Графикалық натюрморт (Ертегі)
Түрлі түсті бояулар өзара қайсы бояу қанық әрі әдемі деп айтысты. Әрқайсысы өзін мақтаумен болды. Тек ақ пен қара бояу үндемей тұра берді. Сонда қалғандары оларға:
- Сендер неге үндемейсіңдер? Бірақ қай түрлеріңмен мақтанасындар? - деп мазақ етті. Қара мен ақ бояу ренжіп, үндемей кетіп қалды. Олар бір- біріне:
- Біз соншалықты керексіз, көріксіз болғанымыз ба? — деп мұңын айтты. Бір кезде суретші келді де, барлық бояулардың ішінен қара мен ақ бояуды таңдады. Сөйтіп ғажайып пейзаж, портрет, натюрмleft000орттар сала бастады.
Сонда суретшінің салған суретіне қарап қалған бояулар: «Неткен керемет! Біз бұрын неге байқамаған- быз?» - деп таңданды. Суретші кеш батқанша сурет салды. Осы оқиғадан кейін бояулар менменсінуін қойды. Енді олар қара мен ақ бояуға құрметпен қарайтын болды. Сен де графикалық натюрморт салып көр. Ол үшін графикалық тушь, қаламұш, фломастер, балауыз борлар сияқты материалдарды пайдалануыңа болады. Сурет салғанда өшіре бермей, сызықтарды әр түрлі және әсерлі етіп көрсетуге тырыс. Егер салынған суретіңнің бір жері ұнамай қалса, оны қалай түзетудің жолын ойластыр.
Сабақтың тақырыбы: Графикалық туындылар
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін
оқушыларға меңгерте отырып, олардың ізденісін ашу.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, тушь, қылқалам, көмір, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар, иллюстрация, альбом кітаптар, т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Қарашы, суретшілер өз шығармаларында сызықтардың алуан түрін қолданады. Олардың қандай құралдармен салынғанын анықтап көр. Графикалық туындыдағы әсерлегіш құралдарға назар аудар.
left000left000
Өз біліміңді тексер
1. Графика дегеніміз не?
left000
2. Мына туындылар арасынан графикалық жұмыстарды анықта.
left000
3. График-суретші қандай құрал, материалдармен жұмыс істейді? Оларды ата.
4. Графикалық туындыны анықтап, өз таңдауыңды түсіндір.
left000
5. Сызықтар парақта қалай орналасуы мүмкін?
6. Қатені тап: «Графика - бұл бейнелеу өнерінің бояулармен орындалған туындысы».
7. Көмірмен салынған суреттің қарындаш, қаламұшпен салынған суреттен айырмашылығы қандай?
8. Қаламұшпен салынған суреттің қылқаламмен салынған суреттен айырмашылығы қандай?
9left000. «Графика» сөзжұмбағы.
Қарындаш, қаламұш, көмірмен сурет салатын суретші.
Графикадағы басты әсерлегіш құрал.
Көшіріп алу әдісімен алынатын графикалық жұмыс.
График-суретшінің құралы.
Алғашқы нобай сурет.
10. Графикалық жұмыстың кескіндемелік жұмыстан айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі материалдармен шығарма орында.
Сабақтың тақырыбы: Дизайнер – суретші деген кім?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен
таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен
тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін
оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс
жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,
жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық
талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,
әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000Сен кескіндемеші, график-суретші, мүсіншілердің шығармашылығымен таныстың. Бұлардан басқа суретші-дизайнер де бар. Олар әр түрлі заттармен жұмыс істейді. Дизайнер-суретшілердің кейбіреулері ыңғайлы да әдемі жиһаздар ойлап тапса, енді біреулері сәнді киімдер, әшекейлер, тағы басқа көптеген нәрселерді ойлап табады. Соңғы кездері дизайнерлер үйлер мен бақтарды безендірумен белсене айналысуда. Дизайнер-суретшінің жұмысындағы басты қағидалары - беріктік, қолайлылық және әдемілік. Мысалы, қолшатыр адамды жауыннан қорғайды. Сен қолшатырды дүкеннен сатып аларда ол мықты ғана емес, сонымен қатар әдемі болсын деп сұрайсың. Қолшатырдың пішінін де, оның түр- түсін де дизайнер-суретші ойлап табады.
Мына суреттегі аққала ойыншыққа ұқсайды. Бірақ бұл - Жаңа жылға арналған май шам. Оны да ойлап тапқан дизайнер-суретші. Дизайнер біздің күнделікті тұрмысымызға сұлулық сыйлайды. Кез келген заттың долбарын жасау кезінде бәрі де маңызды. Дизайнер-суретші заттардың пішінін ойластырып, әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Заттың түсі де оның қандай қажеттікке арналғандығына қарап таңдалады. Мысалы, балалар ойыншықтары айшықты, түрлі түсті болса, көптеген үй тұрмысына арналған бұйымдардьщ түсі, керісінше басыңқы, күңгірттеу болады. Суретшілердің білімі мен талғамы, көрегендігі дизайнерге де қажет. Суреттердегі заттарға назар аудар. Оларда дизайнның барлық қағидалары сақталған ба?
left000left000Үйлер мен пәтерлердің ішін жабдықтап, безендіру де үлкен талғам мен шеберлікті қажет етеді. Егер өз бөлмең жарық әрі ыңғайлы болсын десең, оны безендіруде жылы түстерді қолдан. Күн сәулесі аз түсетін бөлмені ашық түсті кілем төсеп, терезеге сары перделер ілу арқылы жарықтандыруға болады. Керегелерді жылы түсті бояумен бояған дұрыс. Мұндай бөлмеде көңіл күй де көтеріңкі болады. Егер сен өз болмеңде әрдайым тыныштық пен сабырлылық сезімі орнасын десең, бөлмені суық түстер гаммасында безендіруің керек. Күн сәулесінен қатты ыситын бөлмені салқындату үшін, ондағы жиһаз, перде, кілем және кереге де суық түсті болғаны дұрыс.
left000Өз біліміңді тексер.
1. Дизайнер деген кім?
2. Дизайнер-суретші өз жұмысында қандай әсерлегіш құралдарды қолданады?
3. «Дизайнер» сөзжұмбағы.
left000
1. Әр түрлі заттарды өрнектермен әшекейлеу қалай аталады?
2. Безендіру өнері.
3. Дизайнер-суретшінің негізге алатын нәрсесі.
4. Дизайнер-суретшінің жұмысындағы басты қағидалардың бірі.
5. Бөлмені салқындату немесе жарықтандыруда рөл атқаратын заттың бірі.
Үйге тапсырма беру: Дизайнер-суретшінің жұмыстарымен таныса отырып, бір затты ойластырып, безендір.
Сабақтың тақырыбы:
Адам дене мүшелері қалай айтысқаны туралы ертегі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды адамның дене құрылысының
ерекшеліктерімен таныстыру, білімділігін арттыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу икемдігін дамыту, осы
сабақтан алған білімді байланыстыра және салыстыра
пайдаланып, икемдікті дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды адамның дене құрылысының қызметтері
жайлы таныстырып, дене күтімін сақтауға, салауатты
өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам құрылысы бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000Айдар атты баланың түсінде оның дене мүшелері адамға қайсымыз қажеттірекпіз деп айтысып жатыр екен.
left000Алдымен айтысты бастаған Бас былай деді:
- Мен бәрінің бастауымын, менде көз, құлақ, ауыз, мұрын орналасқан. Мен болмасам адам еш нәрсе көрмей, ешқандай дыбысты естімес еді. Ешбір иісті сезбей және сөйлей де алмас еді. Несін айтасың, ол мүлде аштан өлер еді!
- Ал сен менсіз не істер едің?! - деп ашуланды Мойын. - Көрер едім, менсіз қалай көріп, қалай естігеніңді, егер мен сені олай-былай бұрып отырмасам!
Осы кезде Қолдар сөзге араласты. Олар сыпайылық танытып, байыппен сөйледі.
left000- Білесіңдер ме, достар, бізсіз адамға тіпті қиын болар еді. Бізсіз ол қалай тамақ әзірлеп, бөбегін әлдилеп, заттарды көтеріп, бір сөзбен айтқанда қалай жұмыс істер еді? Біздің күшті бұлшық еттеріміз, тынымсыз жіңішке саусақтарымыз нағыз ауыр да қиын жұмыстан бастап, инемен құдық қазғандай нәзіктікті қажет ететін алуан түрлі жұмыстар атқарады. Ойланшы, бір күнде сенің қолдарың қандай жұмыстар атқарады? Ата-анаңның қолдары ше?
left000Бұған дейін үнсіз тұрған Дене де шыдай алмады:
- Ал мен ше? Мен болмасам адам болар ма еді? Сендер, Бас, Мойын, Қолдар мен Аяқтар менсіз қайда орналасар едіңдер? Менсіз қалай күн көрер едіңдер?
Өз атын естігенде Аяқтар да өкпелі үнмен дауыс шығарды:
- Ал бізсіз адамдар қайтер еді? Сендерді - Дене, Бас, Мойын, Қолдармен бірге біз көтеріп тұрған жоқпыз ба? Сендерді жұмысқа, мектепке, дүкенге, демалыс бағына, киноға апаратын біз емеспіз бе? Күні бойы жүгіргенде сендерден бір рақмет естімейміз. Дене мүшелерінің айтысын қызыға тыңдаған Айдар, бұл айтыс немен аяқталар екен деп жатып оянып кетті.
left000
Сенің ойыңша бұл айтыс немен аяқталды? Адам үшін ең қажетті қай мүше? Әр түрлі мамандық иелері қолдарымен қандай жұмыстар атқарады? Спорттың қай түрінде адамға жүйрік аяқтар, күшті қолдар қажет? Қай мамандық иелеріне қолдардың асқан ептілігі қажет?
Үйге тапсырма беру: Адам денесінің мүшелеріне ерекше көңіл аударып, бейнелеп көр.
Сабақтың тақырыбы: Түрлі қимыл-қозғалыстағы адам денесі мен кейпі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Түрлі қимыл-қозғалыстағы адам денесі мен кейпінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, түрлі қимыл қозғалыстағы адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000Қозғалыстағы адам денесінің сұлулығына назар аударып көрдің бе? Адамның әрбір қимылы көп мағынаны білдіреді. Жай ғана отырған адамның кейпіне қарап, оның ойланып немесе мұңайып, әлде көтеріңкі көңіл күйде отырғанын, не бір шешуші қадам жасағалы отырғанын аңғаруға болады. Мына шығармалар мен фотосуреттегі отырған адамдардың бейнесіне зейін қойып қара. Адамның әрбір қимылы оның жан дүниесі, мінез-құлқы, кәсібі жайлы не айтады екен?
left000left000Адамдар әр қилы жұмыстармен айналысады. Олардың денелері күніне мыңдаған алуан түрлі қимылдар жасайды. Мына фотосуреттерге қарап, велосипедшілер, киізден ою ойған қазақтың халық шеберлері, мата бояп жатқан әйелдер қандай қимыл-қозғалыстарды көп қайталайды деген сұраққа жауап бер. Осы қимыл-қозғалыстарды бейнелеуге тырыс. Сен қалай ойлайсын, жұмыстың сапасы олардың қимылдарының ширақтығына байланысты ма?
left000left000Әсіресе спортшының қозғалыстағы денесі өте әдемі әрі тартымды. Әр спортшының қозгалыстағы денесінің алуан түрлі иілу сызықтарына назар аудар. Олар бірде баяу қимылдаса, бірде әсем иіледі, енді бірде екі бүктеліп кеткендей болады. Гимнастшы мен футболшының дене сызықтарын салыстыр. Олардың қимыл-қозғалысын, дене пішіні мен иілу сызықтарын бер.
Өзің білетін спорт түрлерін ата.
Қандай спорт түрлері үшін мыналар қажет:
тез жүгіру;
биікке секіру;
дискіні ұзаққа лақтыру.
left000
Үйге тапсырма беру: Түрлі қимыл қозғалыстағы адам денесі мен кейпін бейнеле.
Пәні: Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:Адам денесін мүсіндейміз. Сен велосипедшісің.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам денесі мен кейпін бейнелеу, мүсіндеу тәсілдерінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000Суретші қозғалыстағы адам денесін әр түрлі тәсілдермен: кескіндеме, графика немесе мүсіндеу арқылы бейнелейді. Сен де адам денесін әр түрлі тәсілмен бейнелеп көр. Оқып, үйренгендеріңді есіңе түсіріп, оқулықтағы түрлі суреттерге зер салып қарайтын болсаң, сен де өте қызықты жұмыстар орындай аласың... Мына ермексаздан жасалған қуыршақ адамның дене-тұлғасына анықтап қара. Кейбір дене мүшелерін сен қандай геометриялық денелермен салыстырар едің? Оларды ата. Ермексаздан шар, цилиндр және конус жасап алып, олардан қуыршақ адамның дене-тұлғасын құрастыр. Мүшелер шашылып қалмас үшін олардың арасына жіңішке сым жүргіз. Қуыршақ адамның аяқ-қолдары шынтақ, тізе буындарында иілетініне көңіл аудар. Жасаған цилиндрлерді игенде аяқ-қолдар әсерлі қимыл-қозғалысқа ие болады.
Ермексаздан жасаған дене құлап қалмас үшін, артынан таяқшамен не сыммен тіреп қой.
Сенің құрдастарың қозғалыстағы адамдарды осылай мүсіндейді.
Сен де адамдардың әр түрлі қимыл-қозғалыстағы кейпін мүсіндеп көр.
left000left000
Үйге тапсырма беру: Түрлі-түсті ермексаздан адам денесін мүсінде.
Сабақтың тақырыбы:Адам денесінің суретін саламыз. Жол жүргізушілердің көзімен
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам денесі мен кейпін бейнелеу, құрастыру тәсілдерінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000left000left000Түрлі түсті қағаздан геометриялық пішіндер қиып ал. Пішіндердің қайсыбірінен адамның басын, денесін, аяқ-қолын бейнелеуге болатынын ойлап көр. Бір түсті қағаз бетіне геометриялық фигураларды әр түрлі етіп құрастыру арқылы қуыршақ адамға түрлі қимылдар жасата аласың. Байқап көр, ең сәтті және қызықты шыққан бейнеңді қағаз бетіне жапсыр.
Адам денесінің суретін саламыз.
Адамның дене-тұлғасын жасап қана қоймай, оның қимыл үстіндегі суретін салуға да болады. Ол аса қиындық тудырмайды. Мына көңілді тақпақ сенің есіңде болар:
left000
Нүкте, нүкте, үтір қой,
Бір сызықша - сықпатың.
Екі таяқ, бір қияр -
Шықты емес пе суретің?!
left000Міне, осылай адамның суреті салынады. Сонымен бас - шеңбер немесе сопақшадан, ал аяқ-қолдар, мойын, дене бірнеше тік бұрыштар мен сопақшалардан тұрады. Досыңды, ініңді немесе қарындасыңды қол-аяқтарын бүгіп, қызықты бір кейіпте алдыңда тұруын өтін. Өзің оның схемалық суретін салуға кіріс.
Тек қана сопақша, цилиндр мен үшбұрыштардан дене құрастыру шарт емес. Сонымен қатар әсерлі сызықтар мен еркін пішіндерді қолдана отырып та адам денесін бейнелеуге болады. Ол үшін айна алдында мына сияқты жаттығулар жасай отырып, өз дене мүшелеріңнің қимылын мұқият бақыла. Содан кейін сурет салуға кіріс.
Қолдарыңды жоғары көтер!
left000
left000left000
Қолдарыңды жан-жаққа соз!
Қолдарың шынтақ буында иіліп, жоғары көтерілген.
Қолдарыңмен әр түрлі қимылдар жаса. Қолдарыңның иілген тұстарына назар аудар. Адамның қолдары епті әрі икемді. Допты лақтырып, оны қағып алып ойнайсың. Секіретін жіпті айналдырасың, портфеліңді көтересің, күйсандықта ойнайсың, барлық жағдайда да қолдарың әр түрлі қимылдар жасайды. Қолдарымен әр түрлі қимыл жасаған адамдардың суретін сал.
left000left000left000left000
Енді аяғыңмен әр түрлі қимылдар жаса. Тізерлеп отыр, тізеңді бүк, бір аяқпен тұрып, екіншісін жоғары көтер. Жүргенде немесе жүгіргенде адам аяқтары қалай бүгілетінін бақыла. Адам қалай баспалдақпен көтеріледі, қалай секіреді, осының бәрі сурет салған кезде қажет болады.
Жас футболшылардың аяқтарында тыным жоқ. Олар жүйрік әрі қайратты болуы тиіс.Егер сен өзің жақсы көретін футбол ойынын бейнелегің келсе, қозғалыстағы денелерді бейнелеуіңе тура келеді.
left000left000left000
left000Біздің дене-тұлғамыз да қозғалғыш, оны жан-жақка иілтіп қозғалта аламыз. Адам күні бойы мыңдаған күрделі және қарапайым қимылдар жасайды. Жалпы біздің дене мүшелеріміз өте қозғалғыш, әрі ырыққа көнгіш механизм. Егер сен әр түрлі кейіптегі және қозғалыстағы адам денесін бейнелеуді үйренсең, салған суреттерің неғұрлым әсерлі де тартымды болып шығады. Бірнеше жаттығулар жасап, аяқ-қолдарыңның, басыңның және денеңнің қимылдарына назар аудар. Содан кейін кейбір қимылдарыңның суретін салып көр.
Жол жүргізушілер көзімен.
Жылдың, тәуліктің мезгілдеріне және ауа райы жағдайларына байланысты жолдың жай-күйі.
Жүргізуші жұмысының ерекшеліктері.
Жүргін бөлігінде жүргіншілерге туындайтын қауіпті жағдайлар жүргізушілердің көзімен.
Бекіту. Бағалау.
Үйге тапсырма 135-бет, суретті аяқтау
Сабақтың тақырыбы:Геометриялық пішіндерден адамның дене-тұлғасын
құрастырайық. Адам денесінің суретін саламыз.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам денесі мен кейпін бейнелеу, құрастыру тәсілдерінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000left000left000Түрлі түсті қағаздан геометриялық пішіндер қиып ал. Пішіндердің қайсыбірінен адамның басын, денесін, аяқ-қолын бейнелеуге болатынын ойлап көр. Бір түсті қағаз бетіне геометриялық фигураларды әр түрлі етіп құрастыру арқылы қуыршақ адамға түрлі қимылдар жасата аласың. Байқап көр, ең сәтті және қызықты шыққан бейнеңді қағаз бетіне жапсыр.
Адам денесінің суретін саламыз.
left000Адамның дене-тұлғасын жасап қана қоймай, оның қимыл үстіндегі суретін салуға да болады. Ол аса қиындық тудырмайды. Мына көңілді тақпақ сенің есіңде болар:
Нүкте, нүкте, үтір қой,
Бір сызықша - сықпатың.
Екі таяқ, бір қияр -
Шықты емес пе суретің?!
left000Міне, осылай адамның суреті салынады. Сонымен бас - шеңбер немесе сопақшадан, ал аяқ-қолдар, мойын, дене бірнеше тік бұрыштар мен сопақшалардан тұрады. Досыңды, ініңді немесе қарындасыңды қол-аяқтарын бүгіп, қызықты бір кейіпте алдыңда тұруын өтін. Өзің оның схемалық суретін салуға кіріс.
Тек қана сопақша, цилиндр мен үшбұрыштардан дене құрастыру шарт емес. Сонымен қатар әсерлі сызықтар мен еркін пішіндерді қолдана отырып та адам денесін бейнелеуге болады. Ол үшін айна алдында мына сияқты жаттығулар жасай отырып, өз дене мүшелеріңнің қимылын мұқият бақыла. Содан кейін сурет салуға кіріс.
Қолдарыңды жоғары көтер!
left000left000
Қолдарыңды жан-жаққа соз!
left000left000
Қleft000left000олдарың шынтақ буында иіліп, жоғары көтерілген.
Қолдарыңмен әр түрлі қимылдар жаса. Қолдарыңның иілген тұстарына назар аудар. Адамның қолдары епті әрі икемді. Допты лақтырып, оны қағып алып ойнайсың. Секіретін жіпті айналдырасың, портфеліңді көтересің, күйсандықта ойнайсың, барлық жағдайда да қолдарың әр түрлі қимылдар жасайды. Қолдарымен әр түрлі қимыл жасаған адамдардың суретін сал.
left000left000
left000
Енді аяғыңмен әр түрлі қимылдар жаса. Тізерлеп отыр, тізеңді бүк, бір аяқпен тұрып, екіншісін жоғары көтер. Жүргенде немесе жүгіргенде адам аяқтары қалай бүгілетінін бақыла. Адам қалай баспалдақпен көтеріледі, қалай секіреді, осының бәрі сурет салған кезде қажет болады.
left000left000left000left000
Жас футболшылардың аяқтарында тыным жоқ. Олар жүйрік әрі қайратты болуы тиіс.Егер сен өзің жақсы көретін футбол ойынын бейнелегің келсе, қозғалыстағы денелерді бейнелеуіңе тура келеді.
left000left000left000left000
left000left000left000Біздің дене-тұлғамыз да қозғалғыш, оны жан-жақка иілтіп қозғалта аламыз. Адам күні бойы мыңдаған күрделі және қарапайым қимылдар жасайды. Жалпы біздің дене мүшелеріміз өте қозғалғыш, әрі ырыққа көнгіш механизм. Егер сен әр түрлі кейіптегі және қозғалыстағы адам денесін бейнелеуді үйренсең, салған суреттерің неғұрлым әсерлі де тартымды болып шығады. Бірнеше жаттығулар жасап, аяқ-қолдарыңның, басыңның және денеңнің қимылдарына назар аудар. Содан кейін кейбір қимылдарыңның суретін салып көр.
Сенің құрдастарың қозғалыстағы адамдарды осылай бейнелейді.
left000left000left000Мына суреттерде адамдар қалай бейнеленгеніне назар аудар. Олар немен айналысуда, қандай кейіпте бейнеленген? Адамның қандай да бір қимыл-қозғалыстағы кейпін бейнелейтін сурет салып көр.
Бейнелеу өнері шығармаларындағы адам денесі.
left000left000left000Мына репродукцияларға мұқият зер салып қара. Суретшілер әр түрлі қимыл үстіндегі адам денесін қалай бейнелейтініне назар аудар. Әйел адамның қолы өте нәзік, алақаны аялы болады. П. Пикассоның мына суретінде анасы бала сын қандай мейіріммен құшақтап отыр! Ал жапон шеберінің гравюрасындағы әйелдер жібек матаны бояу кезінде қызу әңгіме-дүкен құрып та үлгеруде. Оны әйелдердің қимыл-қозғалыстарынан көруге болады. Балериналардың қимылдары әрдайым сымбатты, ырғақты және әсем сазды болып келеді.
Өз біліміңді тексер.
1. Адам денесінің құрылысы туралы не білесің?
2. Адам денесінің мүшелерін қандай геометриялық денелерге ұқсатуға болады?
3left000left000. Адамның аяқ-қолдары қандай жұмыс атқарады?
4left000left000. Геометриялық денелерді пайдалана отырып, адам бейнесін құрастыр.
5left000. В. Перовтың мына туындысындағы аңшылардың әңгімесін сен естімейсің. Алайда олардың бет әлпеті мен әсерлі қимылдарынан әңгімелері аңшылық кезіндегі ерекше бір жағдай туралы екенін түсінуге болады. Осы сурет бойынша әңгіме құра.
Үйге тапсырма беру: Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, адам денесін бейнеле.
Сабақтың тақырыбы:Бейнелеу өнері шығармаларындағы адам денесі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам денесі мен кейпін бейнелеу, құрастыру тәсілдерінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000left000left000Түрлі түсті қағаздан геометриялық пішіндер қиып ал. Пішіндердің қайсыбірінен адамның басын, денесін, аяқ-қолын бейнелеуге болатынын ойлап көр. Бір түсті қағаз бетіне геометриялық фигураларды әр түрлі етіп құрастыру арқылы қуыршақ адамға түрлі қимылдар жасата аласың. Байқап көр, ең сәтті және қызықты шыққан бейнеңді қағаз бетіне жапсыр.
left000left000Біздің дене-тұлғамыз да қозғалғыш, оны жан-жақка иілтіп қозғалта аламыз. Адам күні бойы мыңдаған күрделі және қарапайым қимылдар жасайды. Жалпы біздің дене мүшелеріміз өте қозғалғыш, әрі ырыққа көнгіш механизм. Егер сен әр түрлі кейіптегі және қозғалыстағы адам денесін бейнелеуді үйренсең, салған суреттерің неғұрлым әсерлі де тартымды болып шығады. Бірнеше жаттығулар жасап, аяқ-қолдарыңның, басыңның және денеңнің қимылдарына назар аудар. Содан кейін кейбір қимылдарыңның суретін салып көр.
Сенің құрдастарың қозғалыстағы адамдарды осылай бейнелейді.
left000left000left000Мына суреттерде адамдар қалай бейнеленгеніне назар аудар. Олар немен айналысуда, қандай кейіпте бейнеленген? Адамның қандай да бір қимыл-қозғалыстағы кейпін бейнелейтін сурет салып көр.
Бейнелеу өнері шығармаларындағы адам денесі.
left000left000left000Мына репродукцияларға мұқият зер салып қара. Суретшілер әр түрлі қимыл үстіндегі адам денесін қалай бейнелейтініне назар аудар. Әйел адамның қолы өте нәзік, алақаны аялы болады. П. Пикассоның мына суретінде анасы бала сын қандай мейіріммен құшақтап отыр! Ал жапон шеберінің гравюрасындағы әйелдер жібек матаны бояу кезінде қызу әңгіме-дүкен құрып та үлгеруде. Оны әйелдердің қимыл-қозғалыстарынан көруге болады. Балериналардың қимылдары әрдайым сымбатты, ырғақты және әсем сазды болып келеді.
Өз біліміңді тексер.
1. Адам денесінің құрылысы туралы не білесің?
2. Адам денесінің мүшелерін қандай геометриялық денелерге ұқсатуға болады?
3left000left000. Адамның аяқ-қолдары қандай жұмыс атқарады?
4left000left000. Геометриялық денелерді пайдалана отырып, адам бейнесін құрастыр.
5. В. Перовтың мына туындысындағы аңшылардың әңгімесін сен естімейсің. Алайда олардың бет әлпеті мен әсерлі қимылдарынан әңгімелері аңшылық кезіндегі ерекше бір жағдай туралы екенін түсінуге болады. Осы сурет бойынша әңгіме құра.
Үйге тапсырма беру: Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, адам денесін бейнеле.
Сабақтың тақырыбы:Портрет. Бет әлпетінің кейпі. Мимика. Бет әлпет
мимикасын салып үйренейік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адамның бет әлпетінің кейпін бейнелеу тәсілдерінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
left000Қос тамшыдай бір-бірінен айнымайтын ұқсас адамдар болатынын сен білесің. Мысалы, мына суреттегі егіз қыздардай. Алайда бұл сирек кездесетін құбылыс. Көбінесе адамдар бір- біріне ұқсамайды. Себебі олардың бет пішіндері әр түрлі болады. Бірінші сыныпта адам бетінің кейпі туралы оқығаныңды есіңе түсір. Досыңның немесе туысқаныңның бет әлпетіне жақсылап қарап ал. Оның бет әлпетін суреттеп бер.
Бір адамның бет әлпеті әр түрлі болып өзгеретінін білесің бе? Мына баланың бетіне қарашы. Оның бет әлпетінің кейпі қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді.
left000
left000left000Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде оның бет әлпеті де өзгереді. Мына суреттерден сен өз құрдастарыңның жүздерін көріп отырсың. Олар әр түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді білдіреді. Айна алдына тұрып, өз бетіңнің кейпін өзгертіп, әр жағдайда бет әлпетің, оның пішіні мен сызықтары қалай өзгеретіндігін бақыла.
left000left000Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл шындық. Сен жаңа ғана бөтен баланы танымай-ақ, оның көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет. Мимика - адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйін көрсетеді. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып күлкі шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады. Адам мұңайғанда оның бетінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.
Адам ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, аузы берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды. Мына суреттегі бет кейіпті жағымды деп айту қиын. Мұндай бет әлпет менмен адамдарда болады. Қастары жоғары көтеріліп, көздері сығырайып, аузы жымдасып, ернінің бұрыштары төмен қарап тұрады. Мұндай кейіпте болмауға тырыс, оны айналаңдағы адамдар ұната қоймайды. Адам таңырқағанда оның қастары жоғары көтеріліп, көздері шарадай болып, ал аузы көп ретте аңқиып ашылады. Мүмкін сенде де оleft000left000сындай кейіп жиі болатын шығар.
left000
Үйге тапсырма беру: Достарыңның, туыстарыңның әр түрлі кейіпте отырған мимикасын бейнеле.
Сабақтың тақырыбы:Суретшілер портреттеріндегі мимика.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адамның бет әлпетінің кейпін бейнелеу тәсілдерінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген суретшілер шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Портрет салу кезінде суретші оны әсерлі етуге тырысады. Портрет көрерменді өзіне тартуы үшін ол кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін суреттейді. Оған суретші түстер гаммасының көмегімен, сызықтар мен пішін үйлесімділігі және адам бетінің мимикасы арқылы қол жеткізеді. Портреттерге мінездеме бер. Мимикаға назар аудар.
left000left000left000left000Леонардо да Винчидың мына екі туындысы сезім мен мимика жағынан бір-біріне мүлдем ұқсамайды.
Д. Қасымовтың «Айсұлу» портретіндегі жылы, шуақты түстер гаммасы кейіпкердің қуанышты көңіл күйін әсерлей түскен. Мынау П. Пикассоның (төменгі оң жақтағы) салған портреті. Ол өте әсерлі де таңғаларлық.
left000left000
Сенің құрдастарың бейнелеген адамдардың суреттері мынадай.
Қарашы, балалар қандай әсерлі суреттер салған! Осы суреттерде бейнеленген адамдардың көңіл күйлерін анықта. Әр суреттің немен салынғанын анықтап көр. Оларды бейнелеу өнерінің қай түріне жатқызуға болады? Үйде жақын туыстарыңның, ал аулада және мектепте достарыңның бет әлпеттеріне назар аудар.
left000left000
left000
Өз біліміңді тексер.
1. Сөйлемді аяқта: «Портрет - бұл... бейнеленетін жанр».
2. Адамның бет әлпеті қандай көңіл күйді білдіреді? Мына суреттегі адамдардың көңіл күйін анықта.
3left000. «Портрет» сөзжұмбағы.
1left000. Адамдарды бейнелейтін суретші.
2. Алғашқы нобай сурет.
3. Қарындаш, бояу ұстаған адам.
4. Қара бояу.
5. Портрет, пейзаж, натюрморт - бір сөзбен айтқанда.
6. Суда еритін мөлдір бояу.
7. Бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралы.
Үйге тапсырма беру: Достарыңның, туыстарыңның әр түрлі кейіпте отырған мимикасын бейнеле.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы:Сәулет деген не? Сәулет ескерткіштері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әлем елдері мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде
маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер
жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру.
ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту,
жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып,
жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа
жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ертедегі адамдар алғашында үңгірлерде тұрғанын білесің бе? Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.
Баспаналар бір-біріне өте ұқсас әрі ұсқынсыз болды. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшық кірпіштерден тұрғызылды. Біздің заманымызға дейін қарапайым баспаналардың қайсысы сақталған?
Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзіне ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті ірі сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін жоғары шеберлік пен терең білім қажет болды. Сонымен қатар тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар - адамдар құдайларына сиынатын ғибадатханалар, стадиондар, театрлар, кітапханалар салына бастады.
Сондай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (орысша архитектура - гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан). Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған өнер. Сәулет ғимараттары әр түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш, тас, бетон, пластик, әйнек, т.б. салынады. Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Бірте-бірте қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына көп қабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ елінің Даллас қаласындағы аспанмен таласқан үйлер бейнеленген.Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда салынған. Олар 4-5 қабаттан биік болған жоқ. Аспанмен таласқан алғашқы биік үйлер 19 ғасырдың аяғында АҚШ-та салынған. Қазіргі кездегі ең биік құрылыс Гонконгтегі Нина мұнарасы. Оның биіктігі 520 метр. Ал Дубайда биіктігі 800 метрден асатын мұнараның құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Сәулетші де суретші сияқты шығармашылық ой иесі болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза алмайды. Мына Сидней қаласындағы опера театрының ғимараты ақ желкендерден аумайды емес пе? Ал Торонтодағы телемұнара аспанға атылған ракета тәрізді. Әсем қала Алматы да өзінің қазіргі заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақ үйі - қалаға көрік беруші құрылыстардың бірі.
Мына сәулет құрылыстарына мұқият қара. Олар әр дәуірде, әр елде түрлі сәулетшілердің қолымен тұрғызылған. Сол сәулетшілердің көбінің есімдері біздің заманымызға жетпеген. Ал олардың туындыларын біз әлі күнге дейін қызықтап, тамашалаймыз. Бұл құрылыстарға тән ортақ нәрсе - олардың өзгешелігі, бір-біріне ұқсамайтындығы. Олар бір көргеннен-ақ өмір бойы есте қалады. Сондай-ақ, әрбір сәулет ескерткішінің өз тарихы бар. Ең алып және ұлы құрылыстарды гректер «әлем ғажайыптары» деп атаған. Мұндай ғажайыптардың саны жетеу еді. Солардың тек біреуі ғана - Египеттегі Хеопс пирамидалары біздің заманымызға дейін сақталган. Египет пирамидалары перғауындардың құрметіне тұрғызылған. Перғауындар көзінің тірі кезінде астында терең мәйітхана орналасқан пирамиданы салдыра бастайтын. Хеопс пирамидасы - Египет пирамидаларының ішіндегі ең ірісі. Оның биіктігі 146 метр. Әр қабырғасының табаны 227 метрге тең. Оның құрылысына екі миллионнан астам кесек жұмсалған. Барлық кесектердің бір-бірімен тығыз жымдастырылғаны сондай, араларынан ине де өте алмастай. Пирамида құрылысына 20 жылдай уақыт кеткен.
Қожа Ахмет ескерткіші - ерте заманнан қалған көне архитектуралық кешен. Ескерткіш 14 ғасырдың аяғында (1396- 1398) Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ұзындығы 62,5 м, ені 46,5 м, биіктігі 38 м. Күмбезі Орта Азиядағы ең үлкен күмбез. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Мұнда мешіт, медресе, кітапхана, хансарай, т.б. бірнеше бөлмелер бар. Қожа Ахмет кешені Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс.
Тәж-Махал сөзбе-сөз аударғанда «сарайдың сәні» деген мағынаны білдіреді. Үнді шахы Жаһанның сүйікті жарын осылай атайтын. 36 жасында жары қайтыс болып, шах терең қайғыға батады. Шах асыл жары Мумтазға ескерткіш ретінде әлемде теңдесі жоқ әсем кесене тұрғызуды шешеді. 1653 жылы Агра шаһарында құрылыс аяқталады. Ақ мәрмәрдан өрілген асқақ кесене қалықтап тұрғандай көрінеді. Тәж- Махал кесенесі тек Үндістанда ғана емес, дүние жүзіндегі ең әдемі сәулет туындысы болып табылады.
Үйге тапсырма беру: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнел
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000Биылғы оқу жылында киіз үймен танысуды одан әрі жалғастырамыз. Бұл ерекше баспана туралы қызықты да ұзақ әңгіме қозғауға болады. Қазақ халқы осы дәстүрлі, көнеден келе жатқан баспанаға деген ыстық ықыласын бүгінгі күнге дейін аялап жеткізе білді. Киіз үй қазақ халқы үшін тек жеңіл де қолайлы баспана ғана емес, сонымен қатар ол - халық мұрасы. Киіз үйдің құрылысы аса күрделі емес. Негізінен ол кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Бұлардың бәрі қайың, терек сияқты ағаштардан жасалынады. Киіз үй құралдарына айналмас бұрын ағаш бұтақтары ұзақ та тиянақты дайындықтан өтеді.Киіз үйдің дайын бөлшектері көбінесе өсімдік бояуы - қынамен боялады.
Үйді тіккеннен кейін керегенің сыртынан әсем тоқылған ши жүргізіледі. Содан кейін тұтастай бор ерітіндісімен суарылған киізбен жабылады. Бұл киізді ағартып, беріктігін арттыру үшін жасалынады. Бұған қосымша киіз ұлттық нақышты өю-өрнектер түріндегі жібек немесе мақта матадан ойылған оюлармен безендіріледі. Одан кейін іші-сыртынан ағаш және киіз бөліктер әдемі басқұр, жел баулармен бекітіп байланады. Киіз үйді құру дәстүрі де бағзы заманнан бері өзгермей келе жатыр. Үй тігіліп жатқанда отбасына бақыт пен қуаныш орнасын деген ниетпен әрқашан көңілді әзіл-күлкі толастамайды. Киіз үйдің есігі, әлбетте, шығысқа қарап тігіледі. Себебі ақын жанды қазақ үйге бірінші қонақ - күннің сәулесі түсуі тиіс деп санаған.
Шаңырақ – отбасылық қасиетті реликвия. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер left000құрастырса, шаңырақты көтеру – отағасының немесе рубасының міндеті.
Шаңырақ көтерілгеннен кейін оның шеңберіне әткеншек ілініп, оған қыз бен ұл баланы отырғызып тербетеді. Бұл бір жағынан құрылыстыңберіктігін тексеру болса, екіншіден, ертеден келе жатқан сенім бойынша, балалардың күлкісімен жаңа қонысқа байлық пен бақ орнайды. Киіз үйдің барлық бөліктері жарамсыз болып қалса, олар ауыстырылып, шаңырақ сақталып, ол кенже ұлдың меншігіне қалдырылған. Келген қонақтар алдымен кенже ұлдың үйіне түсіп, содан кейін оның ағаларының үйіне баруы тиіс. Бұл шаңырақты құрметтеу болып табылады. Шаңырақтың ортасындағы күлдіреуіштің төрт ұшы әлемнің төрт жағын көрсетіп тұрады. Ертедегі көшпенділер шаңырақ ортасында жұлдыздардың орналасуына қарап, бір жайылымнан екінші жайылымға көшу уақытын анықтап отырған.
left000Киіз үйдің ішкі көрінісі
Сен киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? Оның ішінде ерекше тыныштык пен жайлылық әлемі орнап тұрғандай сезінесің. Киіз үйдің іші бірнеше бөліктерге бөлінеді. Кіре беріске қарама-қарсы жақты төр деп атайды. Бұл құрметтіқонақтарға арналған орын, сондықтан ол сәндеп безендіріледі. Үйдің оң жағы ер адамдардың, сол жағы әйелдердің үлесі болып табылады. Киіз үйдің ортасы- ошақ орны. Ошақ орны қасиетті деп саналады, сондықтан оның орнын баспай айналып өту керек. Киіз үйдің ішкі керегелері мен едені түкті және тықыр кілемдермен, алаша, түскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендіріледі.
Үйге тапсырма беру: 100-бет, Киіз үйді және оның ішкі көріністерін бейнеле.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ кілемдері қалай тоқылады?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы
оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Кілемдердің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Түкті және тықыр кілемдер арнайы жабдықталған құралдарда (станоктарда) тоқылады. left000Алдын ала жіптер қажетті түстерге боялып, кілемнің ою-өрнек үлгісі дайындалады. Түскиізді ісмер-шеберлер түсті жіптермен кестелеу арқылы жасайды. Көбінесе кестеге ұсақ моншақтар мен алтын зерлі жіп қолданылады. Түскиіздерге сан қилы өсімдік өрнектері сән береді. Тағы бір ерекшелік, әр бұйымның өзіне ғана тән ою-өрнегі болады. Мысалы, кілем, төсеніштерге салынатын өрнек ешқашан киімдерге салынбайды. Сырмақтар әр түске боялған киіздерден қиыпалынған оюларды бір түсті киіз бетіне жапсыру тәсілімен біріктіре отырып сырылады. Тігістерді арнайы иірілген әдемі жуан жіптермен жасырады. Ши тоқу үшін арнайы қамыстан дайындалған ши қажет. Жүннен иірілген түрлі түсті жіптермен геометриялық өрнек сала отырып, ши шыбықтары бір-біріне жалғанып тоқылады. Сөйтіп төзімді де әдемі болып шығады.
Текемет күрделі сатылардан тұратын пісіру әдісімен жасалынады. Жуылып, түтілген жүнді жайып, оның үстіне басқа түстерге боялған жүннен өрнек салады. Содан кейін оны сулап, пісіріп, бастыруға кіріседі. Текемет бастыру тәсілі де left000ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Киіз баса отырып, қыз-келіншектер ән шырқап, әзіл-күлкілерімен бұл рәсімді той-думанға айналдырған. Түкті кілем, тықыр кілем, алашалардың ою-өрнектері төсеніш болатын сырмақ, текеметтердің өрнектерінен ерекше болады. Төсеніштердің өрнектері геометриялық өрнектердің жиынтығынан стилизация әдісімен құралып, қошқармүйіз, түйетабан, тағы сол сияқты болып келеді. Ал түскиіз өрнектері көбінесе өсімдік, гүл тәрізді.
-192278052895500
33972516573500
Үйге тапсырма беру: 104-бет, Қазақ кілемдерінің жасалуы жайлы толығырақ таныс.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ою-өрнектері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді
оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой –
өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап,
ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ
болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
24638018542000Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
787409906000
Сабақтың барысы:
Қазақ ою-өрнегі өте ертеде пайда болған, оның мазмұны, өрнектері әр түрлі. Негізінен олар өсімдік, жан-жануар, адам өмірі мен ғарыштық ғалам табиғатын бейнелеуден тұрады. Соның ішінде жан-жануарды өрнектейтін оюлар көптеп кездеседі. Олар ежелгі қазақ мәдениетінен, көшпенділер өмірінен сыр шертеді. Сонымен қоса біздің ата-бабаларымыз сақ-скифтердің «аң бейнелі» өнерінің шығуына үлкен ықпалын тигізген. Оны мына жүген қапсырмасынан, т.б. өрнектерден байқауға болады. Әр өрнекке өзінің сипатына қарай ат берілген. Мысалы, мына өрнек қой мүйізіне ұқсайды. Сондықтан ол «қошқармүйіз» деп аталады. Міне, осы өрнектен қызықты да әдемі ою жиынтығын құрастыруға болады.
left000left000«Түйетабан» оюы өзінің аты айтып тұрғандай түйенің табанын бейнелейді. Түйені көргендерің болса, оның ізіне қарап көз жеткізуге болады. Сондай-ақ адам тұрпаты (денесі) да өрнекті құрай алады. Оны мына суреттен қызықтауға болады.
Өз біліміңді тексер.
1. Киіз үй қандай негізгі бөліктерден тұратынын есіңе түсір. Оларды ата.
2. Мына суреттегі ұлттық кілемдер қалай аталады?
left000
3. 3.Киіз үйдің іші қандай бөліктерге бөлінеді?
4. Қазақтың ұлттық кілемдері қандай оюлармен өрнектелген?
5. Киіз үйді тіккен кезде шаңырақты кім көтерген?
6. Қазақтың ұлттық кілемдерін ата.
7left000. Түсті жіптермен кестеленген кілем қалай аталады?
Үйге тапсырма беру: 108-бет, сен де өз дастарқаныңа өрнек ойлап тап. Оның суретін жұмыс дәптеріңе сал.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік өрнектерін салып үйренейік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін
арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге
үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту,
алған білімдерін өз беттерінше қолдана білуін қадағалау.
б) Тәрбиелілік: Оқушылардың көркемдік танымға, жұмысты орындау
кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға
ынтамен қарауға, біткен бұйымды талдап, сәндік талап
қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
-2603503238500
Сабақтың барысы:
Ағаштың жапырағын қолыңа алған кезде оның оң жағы мен сол жағы ұқсас екеніне көңіл аудардың ба? Егер жапырақты қақ ортасынан бүктесең, оның оң жағы мен сол жағы тура беттеседі. Көктемде, жазда шөптер мен ағаштарға қонған көптеген жәндіктерді байқаған боларсың. Түрлі қоңыздарға, көбелектер мен шегірткелерге зер салып қара. Сонда сен олардың да оң және сол жақтарының бірдей екенін байқайсың. Осы құбылысты симметрия деп атайды. Симметрияның көптеген мысалдарын тұрмыстық заттардан көруге болады. Айналаңдағы заттарға қарап, ойша олардың әрқайсысын тең екіге бөлетін сызық жүргіз. Бұл сызық симметрияның осі деп аталады. Ойлап қарасаң, біз симметрия әлемінде өмір сүреміз. Біз бейнелеу өнерінде де симметрияны кездестіреміз. Көптеген заттарды симметриялы етіп бейнелеуге тура келеді.
left000Симметриялық бейнелеудің ең оңай тәсілі - монотипиялық техникада орындау болып табылады. Мына суреттегідей көбелектің суретін салу монотипиялық техникада жеңіл орындалады.
left000
Суреттерге қарап, салыстырайық.
Өрнектің басты шарты - симметрия. Әдемі өрнек құрастыру - бұл үлкен өнер. Алдымен мына гүлдерге зер салып карайық. Сен мынадай гүлдерді табиғатта жиі кездестіресің.
220916563500009874256667500
Аleft000left000л сәндік-қолданбалы өнер туындыларында сен оларды мынадай түрленген қалыпта көресің. Даладағы, гүлзарлардағы гүлдер мен суретші салған гүлдер арасында қандай айырмашылық бар?
Үйге тапсырма беру: 112-бет, симметриялық түрлі заттардың және симметриялық өсімдік өрнектерін салып, үйренейік.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Әшекейлеу, безендіру
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін
арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге
үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту,
алған білімдерін өз беттерінше қолдана білуін қадағалау.
б) Тәрбиелілік: Оқушылардың көркемдік танымға, жұмысты орындау
кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға
ынтамен қарауға, біткен бұйымды талдап, сәндік талап
қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Әшекейлеу үшін суретші гүл шашақтарын, жапырағын, сабағын негізге алады да, әрі қарай өз қиялы бойынша толықтырады. Сен де сол суретші сияқты гүлдер, жапырақтар және жемістермен жұмыс істеп көр. Бұл саған жақсы өрнек шығаруыңа септігін тигізеді. Ең қарапайым - түймедағы гүлін алайық. Түймедағы, әрине, саған таныс болар. Оның дөңгелене біткен ортасы бар, айналасына ұзынша келген шашақ жапырақтар орналасқан. Ал енді осы гүлді ерекше гүлге айналдырып көрейік. Алдымен ортаңгы бөлігін түрлендіреміз. Шеңбер бойымен біркелкі етіп, дөңгелек немесе басқа өрнектер орналастыр. Өрнектерді өз қалауыңша түрлендір.
Енді жапырақтарға көшейік. Оларды да әр left000түрлі пішінде түрлендіруге болады.
Көрдің бе, қарапайым түймедағы гүлінен бірнеше өзгеше сипаттағы гүлдер шықты. Осы сияқты өзге де гүлдерді, жапырақтарды, жемістерді түрлендіріп, басқаша сипат беріп көр.
Өрнек жасау үшін бірнеше әдемі үлгілерді таңдап ал. Өрнек үлгілерін алдын ала белгіленген пішім ішіне орналастырады. Жіңішке тік немесе көлденең орналасқан өрнекті жолақ өрнек дейді. Өрнектің бөліктерін белгілі бір қашықтықта орналастыру қажет. Ол үшін сызғышты алып, пішімді біркелкі бөліктерге бөліп алған дұрыс. Қарапайымнан бастап күрделі өрнектерге дейін құрастыруға болады. Өрнек құрастырған кезде симметрияны ұмытпа. Бұл өрнектің қай үлгімен басталса, сол үлгімен аяқталатынын білдіреді. Өрнектерді екіге бүктеген кезде оның барлық бөліктері сәйкес келуі тиіс.
left000Өрнектерді түрлі түсті қарындаш, фломастермен салуыңа болады. Бірінші сыныпта жасағаныңдай оны аппликация тәсілімен де орындай аласың. Ол үшін үшбұрыш, дөңгелек, сопақ сияқты геометриялық денелерді пайдалан. Осы денелерден өте тартымды гүлдер жасай аласың. Мына өрнектерді қайда пайдалануға болатынын ойланып көр. Мүмкін бұл өрнекпен ыдыстарды әшекейлейтін боларсың, әлде кітап арасына салатын әдемі жолаққа лайық па?
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі геометриялық денелер мен түрлі түсті бояуларды пайдалана отырып, өрнек құрастыр.
абақтың тақырыбы:
Адамдар мен жануарлар дене құрылысындағы симметрия.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды адамдар мен жануарлар дене құрылысының
ерекшеліктерімен таныстыру, білімділігін арттыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу икемдігін дамыту, осы
сабақтан алған білімді байланыстыра және салыстыра
пайдаланып, икемдікті дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды адамдар мен жануарлардың дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене
күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000Симметрия деген не екенін есіңе түсір. Адамның дене бітімі мен бет пішініне мұқият қара. Олар симметриялы ма?
Ал жануарлардың дене құрылысын симметриялы деп айту мүмкін бе?
left000left000left000left000left000Жануарлар үнемі тынымсыз қимылдап жүретіндіктен олардағы симметрияны көбінесе байқамаймыз. Бірінші сыныпта жануарларды бейнелеуді үйрендің. Ал енді мысықтың қимыл-қозғалысын байқа. Мысықтың әр түрлі қимылдағы сәттерін бейнелеп көр.
left000left000Мысықты да әр түрлі геометриялық пішіндерді қолданып, схема түрінде бейнелеуге болады. Бұл оның дене құрылысын зерттеп білуіңе көмектеседі. Суреттегі мысықтарға лайық схеманы таңда. Лайық схемасы жоқ мысықты схема түрінде бейнелеп көр.
left000
Өз біліміңді тексер.
1. Симметрия деген не? Симметриялы бейнелерді таңда.
left000
2. Симметрия қайда кездеседі?
3. Адам мен жануарлардың дене бітімі симметриялы ма? Оны қалай дәлелдей аласың?
4left000. Мына жолақ өрнек қалай аталады?
5left000. Өрнекте симметрия шарты қалай сақталғаны туралы айтып бер.
6. Жұмыс дәптеріңе төмендегі элементтерден өрнек құрастыр.
left000
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі геометриялық денелерді пайдалана отырып, адамдар мен жануарлардың симметриялық құрылысын бейнеле.
Сабақтың тақырыбы:
Түрлі қимыл-қозғалыстағы адам денесі мен кейпі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Түрлі қимыл-қозғалыстағы адам денесі мен кейпінің
ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін
маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын
түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін
тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да
қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене
құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін
сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, түрлі қимыл қозғалыстағы адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000Қозғалыстағы адам денесінің сұлулығына назар аударып көрдің бе? Адамның әрбір қимылы көп мағынаны білдіреді. Жай ғана отырған адамның кейпіне қарап, оның ойланып немесе мұңайып, әлде көтеріңкі көңіл күйде отырғанын, не бір шешуші қадам жасағалы отырғанын аңғаруға болады. Мына шығармалар мен фотосуреттегі отырған адамдардың бейнесіне зейін қойып қара. Адамның әрбір қимылы оның жан дүниесі, мінез-құлқы, кәсібі жайлы не айтады екен?
left000left000Адамдар әр қилы жұмыстармен айналысады. Олардың денелері күніне мыңдаған алуан түрлі қимылдар жасайды. Мына фотосуреттерге қарап, велосипедшілер, киізден ою ойған қазақтың халық шеберлері, мата бояп жатқан әйелдер қандай қимыл-қозғалыстарды көп қайталайды деген сұраққа жауап бер. Осы қимыл-қозғалыстарды бейнелеуге тырыс. Сен қалай ойлайсын, жұмыстың сапасы олардың қимылдарының ширақтығына байланысты ма?
left000left000Әсіресе спортшының қозғалыстағы денесі өте әдемі әрі тартымды. Әр спортшының қозгалыстағы денесінің алуан түрлі иілу сызықтарына назар аудар. Олар бірде баяу қимылдаса, бірде әсем иіледі, енді бірде екі бүктеліп кеткендей болады. Гимнастшы мен футболшының дене сызықтарын салыстыр. Олардың қимыл-қозғалысын, дене пішіні мен иілу сызықтарын бер.
Өзің білетін спорт түрлерін ата.
Қандай спорт түрлері үшін мыналар қажет:
тез жүгіру;
биікке секіру;
дискіні ұзаққа лақтыру.
left000
Үйге тапсырма беру: Түрлі қимыл қозғалыстағы адам денесі мен кейпін бейнеле.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 26. ІҮ
Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Әлем елдері мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру. ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып, жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ертедегі адамдар алғашында үңгірлерде тұрғанын білесің бе? Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.Баспаналар бір-біріне өте ұқсас әрі ұсқынсыз болды. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшық кірпіштерден тұрғызылды. Біздің заманымызға дейін қарапайым баспаналардың қайсысы сақталған? Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзіне ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті ірі сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін жоғары шеберлік пен терең білім қажет болды. Сонымен қатар тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар - адамдар құдайларына сиынатын ғибадатханалар, стадиондар, театрлар, кітапханалар салына бастады.
left000Көптеген ғасырлар бұрын итальяндық бай үй осындай көрініс тапты.
Самарқандағы Регистан
left000Сондай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (орысша архитектура - гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан). Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған өнер. Сәулет ғимараттары әр түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш, тас, бетон, пластик, әйнек, т.б. салынады. Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Бірте-бірте қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына көп қабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ елінің Даллас қаласындағы аспанмен таласқан үйлер бейнеленген.Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда салынған. Олар 4-5 қабаттан биік болған жоқ. Аспанмен таласқан алғашқы биік үйлер 19 ғасырдың аяғында АҚШ-та салынған. Қазіргі кездегі ең биік құрылыс Гонконгтегі Нина мұнарасы. Оның биіктігі 520 метр. Ал Дубайда биіктігі 800 метрден асатын мұнараның құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Сәулетші де суретші сияқты шығармашылық ой иесі болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза алмайды. Мына Сидней қаласындағы опера театрының ғимараты ақ желкендерден аумайды емес пе? Ал Торонтодағы телемұнара аспанға атылған ракета тәрізді. Әсем қала Алматы да өзінің қазіргі заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақ үйі - қалаға көрік беруші құрылыстардың бірі.
299720029146500129476523939500-16637029210000
25405588000
Мына сәулет құрылыстарына мұқият қара. Олар әр дәуірде, әр елде түрлі сәулетшілердің қолымен тұрғызылған. Сол сәулетшілердің көбінің есімдері біздің заманымызға жетпеген. Ал олардың туындыларын біз әлі күнге дейін қызықтап, тамашалаймыз. Бұл құрылыстарға тән ортақ нәрсе - олардың өзгешелігі, бір-біріне ұқсамайтындығы. Олар бір көргеннен-ақ өмір бойы есте қалады. Сондай-ақ, әрбір сәулет ескерткішінің өз тарихы бар. Ең алып және ұлы құрылыстарды гректер «әлем ғажайыптары» деп атаған. Мұндай ғажайыптардың саны жетеу еді. Солардың тек біреуі ғана - Египеттегі Хеопс пирамидалары біздің заманымызға дейін сақталган. Египет пирамидалары перғауындардың құрметіне тұрғызылған. Перғауындар көзінің тірі кезінде астында терең мәйітхана орналасқан пирамиданы салдыра бастайтын.Хеопс пирамидасы - Египет пирамидаларының ішіндегі ең ірісі. Оның биіктігі 146 метр. Әр қабырғасының табаны 227 метрге тең. Оның құрылысына екі миллионнан астам кесек жұмсалған. Барлық кесектердің бір-бірімен тығыз жымдастырылғаны сондай, араларынан ине де өте алмастай. Пирамида құрылысына 20 жылдай уақыт кеткен.
left000Қожа Ахмет ескерткіші - ерте заманнан қалған көне архитектуралық кешен. Ескерткіш 14 ғасырдың аяғында (1396- 1398) Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ұзындығы 62,5 м, ені 46,5 м, биіктігі 38 м. Күмбезі Орта Азиядағы ең үлкен күмбез. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Мұнда мешіт, медресе, кітапхана, хансарай, т.б. бірнеше бөлмелер бар. Қожа Ахмет кешені Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс.
left000Тәж-Махал сөзбе-сөз аударғанда «сарайдың сәні» деген мағынаны білдіреді. Үнді шахы Жаһанның сүйікті жарын осылай атайтын. 36 жасында жары қайтыс болып, шах терең қайғыға батады. Шах асыл жары Мумтазға ескерткіш ретінде әлемде теңдесі жоқ әсем кесене тұрғызуды шешеді. 1653 жылы Агра шаһарында құрылыс аяқталады. Ақ мәрмәрдан өрілген асқақ кесене қалықтап тұрғандай көрінеді. Тәж- Махал кесенесі тек Үндістанда ғана емес, дүние жүзіндегі ең әдемі сәулет туындысы болып табылады.
Үйге тапсырма беру: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнеле.
«Тексерілді»
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _____________________
Пәні: бейнелеу өнері  Сынып: 2 «А, Ә, Б, В» мерзімі: 10. Ү
Сабақтың тақырыбы: Ғимараттардың суретін салуды үйренеміз.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әлемге елдері мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру. ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып, жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
left000left000left000Сен талай рет үйдің суретін салған боларсың. Әрине одан оңай еш нәрсе жоқ сияқты. Керегелері тікбұрыш, төбесі үшбұрыш ішін есік, терезелердің суретін салдық - міне, үй дайын. Бірақ осындай үйді өнер туындысы деп атауға бола ма? Осындай үй сенің қалаңа көрік бере ме? Әрине жоқ! Ал осы үйді өнер туындысына айналдыруға бола ма? Байқап көрейік. Үйдің суретіне зер салып қараймыз да, оны әр түрлі бөлшектермен толықтырып, әшекейлейміз. Әр бөлшекті негізгі үйдің пішініне қосқан сайын, үй түрленіп басқаша түрге енеді. Сенің қиялыңа қарай, ол бір сәтте сәулетті сарайға, ертегідегідей ғажайып үйге айналуы мүмкін.
Өз біліміңді тексер.
1. Сәулет деген не?
2. Адамдардың алғашқы баспаналары неден салынған?
left000
3. Түрлі ғимараттар не үшін қажет?
4left000left000. Сәулет туындыларын құрылған уақытына қарай орналастыр. Олардың қалай аталатынын тап.
5left000. Баспана қандай болуы керек?
6. Қазіргі заманғы қандай сәулет құрылыстарын білесің?
7. Саған қандай тарихи-сәулет ескерткіштері белгілі?
8. «Сәулет» сөзжұмбағы.
Үйге тапсырма: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнеле.
Бейнелеу 13.04. 2015 ж
Сабақтың тақырыбы:
Мұражай дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік Мұражай туралы түсінік беру, жобалық суреттер салдыру.
ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту,
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,
жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа
жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Ұлы суретшілер ертеден өнер туындыларын жасауды жалғастырып келеді. Өнер туындыларын әрдайым қымбат бағаланғаны белгілі, сондықтан да алғашқы туындылардың көлемді коллекциялары корольдер мен ақсүйектердің сарайларында жасалған. Туындылар келешек ұрпаққа жақсы сақталып жетуі үшін коллекция жинаушылар картиналарды арнайы бөлмелер мен ғимараттарға орналастырған. Онда өнер туындылары сақталып қана қоймай, сондай-ақ өнерді бағалаушылар оларды тамашалай алатын еді. Мұндай ғимараттар уақыт өте келе «мұражай» деген атауға ие болды.
« Мұражай» гректің «музейон» деген сөзінен шыққан. Ежелгі гректер әр түрлі құдайларға соның ішінде Зевске құдайлардың құдайы деп сенген. Оның 9 әдемі қызы болған. Олардың құрметіне тұрғызылған алғашқы ғибадатхана «музейон» деп аталды.
Қазақстандағы ең үлкен мұражай – Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы. 2014жылы мұражайға 79 жыл толады. Мұражай 30 жылдан бері кескіндеме мектебінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің есімімен аталады.

Лондондағы Британдық мұражай Ресейдегі Екатеринбург қаласындағы
әскери мұражай
Үйге тапсырма 96-бет, оқу
Бейнелеу 20.04.2015 ж
Сабақ тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.
Мақсаты: 1)Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру,киіз үй құрылысымен танысу.
2)Киіз үйдің құрылысы жайлы жұмбақтар шешіп,өлеңдер оқып жаңа сабақты меңгеру.
3)Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашанда қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: киіз үй жасаулары – суреттер, жұмбақ, киіз үй жасаулары өлеңі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру. Жұмбақ айтудан бастау.
Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды /кереге, уық, шаңырақ/.
Бүгінгі танысатын тақырып «Киіз үй жабдықтары».
Сұрақтар қойылады.
1.  Қандай киіз үй түрлері бар? /6 қанатты, 8 қанатты т.б./
2.  Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көрсіңдер ме?/тойларда, наурыз мерекесінде тігіледі/
3.  Киіз үй құрылысын кім айтып береді? /кереге,уық,шаңырақ, желбау, түндік, туырлық, есік, арқан, ши/                                                     
     Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбіне өзен бойындағы талдардан жасалады. Шаңырақ үшін түзу және бұтақсыз ағаш алынады. Кереге - киіз үйдің қабырғасы. Кереге көз өлшемдеріне қарай «жел көз», «тор көз» болып екіге бөлінеді.
Киіз үй жабдықтары.
 
Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің, шынайы еңбек пен табиғатты түсіне білуінің, шеберлі пен даналық суреткерлігінің құдіретті туындысы киіз үй десек болады. Киіз үйдің күмбез тәрізді жасалуы,  күн тіке түетін беттің неғұрлым аз, ішкі көлемнің көп басылуы, ақ сөңке сүйекпен борлануы, күн сәулесін өткізбеу үшін қажет. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де уық арқылы күмбізге айналып кетеді. Үй басу өнері – аса іскерлік пен қыруа еңбекті, шынайы талғамды керек ететініс. Киіз үй сүйегі, яғни  керегесі мен уықтары  көбіне өзен бойындағы  талдардан жасалады. Кейде қайыңнан жасалады. Қайыңнан жасалған үйлердің көлемі үлкен, сүйегі салмақты, берік болады.Шаңырақ үшін дайындалатын ағаш мейлінше түзу және бұтақсыз болуы керек.Кереге-киіз үйдің қабырғасы.Ол арнайы таңдай алынған талдан иіліп, құрастырылады.Иілген керегеге мәнерлі сызықтар салынады.Бұл сызықтар «Қобы»деп аталады.Кереге көз өлшемдеріне қарай «жел көз»,  «тор көз»болып екіге бөлінеді.Кереге биіктігі оның көгімен есептеледі.Көк дегеніміз-қиылысқан екі ағашты біріктіру.Киіз үй есігі арнайы таңдап алынған ағаштан жасалады.Көшіп қонуға ыңғайлы болу үшін есіктің маңдайшасы мен табалдырығын жинамалы етіп жасайды.Уық-шаңырақ пен кереге басын жалғастыратын, талдан ию арқылы жасалатын киіз үйдің негізгі сүйек мүшелерінің бірі:Шаңырақ-киіз үй сүйегінің негізгі түйіні.Шаңырақ шеңбер тәрізді «бөгеннен», «күлдіреуіштен», «күлдіреуіш бақалағынан» тұрады. Бақан-шаңырақтың қосалқы бөлшегі. Ши-екі қанаттан тұрады.Ел ішінде үй жабудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан.Біріншісі, тұтас үш туырлықпен жабу да, екіншісі, үзектеп жабу.Киіз үйдің әрбір арқан-бауларының өзіндік атқаратын қызметтері бар.Бас арқан-құрулы кереге қанаттарының басын айналдыра тартатын арқан.Белбеу арқандар-жабулы киіз үйдің сыртын айналдыра, екі жерден тартылатын арқандар.Таңғыш-өзера қайысқан әрбір екі кереге қанатын біріктіретін, ұзындығы 3-3,5 метр шамасында болып келетін,түрлі-түсті құр.Уық бау-уық пен кереге бастарын біріктіру үшін, арнайы түрлі-түсті жіптен есілген бау.Уықтың аяқ бауы-жығылуы киіз үйдің жиналған уықтарын топтан буу үшін,уықтың ұзынбойына арнайы тағылған бау. Жел бау-шаңырақ бөгенінің екі ернеуіне үйдің екі бүйіріне түсіп тұратындай етіп тағылатын, түрлі-түсті жалпақ құр. Кіндік бау-маңдайшаға байланады, ұзындығы 2 метр, жуандығы 1,5 см шамасында есілген бау.Киіз есік-жиналғанда кіндік бау арқылы маңдайшаға байланады да,үй сыртынан жабылғанда кіндік бау бір босағада төменгі белбеу арқаннан өткізіліп,екінші босағаға байланады.Кіндік бауды негізінен ала жіптен есіп жасайды. «Адамның ала жібін аттамау»деген халық ұғымының бір төркіні осында болса керек.Басқұр-бас арқанның үстінен, уық шаншылып, кереге бекітілген кейін тартылатын, жалпақтығы 13-15 см шамасында 2 немесе 3 түрлі жіптен ызып тігілген жалпақ құр.Тегеріш-басқұрдың үстінен үйді айналдыра тартылатын, түрлі-түсті жіптен ою-өрнек салып тоқылған жалпақ терме бау.Киіз үйдің сүйек мүшелерін, жабының жекелеп талдап қарасақ,олардың жасалу техтологиясын, пішімдерінің өте жоғары дәрежелі ғылыми негізі бар екендігін көреміз.Үйдің сүйек мүшелерінің жоғарыдан түскен салмақты шаңырақ бөгеінен бастап кереге аяғына дейінгі аралықта бірдей мөлшерде қабылдау, оған қоса сыртқы табиғи күштерге төтеп беруі, олардың пішімдерінің өте күрделі есептеулер нәтижесінде алынғандығының айғағы.
Суретпен жұмыс.
 
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
«Киіз үй жасаулары» атты өлең оқылады. 
Сағақты кереге
Шаңырақ біреу,
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу
Алты қанат боз үй дейсің мұны,
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу.
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,
Крегенің басында адалбақан
Төрдегі текеметке малдас құрып
Көнен хикаясын шертер атаң.
Іргеден маңдай төсеп еспе желге
Қымыз іш
Сырқат қалмас еш денеңде.
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық
Артық мүлік болмайды көшпелі елде.
Тап-таза,
Ететұғын ауасы жас,
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.
Жылы, жеңіл
Тігуі, жығуы оңай
Үй басуды үйренер зерделі жас.
Ү. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады.
1. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
2. Шаңырақ қандай бөлімдерден тұрады?
3. Кереге қандай ағштардан жасалады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Міне, балалар, сабақтың байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық. Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі – талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық баспанасы – киіз үйдің жалпы құрылысы міне, осындай.
ҮІІ. Оқушылар еңбегін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
 
Жас суретшінің сөздігі.
АКВАРЕЛЬ - суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен орындалған шығарма.
АНИМАЛИСТІК ӨНЕР - бейнелеу өнерінің жануарларды бейнелейтін жанры.
АППЛИКАЦИЯ - белгілі бір фонға әр түрлі қиындылардан бейнені жапсыру арқылы шығарма орындау тәсілі.
АРХИТЕКТУРА - сәулет (сәулет өнері).
ӘШЕКЕЙЛЕУ - түрлі бұйымдарды өрнектермен сәндеу.
БАЛАУЫЗ БОРЛАР - балауыз қосып жасалған жұмсақ түрлі түсті қарындаштар.
БАСТЫ, НЕГІЗГІ ТҮСТЕР - қызыл, сары, көк. Олар басқа түстерді араластыру арқылы алынбайды. Оларды араластыру арқылы басқа түстер алынады.
ГРАФИКА - басты әсерлегіш құралдары сызық, қысқа штрих, дақ болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі және осы өнер түрінің шығармалары.
ГУАШЬ - суда еритін қою бояулар және осы бояулармен орындалған шығарма.
ДИЗАЙНЕР - әдемі, ыңғайлы әрі пайдалы бұйымдарды ойлап тауып, оларды жасауға көмектесетін суретші.
КЕСЕНЕ (МАВЗОЛЕЙ) - қайтыс болғандарға арнап салынған ескерткіш-құрылыс. Бұл сөз карийлік билеуші Мавзолдың атымен байланысты. Ол тірі кезінде өзі мен зайыбына арнап зәулім мазар салдырған екен.
КЕСКІНДЕМЕ (СҰҢҒАТ) - басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі және бояулармен орындалған шығарма.
КОМПОЗИЦИЯ - суреттің парақ бетінде әсерлі орналасуы.
ҚАРЫНДАШ - график-суретшінің құралы. Түрлі түсті, акварель және қатты, жұмсақ, жай қара қарындаштар болады.
ҚҰРАМА, ҚОСПА ТҮСТЕР - кызғылт сары, жасыл, күлгін және басқалар. Олар басты түстерді араластыру арқылы алынады.
ЛОКАЛДЫ ТҮС - реңктерсіз түс.
МАЙЛЫ БОЯУЛАР - кескіндемеші-суретші кенепке картиналар жазатын бояулар. Олар зығыр майының негізінде жасалады.
МИМИКА - адам бетінің қозғалысы. Мимика адамның көңіл күйін білдіреді.
МҮСІН - басты әсерлегіш құралдары көлем мен пішін болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі.
НАТЮРМОРТ - жансыз, қозғалмайтын заттар бейнеленетін бейнелеу өнерінің жанры және осы жанрдың шығармалары.
ОРНАМЕНТ (ОЮ-ӨРНЕК) - ою-өрнек бөліктері бірдей қашықтықта қайталанып орналасқан симметриялық өрнек.
ПАЛИТРА - бояу араластыратын тақтайша.
ПАСТЕЛЬ - жұмсақ, түрлі түсті борлар және осы борлармен орындалған жұмыстар.
ПЕЙЗАЖ - бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанры. Табиғат бейнеленген бейнелеу өнерінің шығармасы.
ПОРТРЕТ - бейнелеу өнерінің адам бет жүзін бейнелейтін жанры және осы жанрдың туындысы.
РЕҢК - бір түстің құбылған түрлері.
СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР - тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау және әшекейлеу өнері.
СЫРМАҚ - қазақтың үйіне сән беретін киіз төсеніш. Аппликация тәсілімен орындалады.
СУЫҚ ТҮСТЕР - көк, көгілдір және осы түстердің барлық реңктері.
ТЕКЕМЕТ - негізгі бір түсті киізге түрлі түстерге боялған киізден ою-өрнек бастырып жасалатын киіз кілем.
ТҮСТЕР ГАММАСЫ - белгілі бір көңіл күйді білдіретін бірнеше түстердің үйлесімі.
ТУШЬ - графикада қолданылатын қара сұйық бояу.
ТҰСКИІЗ - жібек, алтын, күміс зер жіптермен және су моншақтармен кестелеп орындалатын тұсқа ілетін кілем. Әлбетте өсімдік тәрізді өрнектермен кестеленеді.
ФОРМАТ (ПІШІМ) - сурет орналасатын парақ пішімі.
ШТРИХ (ҚЫСҚА СЫЗЫҚ) - қысқа сызық, график - суретшінің басты әсерлегіш құралдарының бірі.
ЭСКИЗ (ДОЛБАР) - алдын ала дайындық суреті.
Үйге тапсырма беру: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнеле.
Сабақ: №34
Сабақтың тақырыбы:
Көрме ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды көрме дайындау жолдарымен таныстыру,
өздері бейнелеген шығармаларының мазмұнын ашу,
талдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,
өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге
дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға
үйрету.
б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты
тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек
етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, көрме дайындауға арналған керекті құрал-жабдықтар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Kөркем-сурет көрмелері - мәдени шара, ұлттық бейнелеу және қолөнерінің белгілі бір кейінгі кезеңде көтерілген деңгейін, бағыт-бағдарын көпшілікке насихаттау әрі өнер ықпалы арқылы еңбекшілердің дүниетанымын адамгершілік рухта қалыптастыру мақсатымен 1920 жылдардың соңында ұйымдастырыла бастады. 1929 жылы Алматы қаласында "Жетісу суретшілерінің көшпелі көркем-сурет көрмесі" өтті. 1931жылАлматы қаласында өткен көшпелі көрмеде көрнекті орыс суретшілерінің туындылары қойылды. А.В.Куприн, К.С.Петров-Водкин, В.А.Фаворский, А.А.Дейнеканың – әлеуметтік өмірдің жарқын көріністерін бейнелеген еңбектері елдің назарын ерекше аударды. Қазақстан Суретшілер одағы 1933 жылы алғаш рет тақырыптық сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұған Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылар Ә.Ысмайлов, Қожақмет пен Құлахмет Қожықовтар қатысты. 1934 жылданкөркем-сурет көрмелері өткізіліп тұрды. 1934 жыл Алматы қаласында өткен халық шеберлері слеті қарсаңында ашылған көрмеге Ә.Қастеев "Мектепке", "Көгілдір киімді қазақ қызы", "Түрксіб" атты суреттерімен қатысты. 1935 жылы Орталық мұражайда ұйымдастырылған "Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына 15 жыл" деген көрменің негізінде қазақтың көркем-сурет галереясының (қазіргі Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы) негізі қаланды. 1939 жылы мұражай 32 суретшінің 200 еңбегін Алматы қаласының жұртшылығына таныстырды. Қастеев, ЬІсмайлов, А.И.Бортников, Н.И.Крутильников, О.Таңсықбаев, т.б. шығармалары мәдени өміріміздің өскендігін, өміршеңдігін көрсетті. 2-дүниежүздік соғысы жылдары эвакуациямен келген танымал суретшілер Д.И.Митрохин, П.Н.Крылов, т.б. Алматы қаласында 2-дүниежүз. соғысы тақырыбында бірнеше көркем-сурет көрмелерін өткізуге ат салысты. Көрмеде Мәскеуліктердің 51, украиндықтардың 40, ленинградтықтардың 15 жұмысы қойылды. Л.П.Леонтьевтің "Майданға шығарып салу", Б.Урманченің "Жеңіспен оралыңдар", О.Д.Кужеленконың "Алматы соғыс жылдарында", Р.В.Великанованың "Ескі және жаңа Алматысы" дүниеге келді. 1948 жылы Алматы қаласында КСРО Суретшілер одағы мен КСРО көркем-сурет қорының көшпелі көркем-сурет дирекциясы кеңес кескіндемешілері мен суретшілерінің 200 шығармасынан тұратын көшпелі көрмесін өткізді. Бұл жаңа дәстүр 1956 жылы Бүкілодақтық көрменің жетістігін насихаттаумен жалғасты. Осы көрмеге "Қазақстан суретшілерінің тақырыптық картиналары" деген атпен көркем-сурет институттарынан білім алған жаңа тол-қын (Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, А.Ғалымбаева, т.б.) қатысып, ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. Мерекелер мен жиындар қарсаңында тақырыптық негіздегі көркем-сурет көрмелерін ұйымдастыру өрістеді. Көркем-сурет көрмелері Е.М.Сидоркин, С.Айтбаев, М.Қисамединов, т.б. суретшілерді даралай түсті. Алматы қаласында 20 ғ-дың 70-жылдары Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы мен ҚР Мәдениет Мин-лігі көрме залының ашылуы және Қазакстан Мемлекеттік өнер мұражайы жаңа ғимаратының іске қосылуы — көркем-сурет көрмелерін ұйымдастыруға кең жол ашты. Осы арнаулы орындарда такырыптық ("Еңбек даңқы", "Ел мен Жер", т.б.) көркем-сурет көрмелері өтіп тұрады. Бұл көрмелерде еңбек тақырыбы, замандас бейнелері елеулі оры алды.
Балалар суреті - бейнелеу өнерінің әр түрлі саласымен шұғылданатын балаларшығармалары. Сурет салу өнерімен шұғылдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері, көркемдік және эстетикалық талғамдары, байқағыштық, қабылдау, қиял сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар сурет салу, мүсіндеу, қолөнерменшұғылдану барысында өзін қоршаған орта, табиғат сұлулығы, оның құбылыстары туралы білімдерін арттырады, бейнелеу өнерін игеруге қызығады. Балалар суреті түрлеріне қарындашпен, түрлі-түсті бояу қарындаштармен, сулы бояумен, гуашь бояуымен салынатын суреттерді, мүсінді, қолөнерді, т.б. жатқызамыз. Балалардың бейнелеу өнеріне машықтануы балабақшаларда, мектептерде, оқушылар сарайларында, лицейлерде, гимназияларда, көркемсурет мектептері мен колледждерінде жүзеге асырылады. Республикамыздың облыс және ауданорталықтарында 70-тен астам бастапқы білім беретін көркемсурет мектептері жұмыс істейді. Алматы қаласында Республикалық көркемсурет колледжі ашылған (1988). Бұлар Қазақ мемлекеттік өнер академиясының құрамына енеді. Балалар суретін дамыту мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен дарынды балаларды қолдайтын мемл. “Дарын” бағдарламасы қабылданды (1996). Балалар суреті — өнер мен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Осыған орай әр елдерде Балалар суреті көрмелері, дүниежүздік көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда 1945 жылдан Балалар суретінен көрмелер ұйымдастырылып келеді. Қазақстанда балалардың суреттері жинақталған 2 томдық кітап жарық көрді (1999). Балалардың қабілеті мен білімін дамытуға арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, сурет дәптерлері жасалған. Орта мектепке арналған “Бейнелеу өнері” оқулығы қазақ, орыс және ұйғыр тілінде жарық көрді.
Балалар көрмесі
left000
left000
Үйге тапсырма беру: Көрме ұйымдастыруға қажетті шығармаларыңды дайында.
Бейнелеу өнерінен қосымша
сабақ жоспарлары
14 сағат
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Жазғы табиғатты бейнелейік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,
білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,
классификациялау.
б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 2-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың барысы:
Балалар, өздерің бірінші сыныпта жыл мезгіліне байланысты табиғаттың өзгеру ерекшелігін бейнелеп үйрендіңдер. Енді жазғы демалыс кездерінде өздеріңе ұнаған табиғат көріністерін естеріңе түсіріңдер. Оған біз де көмектесейік. Республикамыздың жері, табиғаты өте бай екенін білесіңдер. Біреулер Алатау бөктерінде тұрса, екіншілер Жетісу жерінде, үшіншілер Көкшетау өңірі мен Алтай аясында тұрады. Осы бейнелеу өнері кітабы арқылы өздерің тұрған жердің табиғатын еске түсіріңдер. Әдемілігі мен әсем әсемдігіне көңіл аударып, түрлі түсті өзгерістерін елестетіңдер.
Осыдан кейін жалпы жаз кезінде көкөніс түрлерінің қандайы өсетіндігін, оқушылардан оның қайсысын білетіндігін сұраймын. Жаз өтіп, көкөніс түрлері де пісіп біткенін айтып, балалардың есте сақтауын, оны қайта жаңғыртуын, көрген-білгендерін бейнелеуге талпыныстарын арттыруға болады. Біз алдыңғы сыныптарда жаз көрінісін, күз көрінісін жалпы бейнелеп үйрендік. Енді сол мезгілдерде өсіп-өнетін көкөніс түрлеріне қарап, соларды бейнелеп үйренейік.
Кітап бетіндегі суреттерден көкөніс түрлерінің біразын көруге болады.
Сонымен қатар оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Бақта қандай жеміс ағаштары өседі?
Қандай жемісті ұнатасың?
Үйге тапсырма беру: Қағаз бетіне түрлі түсті қарындашпен алма ағаштарын бейнеле.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Алма бақта.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік, дағдыларын, сонымен
қатар қабілетін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін арттыру.
б) Тәрбиелілік Оқушылардың табиғатқа деген талғампаздығын,
қарым-қатынасын, сүіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 2-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың барысы:
Балалар, сендер алдыңғы сабақтарда жазғы табиғатта бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстыңдар. Балалар, сендер бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен тынысып, суреттерін салдыңдар. Енді сол тақырыптан ауытқымай бүгін алма бақта яғни алма бау-бақшасын, алма ағаштарын және алманы бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен, осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте өсіп тұрған алма жемістері бейнеленген-деп балалардың көңілін аудара бастаймын. Бұдан да басқа дайындалған суретші жұмыстарын көрсетуге болады.
Осы айтылғандарға қосымша балалардың назарын кітапта салынған алма ағаштарының, алманың бейнесі салынған жұмыстарға қызықтыру керек.
– Енді осы көрсетілген бау-бақша жемістеріне яғни алма бағына жекелеп көңіл аударсыңдар, құрылыстарынан көптеген өзгешеліктерді табасыңдар. Сонымен бірге формалары да, түстері де бөлек.
Күз айында бау-бақшаларда жеміс-жидектер пісіп-жетіледі. Күнделікті дастарқан берекесін келтіріп, сән мен көрік беретін алма, алмұрт, қара өрік, жүзім, т. б. Солардың ішінде алманың орны бөлек.
Олай болса, алмадан натюрморт құрастырып көрейік, ең алдымен алма орналасатын ыдысты бейнелейік, содан соң оның ішіне бір немесе бірнеше алмалар орналастыруға болады, тіпті жапырағымен салсақ та болады – деп, оқушыларға тапсырма беремін.
Үйге тапсырма беру: Алма ағаштарын акварель бояуымен бейнелеу.
Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы:
Мультфильм суретшісі болайық.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік, дағдыларын, сонымен
қатар қабілетін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін арттыру.
б) Тәрбиелілік Оқушылардың табиғатқа деген талғампаздығын,
қарым-қатынасын, сүіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 2-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың барысы:
Балалар, сендер жазғы демалыс кезінде қызықты өткізген уақыттарыңды, көрген білгендеріңді өткен сабақтарда еске алдыңдар.
Сонымен бірге сендер үй жұмыстарын істедіңдер. Ата-аналарыңа көмектестіңдер. Кітап оқыдыңдар. Теледидардан кино көрдіңдер. Көбінесе мультфильм көруге асықтыңдар.
Мультфильмдердің біреуі сендерді мазмұнымен қызықтырса, енді біреуі кейіпкерлерімен қызықтырады. Ал кейбір мультфильмдерді біз тамаша салынған суреттер арқылы қызыға қараймыз.
Солардың іштерінен мыналарды атауға болады:
«Ақсақ құлан», «Қаңбақ шал», «Ну, погоди», «Том и Джерри», «Утёнок Дональд», «Мортал Комбат-5», «Ниндзя Черепашки» және тағы басқалары.
Осылардың бәрін экранға суретшілер дайындайды. Әрине, суретші сценарийшінің жазған сценарийіне қарап отырып сурет салады.
Сонымен кішкентай фильмге (мультфильмге) сурет дайындайтын суретшілерді мультипликатор деп атайды.
Компьютер фильмдеріне сурет дайындайтын суретшілерді компьютер дизайны суретшісі деп атайды.
Енді өздеріңе ұнайтын мультфильмдеріңді, компьютерде жасалынған фильмдеріңді естеріңе түсіріңдер.
Өздеріңе ұнаған уақиғаларды қағаз бетіне бейнелеп көріңдер.
Үйге тапсырма беру: Өздеріңе ұнайтын мультфильм кейіпкерлеріне
арнап сурет салыңдар.
Сабақ: №4
Сабақтың тақырыбы:
Мүсін. Сәндік-қолданбалы өнер.
Сабақтың мақсаты:
Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Иллюстрация, слайд, дидактикалық материал, альбом кітаптар, диафильм, бейне таспалар. т. б.
Сабақтың барысы:
Мүсін.
Мүсін бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсіндегі басты әсерлегіш құралдар пішін мен көлем. Мүсін туындыларын жан-жағынан қарап, зерттеуге болады. Сондықтан мүсінді бейнелеу өнерінің үш өлшемді түрі деп атайды.
Мүсін туындыларын сен тек мұражайлардан ғана емес, сонымен қатар қала көшелерін аралаған кезде де көре аласың. Олар бақтар мен алаңдарға көрік беріп тұр.
Қазақстандағы ең әйгілі мүсіндерді білесің бе? Олар Алматыдағы Абай, Шоқан, Абылай хан ескерткіштері және т. б. осылардың алғашқы екеуін әйгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаев сомдаған. Жолың түсіп Алматы-ІІ вокзалына бара қалсаң, сәйгүлік тұлпарға мінген қазақ ханы Абылайдың асқақ ескерткішін көруіңе болады.
Мүсіншілер шығармаларын алуан түрлі материалдан – металдан, балшықтан, тастан, ағаштан жасайды.
Мүсіндер ірі және шағын болып келеді. Ірі мүсіндерді қала көшелерінен, мұражайлардан көруге болады. Ал шағын мүсіндер сенің бөлмеңді безендіре алады. Мұндай шығармаларды майда пластика деп атайды.
Ұлы итальяндық суретші әрі мүсінші Микеланджело Буонарроти мүсіннің асқан шебері болған. Оның «Давид» мүсінінде алып жауызбен айқасуға дайын тұрған сымбатты, ержүрек жас жігіт бейнеленген.
Сәндік-қолданбалы өнер.
Сәндік-қолданбалы өнерді бейнелеу өнері түрлерінің ішіндегі ең алуан қырлысы деуге болады. Бұл өнер түрінің басты міндеьі – біздің тұрмысымызды безендіру.
Баяғы заманнан бері адамдар өз тұрмысына қажетті заттар: ыдыстар мен жиһаздар, еңбек құралдары, қару-жарақтар жасады, кілем тоқып, киім тікті.
Әр адамның бойында суретшілік қасиет табылады. Сол қасиет адамға тек пайдалы әрі берік заттар жасап қана қоймай, оларды әдемі, тартымды етіп жасауға ұмтылдырады. Ол бұйымдарды кестелеп, қашап, өрнектеп әшекейлейді. Ертедегі адамдар желден, аптап ыстық пен суықтан қорғану үшін теріні құрастырып, жөрмеп қана қоймай, оны суреттермен, өрнектермен сәндеген.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы бұйымдары бай ою-өрнектерімен, құлпырған айшықты бояу түстерімен белгілі. Қарашы, суретшінің сиқырлы қолдары мына жол сөмкесі мен қару-жарақты, домбыраны қалай тартымды етіп өрнектеп әшекейлеген.
Сабақты оқушыларға сұрақ беру арқылы қорытындылаймыз.
Үйдегі сәндік-қолданбалы өнерге жататын бұйымдарды тауып ал.
Оларды мұқият зерттеп, неліктен бұл зат сәндік-қолданбалы өнер туындысына жататынын түсіндір.
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің жанрлары. Пейзаж.
Сабақтың мақсаты:
Бейнелеу өнерінің жанрларымен қысқаша танысу. Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Түрлі түсті бояу, қылқаламдар, табиғатты бейнелеген суретшілер шығармалары.
Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстың. Міне, осыларға ортақ атау ол – жанр.
Шығарманың жанрын анықтау үшін «Суретші өз шығармасында нені бейнеледі?» деген сұраққа жауап беру керек.
Егер картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры ПЕЙЗАЖ деп аталады.
Пейзаж қандай болуы мүмкін? Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі. Ол графика, кескіндеме, мүсін түрінде де бола алады. Оны бояумен, қарындашпен, аппликация тәсілімен, тіпті жапсырып салуға болады.
Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.
Жас ұрпақтарға:
Планетамыздың иесі – сендер.
- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаған жөн.
Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.
Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген.
19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші.
Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады.
Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.
Тапсырма. Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет салу.
Сабақ: №6
Сабақтың тақырыбы:
Портрет.
Сабақтың мақсаты:
Бейнелеу өнерінің жанрларымен қысқаша танысу. Оқушыларға портрет (келбет) жанры туралы түсінік беру. Портрет салу жолының техникасымен таныстыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Суретші шығармалары, фотосуреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Егер суретте адам бейнеленсе, ол жанр ПОРТРЕТ деп аталады.
Қазақтың белгілі суретшісі Ү. Әжиев көптеген тамаша портреттердің авторы. Соның бірі – өздерің тамашалап отырған «Қазақ мадоннасы» туындысы. Туындыда суретші сәбиін алдына алып отырған ой үстіндегі әдемі ана бейнесін ашық бояу түстерімен бере білген. Суретші туындылары бояуларының таза қанықтылығымен ерекшеленеді.
Әлемдегі ең танымал әрі таңғажайып туынды. «Жоконда» портреті. Оны салған итальяндық суретші Леонардо да Винчи. «Жоконданы» Париждегі әйгілі Лувр музейінен тамашалауға болады.
Портрет жанрының күрделілігін ескерте отырып, мұғалім оқушыларға адамның бет әлпетін, көңіл күйге байланысты өзгеруін бақылап, қадағалаудың қажеттігін айтып түсіндіреді. Ең алдымен, адамның бет бейнесін мұқият зер салып қарап шығу, бас формасының қандай екендігін аңғару, шашының түсіне көңіл бөлу, сонымен қатар көз, мұрын, ауыз құрылысына да назар аудару әрекеттерін іске асырады.
Мұғалім оқушыларға сурет салуды адамның бас формасын салудан бастау керектігін, айтып түсіндіреді.
Адамның бет пішінінің әрбір мүшесі жеңіл сызықтармен орындалуы тиіс, себебі, сурет салу барысында қателіктер болса түзетуге немесе алып тастауға болады. Адамның басын салуға симметриялық ерекшелікті қолдануға болады, сондықтан адамның оң жақ беті мен сол жақ бетін немесе керісінше, салыстырып отырған жөн.
Ең алдымен бет пішінінің негізгі сызықтары белгіленеді. Қасты, кірпікті, көз қарашығын, бет пішінінің негізгі бөлшектерінің орналасуын анықтамай тұрып сурет салуға болмайды. Адамның көзі бет пішінінің орта шенінде орналасқан. Бастың маңдай жағы беттің тең жартысын алады. Бұл жайында оқушыларға ескертіп отыру қажет, себебі, олар портрет салғанда оысдан қате жіберіп жатады. Жалпы бас формасын тауып қағаз бетіне түсіргеннен кейін шашты салуға болады.
Тапсырма: Өздері жақсы көретін әдеби, кино кейіпкерлерін бейнелеу.
Сабақ: №7
Сабақтың тақырыбы:
Натюрморт.
Сабақтың мақсаты:
Натюрморт жайлы мағлұматтармен таныс болу. Затқа қарап сурет салуды меңгеру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Натюрморт бейнеленген суретшілер шығармалары. Балалар салған суреттер. Натюрморт салу үшін әкелінген гүл шоғы мен құмыра т. б. заттар.
Сабақтың барысы:
Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейнеленуі мүмкін. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАТЮРМОРТ деп аталады.
Мұғалім суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасайды. Суретші шығармаларын таңдау, мұғалімнің өз еркінде.
Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.
Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.
Мұғалім шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітеді.
– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?
- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?
Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?
Мұғалім «натюрморт» терминіне түсінік береді. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.
Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.
Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Мұғалім тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетеді.
Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастайды.
Сабақ соңында мұғалім оқушылар жұмысын көреді.
Тапсырма. Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.
Сабақ: №8
Сабақтың тақырыбы:
Анималистік жанр.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды жануарлардың дене мүшелерін, қозғалыстағы қалпын бере алуға үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Фотосуреттер, иллюстрациялар, шағын мүсіндер, слайдфильм.
Сабақтың барысы:
Сонымен қатар суретшілер жануарларды жиі бейнелейді.мұндай суретшілер анималист-суретші деп аталатынын білесің. Ал жануарлар бейнеленетін жанр АНИМАЛИСТІК ЖАНР деп аталады.
Анималистік жанрда көзге түскен дарынды суретшілердің бірі – Иван Ефимов. Ол сомдаған мүсіндер мен графика шығармаларындағы жануарлар бейнелері өте сүйкімді әрі әсерлі. Осындай аңдардың мүсіндері Астана қаласындағы көпірлерге көрік беріп тұр.
Оқушылар жануарлар бейнеленген фотосуреттер мен шығармаларды мұқият қарап шығады. Төрт түлік малды атайды: жылқы, сиыр, түйе, ешкі.
Оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамытатын бірнеше жұмбақтарды айта кетуге болады. Мысалы:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе.)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоын бар.
(Қой.)
Төрт түлік жайында ақын-жазушылар жазған өлең, жырларды мұғалім оқушыларға әсерлендіру мақсатында оқып береді. Мысалы, төрт түлік малдың ең жүйрігі жылқы төлі құлын жайында М. Әлімбаев былай жырлайды:
Құлыншық.
Бұлшық етің бұлтылдап,
Қолды-аяққа тұрмайсың.
Құндыз түгің жылтылдап,
Желден оза зарлайсың.
Асыр салып көп ойнап,
Ақсап қалдың, құлыншақ.
Жүрмейсің бе абайлап,
Болмасаңшы ұрыншақ.
Тапсырма. Үй жануарларын бейнелеу.
Сабақ: №9
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің жанрлары туралы өлеңдер.
Сабақтың мақсаты:
Бейнелеу өнерінің жанрларымен қысқаша танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Иллюстрациялар, балалар шығармалары, слайдфильм, фотосуреттер.
Сабақтың барысы:
А. Кушнердің төмендегі өлеңдерін оқы. Ол бейнелеу өнері жанрларын есіңе сақтауға көмектеседі.
Картинадан көрсең сен
Қарағайлы тау шыңын,
Немесе бұлақ – тау суын,
Немесе жасыл бақшаны,
Нұрланып тұрған аспаны
Немесе көлдің жағасын,
Немесе егіс даласын –
Салынған мұндай суретті
ПЕЙЗАЖ ғой деп қарарсың.
Картинадан көрсең сен
Әжеңнің ожау-тостағын,
Атаңның қара торсығын,
Немесе алмұрт, алманы,
Қасында тұрған – шабдалы,
Жүзімді де табарсың,
Қызығып жақын барарсың –
Салынған мұндай суретті
НАТЮРМОРТ деп қарарсың.
Картинадан көрсең сен
Егер ақын Абайды,
Немесе ұстаз Ыбырайды,
Немесе өз әкеңді,
Немесе өз шешеңді,
Немесе тұрса нағашың,
Өзі екен деп қаларсың.
Салынған мұндай суретті
ПОРТРЕТ қой деп қарарсың.
Енді сен әрқашанда жанрларды шатастырмайтын боларсың. Әрине, саған осы көңілді тақпақтар үлкен көмек көрсетті.
Сабақ: №10
Сабақтың тақырыбы:
Композициядағы тепе-теңдік. Тепе-теңдіксіз композицияға мысалдар.
Сабақтың мақсаты:
Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам.
Сабақтың барысы:
Сурет салатын парақты таразы немесе әткеншекпен салыстыруға болады. Таразының екі басындағы салмақ тең болған жағдайда ол тепе-тең қалпын сақтайды. Осыдан «тепе-тең» сөзі келіп шығады. Егер сен суретіңді парақтың бір бөлігіне орналастырып, екінші бөлігін бос қалдырсаң, онда сурет орнықсыз болып көрінеді.
Егер сен суретіңді парақтың бір шетіне оңға, солға, жоғары не төмен орналастырсаң, онда тепе-теңдік бұзылады.
Бір бейнелі композицияны кез келген төртбұрыш, вертикаль, горизонталь пішімге орналастыруға болады. Бірақ салынған сурет парақтың ортасында орналасқаны дұрыс. Сол жағдайда сенің суретіңде тепе-теңдік сақталады.
Суретке қараған кезде ондағы бейнелерді орнынан қозғап, түзету енгізу жөнінде ой туындамаса, оны тепе-тең композиция деп атауға болады. Орыс суретшісі В. Васнецовтың «Үш батыр» картинасының композициясына назар аудара отырып, шығарманы сипаттап бер. Туындыны тепе-тең қалыпта деп атауға бола ма? Өз жауабыңды түсіндір.
Қазақтың белгілі суретшісі А. Дүзелхановтың «Аңшылық» атты шығармасына назар аудар. Мұндағы аңшы, бүркіт, құмай тазының қозғалысы сәтті берілген және үшеуі де бір-бірімен тепе-теңдікте орналасқан.
Бейнелейтін затты қағазға дұрыс орналастыру «композиция» ұғымының бастапқы сатысы болып табылады. Суретшілер белгілі шығарма жазбас бұрын ең алдымен картинаның құрылымдық композициясын іздейді. Үйлесімді, қисынды, дұрыс композиция шыққаннан кейін барып шығарманы жазуға кіріседі. Орындалатын суретті жоспарлау, суретші тілімен айтқанда, үйлестіру (компановка) деп аталады.
Үйлестіру ұымын есте сақтау үшін суретке қарап талдау жасайық. Кейбір кеткен кемшіліктерді сурет салу барысында жібермеуге тырысайық.
Бірнеше суретшілердің композициялық көркем шығармаларына талдау жасап көрейік. Оны мұғалім дұрыс таңдап, оқушыларға түсіндіру керек.
Сабақтың тақырыбы:
Кескіндеме. Жылдың әр мезгіліндегі жылы және суық түстер.
Сабақтың мақсаты:
Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру. Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем сууретті альбомдар, слайд, дидактикалық құралдар.
Сабақтың барысы:
Жылдың әр мезгіліне тән өз түстер гаммасы бар. Мына фотосуреттерге қарап, оның әрқайсысында қай жыл мезгілі бейнеленгенін анықта. Әр жыл мезгілінде қандай түстер реңктері басым екендігін айт.
Сіздер мұражайдан кескіндеме (живопись) шығармаларының көптеген түрлерін кездестіресіздер. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.
Мұғалім оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейді. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.
Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?
Мұғалім көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткізеді. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.
Мұғалім оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелейді. Суретшінің салған суреттерін кезек бойынша көрсетеді.
Сабақтың тақырыбы:Табиғаттағы түстер. Бояу түсінің реңктері.
Сабақтың мақсаты:
Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, слайд, дидактикалық құралдар.
Сабақтың барысы:
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі жылы және суық түстерден тұрады.
Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түсінің көптеген реңктері болады. Бір түстің реңктері бір-біріне ұқсас болады.
Дегенмен бір бояу түсі қалайша әр түрлі реңктерге құбылады?
Оны түсіну үшін қоспа түстер қалай алынатынын еске түсірейік. Мысалы, жасыл түс қандай түстердің қоспасынан тұрады? Есіңе түсірсең, жасыл түс сары мен көк түстердің қоспасынан алынады.
Палитрада жасыл түс шығару үшін қылқаламға алыдмен сары бояуды көбірек, көк бояуды азырақ алып араластырамыз. Содан кейін керісінше, сарыны азырақ, ал көкті көбірек қосамыз. Олардан алынған түстерді салыстырғанда әр түрлі реңктерді көресің.
Сен түстердің жылы және суық болатынын білесің. Сондай-ақ реңктер де жылы және суық түсті болады.
Суретке солдан оңға қарай қарағанда жасыл түс жылы және суық реңктердің қайсысына қарай ұлғаяды?
Ал оңнан солға қарай қарағанда ше?
Қай реңктерде көк түс басым, ал қайсысында сары бояу көбірек?
Бояу түстері сияқты реңктер де жылы және суық болып бөлінеді. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, олар жылы реңктер болғаны. Ал көк түс басым болса, онда реңктер суыққа жатады.
Палитрада жасыл бояуға біртіндеп қызыл бояуды араластыра отырып, жасыл түстің қалай өзгеретінін бақыла.
Сонымен қатар кез келген түсті басқа түспен араластыруға болады, сөйтіп көптеген реңктер түрлері алынады. Негізгі түстердің де орасан көп реңктері болады.
Сабақтың тақырыбы:Күзгі бояулар туралы ертегі.
Сабақтың мақсаты:
Күз тақырыбында салынған суретшілер шығармаларымен таныстыру. Ертегі мазмұнын бейнелей білуге үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Күз көріністерін бейнелеген суретшілер шығармалары. Фотосуреттер, оқушылар салған суреттер.
Сабақтың барысы:
Алтын күз келді. Ол қызыл, сары, көк бояуларға толы шелектерін көтеріп орманға барды.
Күз қызыл бояумен шетен, жабайы алмұрт, долана жапырақтарын бояй бастады. Сары бояумен қайың мен көктерек жапырақтарын, ал көкпен аспанды бояды.
Күз күні бойы еңбектенсе де, ормандағы барлық ағаштар мен өсімдіктерді бояп тауыса алмайды. Бір күнде бүкіл орманды бояп шығу мүмкін бе? Күз бояу толы шелектері мен қылқаламдарын үлкен емен ағашының түбіне қалдырып, өзі түнде демалуға сарайына ұшып кетті.
Ал түнде орманда аласұрған Жел пайда болды. Ол құйындатып орман ішін шарлар жүріп бояу толы шелектерді төңкеріп кетті. Төгілген бояулар түрлі түсті жылғалар боляп аға жөнелді. Өзінің бүлдірген імін көріп, қорыққан Жел алды-артына қарамай қашып кетті.
Таңертең орманға оралған Күз төгілген юояуларын көрді. «Енді не істеймін! Сары, қызыл, көк бояуларым араласып кетті ғой», - деп жылағанда көз жасы жауын болып төгілді. Міне, ғажап, суға еріген сары бояу қызылмен қосылып алтын түске енді де, бір жері қызғылт реңкті, бір жері сарғыш реңкті бұлақ болып аға жөнелді. Ал оған көк бұлақ қосылып қоңыр түске айналды. Қызыл бұлақ көкпен қосылып күлгін реңкке, көк бұлақтар сары түспен қосылып сарғая бастаған күзгі жапырақтың түсіне енді.
Күз қуанғанынан алақайлап, көңілді күлкісі сыңғырлап, қылқаламын қолға ала салып, орманды әрі қарай әшекейлеуге кірісті.
Жапырақтар жаңа түске еніп, құлпырып шыға келді. Риза болған орман бұтақтарын иіп: «Рақмет, саған Күз! Сен нағыз сиқыршысың!» - деп алғысын айтты.
Күз бояулары мен қылқаламдарын жинап алып, әрі қарай ұшып кетті. Себебі оны басқа да көптеген орман, тоғайлар күтіп тұр.
Мектепке бара жатып немесе көше аралап серуендеген кезде табиғат сұлулығын тамашалауды ұмытпа!
Бізді қоршаған дүние алуан түсті бояуларға тұнып тұр. Бұл көк майса шалғын шөп, тұңғиық көгілдір аспан, жайқалған түрлі өсімдіктер мен гүлдер. Осының бәрін сен күнде көріп жүрсің. Алайда қоршаған табиғат бояуларына әрдайым көңіл бөлесің бе?
Бір сәтке қоршаған дүниені түстер мен реңктерсіз елестетіп көрші. Сұрғылт аспанда сұрғылт күн пайда болып, сұр жапырақтарға тек қара-ала құстар қонып отырар еді. Ақ-қара түсті сұрғылт дүние қоршаған өмір көңілсіз әрі көріксіз көрінеді.
Бір жақсысы, түстер мен реңктер бір сәтке ғана ғайып болды. Ал шын мәнінде қоршаған дүние ғажайып қоңыраудай сыңғырлаған түстер мен реңктерге толы.
Егер сен жақсы суретші болғың келсе, өзіңді қоршаған дүниеге знр салып қара. Кейде елеусіз көрінетін сұлулықты немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырыс. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!
Тапсырма. Күз тақырыбын бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы:Әр түрлі материалдармен орындалған суреттердің әсерлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Бейнелеу өнері сабағында суретті бейнелеу материалдарымен таныстыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар:
Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш, тушь, тақтайша және т. б.
Сабақтың барысы:
Қылқалам және тушьпен салынған сурет.
Сен сызықтар жайында көп мағлұмат алдың және алуан түрлі сызықтар жүргізе аласың. Осыған дейін сызықтарды тек қарындаш және фломастермен салып келдің. Ол сызықтардың қалыңдығы біркелкі болатын. Енді сызықтарды жіңішке қылқаламмен және тушьпен сызып көр.
Егер қағазға қылқаламның ұшын ғана тигізсең, сызық өте жіңішке болады. Ал қылқаламды батырыңқырасаң, сызық жуандау болады. Тұтас алғанда жүргізілген сызық жандана, әсерлене түседі. Ол бірде сенен алыстаса, бірде жақындап көрінеді. Суретшілердің айтуынша сызық тыныс алады.
Жіңішке қылқалам және тушьпен ағаштың немесе басқа заттың суретін салып көр. Егер салған суретің дұрыс шықпаса, бірнеше рет қайталап сал. Сонда ғана қолың жаттығып, салған суретің де әдемі шығады.
Қаламұш және тушьпен салынған сурет.
Қаламұшпен әр түрлі сызықтар салуға болатынын білесің бе? Онымен салынған сурет анық болып шығады. Бұл тәсілді көптеген белгілі суретшілер қолданған, соның ішінде ұлы ақын А. С. Пушкин де бар.
Қаламұшпен кішкентай, жіңішке детальдарды салуға болады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий