Урок Брейн ринг по казахскому языку на тему Адар, стар, жануарлар


21145581915«Брейн - ринг» ойыны.
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар. Құстар. Аңдар
Сабақтың мақсаты:
1. Жануарлар модулі бойынша білімдерін әр түрлі әдіс – тәсілдері арқылы тиянақтап
бекіту.
2.Белсенді ойын түрлері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
жеке,топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін – өзі көрсете білуіне жағдай туғыза
отырып,ойлау,ауызекі сөйлеу қаблеттерін арттыру.
3.Табиғаттың бір бөлігі жануарлар мен құстардың дүниесіне терең ұғынып,оны
аялап,қорғауға,күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс,жарыс - ойын.
Сабақты көрнекілігі: үш бөлікке бөлінген жаймалар,ортақ бағалау парағы,үш деңгейдегі тапсырмалар, карточкалар,перфокарталар,тақырыптық суреттер,техникалық құралдар,сызбалар,ребустер.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың мақсаты: жануарлар модулі бойынша алған білімдерін еске түсіріп бекітеміз.Жеке,топтық жұмыстар арқылы бірін-бірі бағалау.
Брейн ринг шарты:3 топқа бөлу.Тапсырмалар,карточкалар ретімен қойылған ,деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс.
Бірінші сұраққа дайындықсыз жауап береді.Екінші сұраққа – 2-3 минут.Ушінші сұраққа 5 минут.Әр топтың жетекшісі бағалау парақша бойынша бағалап отырады.

Оқушылардың аты-жөні Бағалау парағы
I II III
1
2
3
4
Ұпай саны тақтада ілулі тұрады.
«5»-30 ұпай
«4»-25 ұпай
«3»-20 ұпай
Бірінші топ.Үй жануарлары.
Сурет бойынша жұмыс.Олар ненің төлі?
Мәтіндерден үзінді.
Бұл қай мәтін екенін айту:
1.Менің бала кезімде мысығым мен ақ күшігім болды.Бір күні оларға жаңа дос табылды.Наубай деген кісінің ешкісінің үш лағы болды.
2.Дәулет пен Хасен үйлеріне келе жатты.Олар жолдың шетінде ақ қозыны көрді.Ол өте әлсіз еді.
3.Ол бізбен бірге өріске шығып,қой бағысады.Ол кейде көбелек қуып ойнайды.Бір күні Қабылан екеуіміз қойға шықтық.
Жоспар бойынша бір үй жануары туралы жазу.
1.Жануар
2. Мекендейтін жері
3.Қорегі
4. Адамға пайдасы
Қорытындылау ; Үй жануарлары адамға қандай пайда келтіреді?
Бейнесұрақ
Жұмбақ:Ішсең сусын,жесең тағам,мінсең көлік.Түйе
Екінші топ.Аңдар.
Ребустер
Сөздерді тәуелде.Перфокарта
Үш оқушы тақтаға шығады,қалғандары дәптерлеріне өздігінен орындайды.
1.Түлкі,арыстан,қоян.піл
Менің ...
Сенің...
Сіздің...
Оның...
2.Қасқыр,аю,тиін,барыс
3.Бұғы,жолбарыс,маймыл,піл
Тест
Дұрыс,бұрысын белгілеу
Бірінші топ-үшінші топты
Екінші топ-бірінші топты
Үшінші топ-Екінші топты тексереді
Дұрыс + Бұрыс -
Аю ақырады Пілдің Отаны-Қазақстан Гепард- ең жүйрік аң Түлкі орманда мекендейді Қасқыр маңырайды Қорытындылау:Жабайы аңдар қайда мекендейді?
Бейнесұрақ
Жұмбақ:өзі айлакер,өзі қу жүрген жері айқай шу.Түлкі.
Үшінші топ.Құстар
1.Суретті жұмбақ.Сурет бойынша құстарды атау.
2.Жалғауларын табу,анықтау
Қаздар,құсым,тоқылдаұпын,қарғаны,тауықтар
Аққулар,құстың,үйректің,әтешке,торғайы
Бұлбұлдарға ,торғайсың ,балапандарға, аққулар ,құстар
Аққу мәтіні.
Мәтін үш бөлімнен тұрады.Әр топ берілген бөлімнен келесі топқа сұрақ қояды.
1-бөлім бірінщі топ-екінші топқа
2-бөлім екінші топ-үшінші топқа
3-бөлім үшінші топ-бірінші топқа
Қорытындылау:Қандай құстарды білесіңдер?
Бейнесұрақ
Қандай құсты орман дәрігері деп атайды?Тоқылдақ
Қорытындылау:Үй жануарлары адамға қандай пайда келтіреді?
Жабайы аңдар қайда мекендейді?
Құстар қандай болады?
Топ жетекшілері ұпай санын санап,жеңімпазды анықтайды.
Бағалау парақшасы бойынша бағалайды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий