Ертенгілік: Алтын кз келді башама!


«Күз береке – күз мереке!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау ойындарға өз күштерін сынап көруге ынталаландыру.
Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат өзгерістеріне мін беруге және табиғатты аялай біліуге тәрбиелеу.
Балалар музыка ырғағымен залына кіреді, бірнеше топқа бөлініп би билейді.
Қолдарында жапырақтары болады. Бидің соңында қолдарындағы жапырақты құмыраға салады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы: «Күз береке – күз мереке!» ертеңгілікке қош келдіңіздер. Міне өлкемізге алуан түсті жапырақтармен, толқын билеп күзде келді. Олай болса осы күздің келуін ормандағы табиғатты көз алдына елестетейікші. (Балалар күзгі табиғатты көз алдына елестетеді )
Ән: «Күз келді»
1 бала
Айбек Алиби
Алқаптағы бидайды, Алақай, алақай
Қоймаға ел жинайды, Күз, келді күз келді.
Тырналары тізілген, Алақай, алақай
Ұнатамын күзді мен. Шаттанды балақай.
Елнұр Мадина
Көрінеді шалғайдан, Ел егінді жинайды,
Бел-белестер сарғайған. Қырманға дән сыймайды.
Сары жапырақ төгілен, Біздің дала бай - дала,
Тоғайды да көрдім Алтын астық айнала.
Жүргізуші: Ертегіден қойылым.
Рөлдерде ойнайтындар: қоян, қарға, кірпі, аю.
Ортада жапырақтары бірең- сараң сарғыш таратқан алма ағашы тұр. Қоян сахнаға жүгіріп шығып ағашта жоғары өсіп тұрған жалғыз алманы алмақшы болып, әлек болады.
Қоян: Мына алмаға бойым жетер емес! (Ортаға қанатын жайып, жалпаңдап қарға ұшып кіреді.)
Қарға: Қар –қар- қар!
Қоян: Қарғамау, мына алманы үзіп берші! (Қарға алманы үзеді. Алма ағаштың түбіне қарай топ ете түседі. Ағаш түбінде жатқан кірпі алманы арқасына қадап сахынаны айнала жүгіре жөнеледі.)
Қоян: Тоқта! Тоқта! Менің алмам! (Кірпі тоқтайды.)
Кірпі: Бұл менің алмам! Ол менің тікендеріме тура құлап түсті. Ендеше, бұл менің алмам.
Қоян: Бірақ, кірпілер алма жемейді ғой! Балалар солай ма?
Балалар: Кірпілер, тышқандар, жәндіктер, сүт ішеді.
Қоян: Көрдің бе! Саған тіпті сенің кірпішендеріңе де керек емес!
Қарға: (Кірпі, Қоянның қасына жақындап келіп): Білесіздер ме, менің ойымша бұл аламаның иесі мына мен! Мен ол алманы сабағынан үздім!
Барлығы: Менің алмам! Жоқ, менің алмам! Менің алмам! (Таласып, ақыры төбелесе кетеді. Сахына төріне аю шығады.)
Аю: (қатаң кейіп таныта.) Бұл не шу? Бұл не төбелес? (Төбелесті доғарып, аюдың қасына келеді.
Қоян, Қарға, Кірпі. (Хормен) Алмаға таласып тұрмыз!
Қоян: Менің алмам! Мен бірінші тауып алдым!
Қарға: Жоқ, менің алмам! Мен оны биік бұтақтан үзіп алдым!
Кірпі: Жоқ, менің алмам! Ол бұтақтан құлап түсті, ал мен оны қағып алдым! (аю желкесін қасып тұрып.)
Аю: Кім алманы тапты?
Қоян: Мен!
Аю: Кім алманы үзді?
Қарға: Мен!
Аю: Кім алманы қағып алды?
Кірпі: Мен!
Аю: Бұл алма бәріңе тиесілі!
Қоян, қарға, кірпі ( айқайлап) бірақ, бізде бір ғана алма!
Аю: Алманы тең бөліп алыңдар.
Барлығы: Алақай , табылған ақыл!
Кірпі: (Кірпі алманы тең бөледі де,бір бөлігін қоянға ұсынады): Бұл саған, қоян. Алманы бірінші тауып алған сен боласың. (екінші бөлігін қарғаға ұсынып.) мынау алма саған, қарға! Сен алманы бұтақтан үзіп алдың.
Ал, мына бөлігі маған!
Ал, мынау саған аю!
Аю: Маған не үшін?
Барлығы: Сен бізді татуластырдың! Бір алманы тең бөлуге үйреттің. Саған көп рахмет!
Жүргізуші: Тамаша балалар, қазыр көңілді би билейміз.
Би: «Алмалар биі»
Жүргізуші: Бұлттар төніп
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Өңі тойып
Дала нұры қашады,
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілі!
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық!
Музыка әуенімен күз ханшайымы кіреді, қолында себет, екінші қолында қолшатыр
Күз ханшайымы: Сәлеметіңдер ме! Балалар!
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
Балалар: Сәлеметсіз бе! Алтын күз!
Күз ханшайымы: Балалар, менің жұмбағымды шешесеңдер, мен сендерге қызықты ойындар әкелдім.
Жұмбақ:
Шықса көк түссе жерге сары.(жапырақ)
Көкпенбек едім көктемде
Қызарды күзге жеткенде (алма)
Аспай піскен, қайнамай түскен. (жеміс)
Күз ханшайымы: Мен мерекеге келген екенмін, енді сендерді ойын ойнауға шақырамын. «Қол шатыр» ойыны.
Жүргізуші: Енді біз өз өнерімізді көрсетеміз
Мақсат Дамир
Сары, сары, сары алтын Көктемде егін егетін,
Алтын күзде нұр жатыр Күзде жиып беретін.
Біз мектепке баратын Біздің дала бай - дала.
Алақай – ау күн жақын. Алтын астық айнала.
Мансур
Санай бер,
Қарай бер.
Бояу жүз,
Келді күз
Жүргізуші: Ал, Алтын күздің бізге,қонқтарға дайындаған билері бар.
Би: «Қол шатыр»
С. Амир Амир
Берекесін сыилауға, Ой, балалар, балалар,
Өлкемізге күз келді. Қоңырқай күз болыпты.
Жемістерін жинауға, Қурап жапырақ солыпты,
Шақырады біздерді. Ел егінін орыпты.
Амирлан Ануарбек
Сарғайды тоғай Жапырақ ұшты,
Сап сары маңай, Суықта түсті,
Соңғы әнін айтып,сонда да бізге
Құс кетті қайтып. Қызық көп бізде.
Ән: «Күз береке»
Күз ханшайымы: ой, қандай өнерлі, әдемі балаларсыңдар, жарайсыңдар.
Ойын: «Көкөністерді жинау»
Жүргізуші:
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ - сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Ән: «Күзгі әуен»
Күз ханшайымы: жарайсыңдар балалар, әнді де жақсы айтасыңдар.
Ал енді балалар! Мен де басқа балалар күтіп отыр, мына қолымдағы себеттегі жемістерді апайларыңа беремін, топтарыңа апарып дәмін татыңдар.
Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата аналар күз мерекесіне арналған «Күз береке - күз» атты ойын сауығымызды аяқталды. Берекелі, мерекелі жомарт күздің силаған сиы, әрбір отбасына жақсылық, еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Сау болыңыздар.


Приложенные файлы


Добавить комментарий