Ашы саба.Таырыбы: Астанаа а бата Бата сз. Д. білев


Сабақтың тақырыбы: Астанаға ақ бата. Бата сөз. Д. ӘбілевСабақтың мақсаты: а) Халқымыздың асыл сөзі-бата туралы білетіңдерін еске түсіру, бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
ә)Ой-өрістерін, тіл байлығын дамыту.
б)Отаның, туған жерін сүюге, салт-дәстүрін қастерлеуге, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: бата сөздер халқымыздың ұлттық дәстүрінің жаңарған түрі мен салтының алтын қазығы екеніне сенуіне жетелеу;
Жүйелік әрекеттестік нәтиже: бата сөздерді жинақтауға,асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу;
Тұлғалық нәтиже: бата арқылы жақсы сөз, тілек айтуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Балаларды шеңберге тұрғызып, өз есімдерінің басты әрпіне сын есім жалғап айту.
Астана қаласының суреттері бойынша топқа бөлу. (қиынды суреттерді құрастыру)
Үй тапсырмасын тексеру. «Фасоль қап» арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Бағдаршам арқылы өз өздерің бағалау.
СұрақтарСенің ойынша байлық деген не?
Денсаулықты неліктен бірінші байлық дейді? Дәлелде.
Сен үшін ең «қымбат» байлық қайсысы?
Даналық сөздегі «жеті байлыққа» өзін не қосар едің?
Жеті ата кім? Өзіннің жеті атан туралы айт?
Екінші байлық қандай?
Үшінші байлық қандай?
Төртінші байлық қандай?
Бесінші байлық қандай?
Алтыншы байлық қандай?
Жетінші байлық қандай?
Қызығушылықты ояту.
Астана қаласы туралы бейне ролик көрсету. Не туралы екенің сұрау жаңа сабаққа ену.
Жаңа сабақБалалар енді Диқан Әбілевтің « Астанаға ақ бата» мәтінімен танысайық.
Мәтінмен жұмыс- Топқа бөліп оқыту.
Автор туралы ой қозғауДиқан Әбілев (1907-2003) ақын, Қазақстанның халық жазушысы . Павлодар обылысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жазушының кең тынысты сыршыл шығармаларынды қарапайым ауыл азаматтарының өсу жолы суреттеледі. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы туралы үш кітаптан тұратын көркем шығарманың авторы.
Сұрақ-жауапа) Екі үзінді беріледі.
1Жас ұрпақ өмірлі болсын, 2 Екі досты айырғанТұрмысы көңілді болсын, Түбінде өзі оңбайдыАта-анаға мейірлі болсын, Көреген болса балаңыз,
Ағайын-туысқа пейілді болсын, Қиынды көзбен болжайды,
Өнеге-білімге зейінді болсын, Өзіңнен туған ұл мен қыз,
Он саусағы майысқан шебер болсын, Сыйламаса, сол-қайғы.
Ел қорғайтын батыр болсын, Төле биШындықты айтар ақын болсын,
Абыройы өрлесін,
Жаманшылық көрмесін.
Ел ауызынан-Қайсысы бата?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
-Бата деген не?
Бата сөзді құрылысы бойынша талдау.
Батада қандай тілек айтылған?
-Бата сөзді қайдан естідің?
Оқушылардың сөздері бойынша қорытынды жасау.
Бата болсын, бол, сақта, бер, ет, қыл, т.б сөздермен аяқталады. Өлеңмен жазылған.
-Ақынның қандай сезімдері байқалады?
-Батаның қандай ерекшелігі ,айырмашылығы бар?
Алғашқы нұсқалармен қайта салыстыру. Мысалы, Астананы сипаттағаны, қарасөзбен берілгені.
-Тағы да бұл батаның 1,2 батадан айырмашылығы неде?
-Адамға емес, қалаға берілген бата-тілек.
-Астана қаласы туралы не білесіңдер?
Астана -еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Ол бұрын Ақмола ,кейіннен Целиноград деп аталып, 1992 жылдан бастап Ақмола, 1998 жылдан Астана деп тағайындалды.
Дәптермен жұмысАқынның Астана қаласына берген батасынан қаланы дәріптеген сөздерді теріп жазу.
Батагөй-бата беретін адам.
Батаны толықтырып жазу.
Топпен жұмыс1-топ Астана тобы Астанаға бата тілек жазу.
2-топ Ақ қала тобы Астана туралы 4жол өлең3-топ Жас қала тобы Астананың бір бейнесін салып түсіндіру.
Ой толғау. Өздері білетін батаны жатқа айтуШығармашылық жұмысОқушылар өздері салып әкелген суреттерден шағын көрме ұйымдастыру.
Қорытынды:
-Батаның тәрбиелік мәні қандай?
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Жақсы сөз-жарым ырыс.
Қазақта үлкендердің батасын алу деген ырым бар. Мұны қалай түсінесіндер?
-Бата әдебиеттің қай түріне жатады?
Бағалау. Бағдаршам арқылы өз өздерін бағалау.
Үйге тапсырма: Отбасындағы үлкендердің бата сөзін жазып келу

Приложенные файлы


Добавить комментарий