Киелі жеті саны 4 сынып


Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны. Әсия Біржанқызы
Сабақтың мақсаты: Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат, киелі сөзінің мағынасын беру, ата тегінің тарихына құрметпен қарау керектігін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар болады.Оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу тілін дамиды, сауаттылығы артады. Талдау арқылы шығармашылық қиялын дамытады.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Әлемнің жеті кереметі» видео, «Қазақстанның жеті кереметі» слайдтарӘдістер: «Ыстық орындық», «Еркін трибуна», сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, жеке, топтық, ой қозғау.Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге.
Құрметпенен біз.
Шаттық шеңбер орнату.

-Балалар бүгінгі әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, сабағымызға қонақтар қатысып отыр.
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?
Топқа бөлу: күз мезгілі болғандықтан жапырақтардың түстеріне байланысты және оның артында жазылған сандар арқылы топқа бөлу. Жапырақ түстеріне және оның артында жазылған сандар бойынша топтарға бөлінеді.
1-топ –1 саны, қызғылт жапырақ
2-топ – 2 саны, сары жапырақ
Топ басшыларын сайлау.
Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. (жеке жұмыс)
-Сеңкібай Қабанбайұлы –кім болған? (батыр, шешен)
-Шешен адам дегеніміз кім? (әділ шешім айта алатын, халықтың алдына шығып сөйлей алатын адам)
-Қай жылдары өмір сүрген? (1712-1779)
-Әкесі кім болған? (Қабанбай-батыр)
-Абылай хан Сеңкібайға қандай міндет тапсырады? (орданы қауіпсіз жерге орналастыр, ордаға ие болу-сенің міндетің)
-Абылай хан Сеңкібайды кім деп атаған? (ақиық сұңқар)
-Неліктен? (себебі, орданы қауіпсіз жерге көшіргені үшін)
-Шайқас қай кезде басталды? (түн ортасында, Абылай қалғып кеткен еді)
-Сеңкібай шайқаста қалай қиналды? (қараңғы түн, жаңбыр жауған, айналаның бәрі ми батпақжан-жақтың бәрі айғай-шу)
-Мәтіндегі өзіңе үлгі болар кейіпкерді ата.
-Оқиға қалай аяқталды? Не себеп болды? (сәтті аяқталды, оған себеп Сеңкібайдың тапқырлығы, жол тапқандығы).
Топ басшылары бағалау парақшасына белгілеп отырады.
Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
-Кім нешеге дейін санай алады?
-Санның шегі бар ма?
-Сандарды қайда қолданамыз?
Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифры болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы сандардың тек қана математика сабағында ғана емес, күнделікті тұрмыста да маңызы зор.
- Қазақтың киелі сандарынан хабарың бар ма?
- Қандай сандар киелі сандарға жатады?
Киелі сандар жайлы не білетіндерін топтастыру. (топтық жұмыс)
Жеті санына келетін болсақ, оған бүгін толығырақ тоқталамыз.
Бүгінгі тақырыбымыз киелі 7 санына байланысты «Жеті байлық» және «Жеті ата» деп аталады.
- Жеті санына байланысты тағы қандай ұлағатты ұлттық ұғымдарды білесің?
(жеті жарғы, жеті ғашық, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті күн, жеті ғалам, жеті амал, жеті жетекші.)
Жеті - қасиетті сан. Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Халықтар оны қасиетті, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді. 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Оқулықпен жұмыс
Жеті байлық өлеңін мәнерлеп оқыту.
1-топ : 1,2,3,4 байлық жайлы ашып, талқылау.
Ауру−сырқаудан аман болу, есен−саулықЕркіндік, бостандық, тәуелсіздікЕл тәуелсіз, еркін ел болса, ол өз тілінде сөйлейді.Қайрат−күш, батырлық, батылдық
2-топ: 5,6,7 байлық жайлы талқылау.
Ақ жаулық−ер азаматтың жары, әйелі.Бала−өмірдің жалғасы.Жүз саулық−адамның байлығы, қорадағы малы.-Қазіргі кезде 7 байлық деп нені айтар едіңдір? (Топтастыру)
Сергіту сәті
Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Жеті атаның балаларын бір атаның балалары деп атайды.
- Өзіңнің жеті атаңды жатқа білесің бе?
-Отбасыңда ата тегіңді білу шежіресіне қалай қарайды?
Шежіре - Туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; Рулық, туыстық кесте.
1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.«Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқыту.
- Сен кімге баласың? (әкеге)
- Сен кімге немересің? (атама)
-Сен кімге шөбересің? (үлкен атаға)
 - Сен кімге шөпшексің?(бабаға)
- Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының 7 санын қалай құрметтегенін оқып білдік.7 санына байланысты қосымша мәлімет.
-Әлемнің жеті кереметі жайлы видео көрсету.
Фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Родос алыбы, «Аспалы бақ», Мысыр пирамидасы және сфинкс, Эфестегі Артемида ғибадатханасы.
- Қазақтың жеті кереметі:
Таңбалы тас, Алтын Адам, қазақтың киіз үйі , домбыра , Ахмет Иассауи кесенесі, бәйтерек, Маңғыстау жерасты мешіті.
-Кемпірқосақтың жеті түсі: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
-Жеті нота: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
- Ендеше тақырып мазмұнына байланысты қандай мақалдар білеміз? (жеке жұмыс)Жеті атасын білмеген жетесіз.Бірінші байлық - денсаулық.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Жігітке жеті өнер де аз.
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Ағайын – алтау, ана – біреуБілгенің бір тоғыз,Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, 
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада. 
«Ерке бала - екі жылар»
«Бес саусақ бірдей емес»
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
«Он бесте отау иесі»
«Бір тал кессең он тал ек»
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Бірінші байлық - денсаулық.
Сабақты қорытындылау:«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні...»
«Еркін трибуна» әдісі арқылы ортаға шығып, бүгінгі сабақты қорытындылау.-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Қандай киелі сандар жайлы мағлұмат алдық?
-Жеті атаға кімдер жатады?
-Жеті атаны не үшін білу керекпіз?
Үйге тапсырма беру:«Байлық деген не?» тақырыбына шағын эссе жазу.«Жеті байлық» жаттау«Жеті ата» мәнерлеп оқуӨз жеті атасын жазып келу.
Бағалау: топ басшылары бағалайды.
Рефлексия Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады. Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады. Баспалдақ суреті.

«№ 21 орта мектеп» КММ
Ашық сабақ:
«Киелі жеті саны» 4-сынып
(әдебиеттік оқу)

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі:
Шаяхина С. М.
Петропавл қ. 2016 ж

Приложенные файлы


Добавить комментарий