Саба жоспары Мені отбасым


5-тақырып. Су — тіршілік көзі
1-2 –сабақ 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Сусыз өмір жоқ
Білімділік: Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді меңгерту.
Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша судың тіршілік көзі екендігін түсінеді, достарымен сөйлеседі.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді Сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, суды үнемдеу керектігін түсіндіреді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің сыныптастарымен сұхбат құрады, мәтін құрайды.
Жаңа сөздер: Үнемдеу, сұрауы бар, аштық, шөл.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, желімқа- ғаздар.
Оқыту әдістері: Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, рөлдік ойын, жағдаят- тық тапсырма, «Кім жылдам?» ойыны, эссе, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді. Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
Өткен сабақты тексеру Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды. — Балалар, сендер тіршілік көзі су жайында не білесіңдер? Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Айтылым. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды, сын есімдердің түрін ажыратып айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Жазылым. Тірек сөздерді пайдала- нып мәтін құрайды.
3. Тілдік бағдар. Сан есімді меңгертеді. Сан есімді меңгереді.
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, рөлге бөліп оқиды, түсінгенін айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4,5-тапсырманы орындатады. Жазылым. Диалог бойынша «Қос жазба» күнделігін толтырады, түсіндіреді, есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасайды, оларды сөзбен жазады.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5- тапсырманы орындатады. Айтылым. Қою қаріппен жазылған сөздерге сұрақ қояды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады. Жазылым. Қажетті сөздерді қойып, мақалдарды аяқтайды.
ІІІ. Ой толғаныс 6 сөйлемді эссе жаздырады. Тақырыпқа қатысты 6 сөйлемді эссе жазады.
IV. Бекіту Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады. Айтылым. «Сусыз өмір жоқ» деген тақырыпта диалог құрады.
V. Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау. VII. Рефлексия Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желім қағаздарға жазып, тақтаға іледі.
3-4-сабақ 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Судың маңызы
Білімділік: Тақырыпқа қатысты шағын әңгімелер құрау арқылы білімін бекіту.
Дамытушылық: Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): судың маңызы туралы қазақ тілінде ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы адамзат үшін судың маңызын айтады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Жаңа сөздер: Тамшы, қоры, тіршілік көзі, маңызы, қырау.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желімқағаздар, суреттер, карточка- лар, кесте.
Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «Сөйлемнің жартысы сенде» ойыны, синквейн, сергіту жаттығуы, «Жеке әңгіме» техникасы .Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер- ді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайд
тарды көрсетеді. Көрген слайдтарын сипаттап беру- лерін сұрайды. Слайдтарды сипаттайды.
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы- мен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1,3-тапсырманы орында- тады. Айтылым. Жұмбақты шешеді, сөз тір- кестерін құрастырады, сөйлемдердің әрқайсына екі сұрақ қояды.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Жазылым. Кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазады.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, түсінгенін айтады.
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машық- тандыру үшін 5-тапсырманы орындатады. Оқылым. Ақпараттың дұрыстығын тексе- реді, түсіндіреді.
4. Сергіту сәті. 7-тапсырма. «Сөйлемнің жартысы сен- де» ойынын ұйымдастырады. Ойынның шартын орындайды.
ІІІ. Ой толғаныс Топтық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орында- тады. Айтылым.
Топқа бөлінеді, әр топ суға тән белгілерді атайды, дәлелдейді.
IV. Бекіту Мұғалім тақырыпқа қатысты синквейн құрауларын сұрайды. Синквейн құрайды.
V. Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау. VII. Рефлексия Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі. Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына же- лімқағаздарды жапсырады.
5-6-сабақ 5-сынып
Сабақ тақырыбы: Судың пайдасы
Білімділік: Тақырыптың аясында қазақша сөйлемдер құрату арқылы судың пайдасы жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): судың пайдасы, судың қасиеті туралы қазақ тілінде ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы судың пай- дасын айтады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Жаңа сөздер: Пайда, ас қорыту, тасымалдау, жарақаттану, сауықтыру, тәбеті болмау.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы мен маркерлер, смайлик- тер, түрлі -түсті қарындаштар мен фломастерлер.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, кластер, постер, диалог, жұптық жұмыс, сергіту жаттығуы, «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі, «Жеке әңгіме» техникасы .Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алма- ты: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
Өткен сабақты тексеру Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. «Балалар энциклопедиясынан» («Балалар энциклопедиясы»,
3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-103 бет) судың пайдасына қатысты мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.
... Су — табиғатта ең көп таралған құбылыс. Бүкіл гидросфера судан тұрады. Судың тіршілік үшін маңызы зор. Су– иіссіз, дәмсіз, түссіз сұйықтық. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі... Слайдтарды сипаттайды, судың пайдасына қатысты мәліметтерді талдайды.
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл-
дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Айтылым. Кластер толтырады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Жазылым. Шағын мәтін құрайды.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 3-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, түсінгенін баяндайды.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Айтылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді, сөйлем құрап айтады.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады. Жазылым. Жақшадағы сөздердің дұрыс нұсқасын таңдап жазады.
4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.
«Судың пайдасы» тақырыбында постер (8-тапсырма)
жасатады. А4 парағына судың пайдасы туралы сурет салады, постер жасайды.
Мәтінсоңы жұмыс. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады. Оқылым. Мәтінді оқиды, сан есім- дерді табады, қандай сұраққа жауап беретінін айтады.
ІІІ. Ой толғаныс Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындата- ды. Айтылым. Диалог құрады.
IV. Бекіту Мұғалім оқушыларға «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілін қолданып, жаңа сөздерге қатысты тапсырманы орындауын сұрайды. Тақырып бойынша берілген сөз не сөз тіркесінен біреуін таңдап алады. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Мысалы, «су» сөзін алайық.
1.Бұл сөзді қай кезде кездестірдіңіз? (үнемі).
Бұл сөзді қалай қолданасыз? (жиі).
Болашақта бұл сөздер қандай қолданыста болады? (үнемі
қолданамын).
V. Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау. VII. Рефлексия Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипат- тайтын суреттер іледі. Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.
7-8-сабақ 5-сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақстан көлдері
Білімділік: Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Қазақстан көлдері жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Қазақстан көлдерін атайды, мәлімет береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қазақстан көлдері жайлы айтады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Жаңа сөздер: Алғашқы дәуір, көне, бұғаз, бастау, балшық, айқын.
Сабақта қолданы- латын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы мен маркерлер, парақшалар, түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер, карточкалар.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, ассоциаграмма, фотоколлаж, «Атаулар кестесі» тәсілі, сергіту жаттығуы, диаграмма , «Шағын шолу» тәсілі.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 2-том. Алматы:
«Қазақ энциклопедиясы», 2011.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу «Ыстық алақан» тренингі. Оқушылар-мен сәлемдеседі, түгендейді. Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. «Балалар
энциклопедиясынан» («Балалар энциклопедиясы», 2-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-126 бет) көлге қатысты мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдай- ды. «Көл» сөзіне ассоциаграмма құратады.
... Көл — құрылықтағы ойыстарды толтыратын табиғи су қоймасы. Жер шарының ең ірі көлі — Каспий теңізі, ең терең көлі — Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км. Слайдтарды сипаттайды, судың пайда- сына қатысты мәліметтерді талдайды, ассоциаграмма құрайды.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпа- ратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Ой толғаныс Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Айтылым. Мәтін құрайды.
IV. Бекіту Мұғалім оқушыларға «Атаулар кестесі» тәсілін пайдалану арқылы көл мен өзенге сипаттама бергізеді. Көл мен өзенді сипаттайды.
V. Бағалау Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады. Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау. VII. Рефлексия Мұғалім күннің шапақтары салынған карточка таратады. Күннің шапақтарына сабақта не үйренгендерін жазады.
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айты- луымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Айтылым. Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Жазылым. Өзі білетін Қазақстандағы көлдерді диаграммаға жазады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, тақырып қояды, жоспар құрады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Айтылым. Сұрақтарға сан есімдерді қолданып, жауап береді.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. «Қазақ- станның көлдері» деген тақырыпта фотоколлаж дайында- тады.
Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, сөйлемді жазады.
«Қазақстанның көлдері» деген тақы- рыпта фотоколлаж дайындайды, сыныпта қорғайды.
9-10 сабақ 5 -сынып
Сабақ тақырыбы: Сырда туған Сырдың ұлы
Білімділік: Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Ә.Тәжібаев жайлы ақпа- рат беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде ақын туралы айтады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ақынның өлеңдерін атайды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Жаңа сөздер: Дүниеге келу, жинақ, түсіру, әмбебап.
Сабақта қолданы- латын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, Ә.Тәжібаевтың суреті, кітап көрмесі, карточкалар.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбер» тренингі, семантикалық карта, диалог, синквейн ,
«Сөзтізбек» ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 2-том. Алматы:
«Қазақ энциклопедиясы», 2011.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушы- лармен бірге «шаттық шеңберін» құрады. Амандасады, әдемі сөздерді пай- даланып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан Ә.Тәжібаевқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Ақынның өлеңінен үзінді оқиды, ой шақыру сұрақтарын қояды.
Тыңдаңдар, өзендерім, толқындарым, Тыңдап ақын қуаныш толғауларын, Көк аспаным бұлттанбай тұрсын ашық,
Тыныш ұйықтаңдар, тауларым, ормандарым...
-Балалар, Ә.Тәжібаев туралы не білесіңдер? Қай өлеңін жатқа айта аласыңдар? Слайдтарды сипаттайды, ақын өлеңін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Жазылым. Есептік сан есімдерді рет- тік, топтау, болжалдық сан есімдерге айналдырады, сөйлем құрайды.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, сан есім- дерге сұрақ қояды.
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады. Жазылым. Семантикалық картаны толтыр.
Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпа- ратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады. Айтылым. Диалогті толықтырады.
ІІІ. Ой толғаныс Мұғалім «Әбділда Тәжібаев» тақырыбына синквейн (8-тап- сырма) дайындатады. «Әбділда Тәжібаев» тақырыбына синквейн (бес жолды тақпақ) дайын- дайды.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
IV. Бекіту Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Қатар бойынша үш топқа бөледі. Әр топқа бір сөзден береді.«Сөзтізбек» ойынының шартын орын- дайды: әр оқушы берілген сөзге
бір сөз қоса отыра, «Ә. Тәжібаев» тақырыбына мәтін құрайды.
V. Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. «Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау. VII. Рефлексия Мұғалім күннің шапақтары салынған карточка таратады. Күннің шапақтарына сабақта не үйренгендерін жазады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий