ыса мерзімді жоспар Генетикалы апаратты негізі-ген туралы тсінік.Генетикалы код 10 сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспарыҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Көкарал» жалпы орта мектебіКүні:04.12.2017ж. Мұғалімнің аты жөні: Мырзақұл Жомарт
Сынып:10 «б» № 13
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Генетикалық ақпараттың негізі — ген туралы түсінік. Генетикалық код..
Оқу мақсаттарыГен, генетикалық кодтың нәруыз биосинтезі кезіндегі рөлін сипаттау
Сабақтың мақсаты
Ген, генетикалық кодтың нәруыз биосинтезі кезіндегі рөлін ажырата алады. Генетикалық код кестесін пайдалана отырып есептер шығарады
Бағалау критерийлеріГен, генетикалық кодтың нәруыз биосинтезі кезіндегі рөлін сипаттайды
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика және терминология
Диалог пен жазылымға пайдалы ұғымдарГен, генетикалық код, нәруыз биосинтезі, триплет, кодон, антикодон, ДНҚ, РНҚ,нәруыз, кідіртпе кодон, маңызды нуклеотидтер, көлегейленбеушілік, әмбебабтық.
Талқылауға арналған тармақтар:
ДНҚ нуклеотидтері бірінен-бірі қандай құрамбөлікпен ерекшеленеді? ДНҚ –да нуклеотидтердің қанша типтері бар? Жер бетінде аминқышқылдардың қанша типтері тірілер құрамына кіреді?
Тұқымқуалау ақпараты дегеніміз........
Ген дегеніміз.....
Генетикалық кодтың әмбебаптық қасиеті ......
Құндылықтарды дарыту Сыйластық Жауапкершілік. Еңбекқорлық
Пәнаралық байланыс Физика, химия
АКТ қолдану дағдыларыПрезентация, бейнефильм
Бастапқы білімТұқымқуалау ақпараты ДНҚ мен РНҚ туралы 9 сыныпта алған бастапқы түсініктер бар
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекеттерРесурстарСабақтың басы:
0 – 12 мин. Психологиялық ахуал:бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.Топтарға бөлу. «Кодон», «Антикодон», «Триплет», «Ген»
Үй тапсырмасын сұрау.
«Робин-роуд» әдісі. Сыныптағы барлық оқушы қатыстырылаы. Алдыңғы тараудан алған білімдерін саралау, бір оқушы бастайды, қалғандары кезегімен жалғастырады. Алдыңғы айтқан оқушыны қайталамайды.
2 тапсырма «Дұрыс» немесе «Бұрыс» Оқушыларға тұжырымдар оқылады оқушылар орында отырып белгі беру арқылы жауап береді («дұрыс»-жасыл түсті төртбұрыш, «бұрыс»-қызыл түсті бұрыш)
Энергетикалық алмасудың екінші атауы –анаболизм деп аталады (жоқ)
Анаэробтар-оттегіні қажет етпейтін ағзалар (иә)
Энергетикалық алмасудың дайындық кезеңі асқорыту жүйесінде өтеді (иә)
Гликолиз-глюкозаның оттегінің қатысуынсыз тотығуы (иә)
Оттекті ортада өмір сүретін ағзалар-аэробтар деп аталады
Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңі-оттекті деп аталады
Оттекті кезең жасуша митохондрияларында жүзеге асады
Энергетикалық алмасудың нәтижесінде барлығы 38 АТФ түзіледі
Энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде 36 АТФ молекуласы түзіледі Презентация
Сабақтың ортасы13 – 34 мин
III. Жаңа білімді қалыптастыру
1.Ой шақыру стратегиясы.
Тұқымқуалау ақпараты туралы не білесіңдер, ол жасушаның қай құрылымдарында сақталады? Бұл құрылымдар қай заттардан тұрады?ДНҚ мономерлері не, ол қандай заттардан тұрады Оқушылар алдыңғы тарауларда алған білімдерін еске түсіреді, білетіндігі туралы өз ойлары мен пікірін қағазға түсіреді, содан кейін жұбымен талқылайды, пікірлеседі.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Генетикалық код қасиеті бейнероликті тамашалау.
Интернет сайттарынан алынған Тақырыпты интербелсенді лекция тәсілі бойынша оқушыларға меңгертемін.
Тұқымқуалау ақпараты дегеніміз –бұл мәлім ағзаның барлық нәруыздарындағы аминқышқылдардың ретін көрсету.
Генетикалық код дегеніміз-бұл ДНҚ нуклеотидтерінің көмегімен нәруыздар туралы тұқымқуалау ақпараттарын жазу амалы. Бір нәруыз аминқышқылдарының реті жазылған ДНҚ молекулаларының үлескісі ген деп аталады.
Генетикалық код-триплетті. ДНҚ-ның әрбір үш нуклеотиді бір аминқышқылды кодтай алады. Барлығы 64 код бар оның үшеуі «кідіртпе –кодондар» деп атайды (АТТ, АТЦ, АЦТ) қалған 61-маңызды триплеттер деп атайды1 триплет бір аминқышқылын ғана кодтайды, ал бір аминқышқылын бірнеше триплет кодтай алады.
ДНҚ-дағы үш нуклеотид-триплет деп аталадыа-РНҚ-дағы үш нуклеотид-кодон деп аталадыт-РНҚ –дағы үш нуклеотид-антикодон деп аталады.
Генетикалық кодтың мынадай қасиеттері бар:
1.триплеттілік
2.көлегейленбейтіндік
3.азғындаушылық
4.әмбебаптық
5.бірмағыналылық

Оқулықтың 85 бет. № 1, №2, №3, №4 есептерін шығаруI топ: № 1 есеп
II топ: № 2 есеп
III топ: № 3 есеп
ІҮ топ : № 4 есеп Бейнеролик,Презентация
Генетикалық код кестесі
Кеспе қағаздар
Флипчарт, маркерлер
Сабақтың соңы35– 40 мин Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды ұпай санына қарай бағалау.
Рефлексия
1.Бүгінгі сабақта қандай жаңа тың мәселелер туралы білдіңіз?
2.Сен үшін ең пайдалы болғаны не?
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып, «Білім ағашына» ілу.
Үйге тапсырма: Н.Кольцов туралы хабарлама дайындап келу Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қосымша шығармашылық тапсырмалар беру арқылы. 3 минуттық эссе. Түрлі ақпарат көздерінен қосымша материалдар жинақтау«Қолмен белгі беру» стратегиясымен формативті бағалау.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсендііс-әрекет түрлері.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Приложенные файлы


Добавить комментарий