Ауданды лшеу.Аудан бірліктеріні араатынасы


Күні 27.01.2016 ж
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу.Аудан бірліктерінің арақатынасы.
Сабақтың мақсаты:
1) Пішіндердің ауданы туралы түсінік беру. Олардың ауданын табуды және салыстыру, өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамыту, қиялын ұштау.
3) Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұқыптылыққа, намысқойлыққа және ақыл-ой белсенділігіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру мақсатына құрылған саяхат сабақ.
Көрнекілігі: Сызбалар, барыстың, роботтың, компьютердің, көгершіннің, ұшақ суреті. Жаңа тақырыпқа байланысты суреттер, ғарыш бейнесі.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары: топтастыру, кубизм әдістері, семантикалық карта, ой қозғау, талдау, ойын, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой
Ал, қанеки бәріміз, сәлем дейік үлкенге.
«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ»,-деген данышпан, дана халқымыз. Ендеше балалар, бүгін біз сабағымызда бір сәт болашаққа саяхат жасап көрейікші. Сендер сабақта тапсырмаларды орындай отырып, көз алдарыңа болашақтың жарқын көрінісін елестететін боласыңдар.
Интервью әдісі:
-Балалар айтыңдаршы «болашақ» дегенде сендер ой елегінен қандай сөздерді өткізіп, көз алдарыңа нені елестетесіңдер?
Топтастыру әдісі:

278701515430500 Ақ көгершін
321564010985500Ғарыш Барыс
32156401409700011106158382000278638021717000 Болашақ
бейнесі
Робот
Компьютер
(сызба тақтаға ілінеді)
-Дұрыс, балалар, ендеше саяхатымызды бастайық.
«Барыс» аялдамасы.
Барыс қандай аң?
Барыс текті, алғыр, тәкаппар, батыл, күшті аң. Олай болса біздің елбасымыз Қазақстанның болашағын барысқа теңеген. Ал еліміздің болашағы сендерсіңдер. Сендер жан-жақты ойлай алатын, алғыр да, білімді болуларың қажет. Сондықтан да білімімізді көрсете білейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді? Теңдеу құру (ойша)
Талабы қандай?
Күрделі
Олай болса, қане оқып тексерейік:
Дұрыс орындапсыңдар, жарайсыңдар!
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күнді жазу.
Көркем жазу минуты: 313,314
«Робот» аялдамасы.
Балалар бізге сабаққа Робот келіпті. Сендердің білімдеріңді жан-жақты тексеру үшін тапсырмалар ала келіпті.
1-тапсырмасы: «Дұрыс жауабын тап» ойыны.
Семантикалық карта:
56 × 4 204 224 236
13 × 7 91 81 103
29 × 3 67 78 87
2-тапсырмасы: Енді Робот геометриялық фигуралар туралы білімдеріңді тексереді.. Кубизм әдісі:
1.Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
2.Фигураның периметрін қалай табамыз?
3.Барлық бұрыштары тік, қабырғалары бірдей төртбұрыш – бұл қандай фигура?(шаршы)
4.Ұзындықты қандай өлшем бірлікпен өлшейді?(мм,см,км,дм,м)
5. Көпбұрыштарды ата?
Дұрыс орындадыңдар. Болашақта біздің барлығымыздың іс-әрекетімізге бағыт беріп отыратын осындай Роботтар болады екен.
ІV. Жаңа материалмен жұмыс.
- Геометриялық фигураның ауданын табу жолымен танысады (топтама)
Фигураның ауданын табу үшін.Берілген фигураның ұзындығы мен енін көбейтеміз.яғни екі қабырғасын өлшеп көбейтеміз. Мысалы: ұз.3 см , ені 2 см ,онда ауданы 6 см2 болады.Ауданды латынның S әрпімен белгілейміз.1 см 2 - ауданның өлшем бірлігі.
V. Оқулықпен жұмыс.
«Компьютер » аялдамасы.
-Балалар, біз енді компьютерді іске қосайық. Компьютердің бетіндегі тапсырманы оқиық.
1-тапсырма а) Мына заттардың бетінің ауданын қандай бірліктермен өлшеген қолайлы: парақ қағаздың, өшіргіштің, сынып тақтасының, сіріңке қорабының, үстелдің, оқулықтың мұқабасының?(см, м) өлшейміз
ә) Бақшаның,алаңшаның,бөлменің еденінің ауданын қандай бірліктермен өлшеген ыңғайлы?(м2)
Кестені қарап, түсініп алайық:
1дм 2 =100см 2
1м2 =100 дм 2
1 а (ар) =100 м22-тапсырма. Қалып қойған сандарды орнына қой
2 дм2 =200см2 300 см2 = 3 дм 2
4 м2 = 400 дм2700 дм2 = 7 м2
5 а = 500 м2 400 м2 = 4 а
-Ірі өлшемнен кіші өлшемге айналдыру үшін қандай амал қолдандық-Кіші өлшемнен ірі өлщемге айналдыру үшін ше?
Ойын: «Автомобиль жарысы».
Шарты: Есептің мәндерін кім дұрыс,әрі тез есептесе жарыстың жеңімпазы атанады.
а) Қабырғалары 8 дм және 6 дм тік төртбұрыштың ауданын тап.
а=8 дмS =а*в
в= 6 дмS = 8дм*6дм = 48 дм 2
S = ? дм
ә) Қабырғалары 8 дм және а дм тік төртбұрыштың ауданын өрнек түрінде жазып көрсет.Ауызша мысал келтір. 8дм*а
а=8 дмS =а*в
в= 5 дмS = 8дм*5дм = 40 дм 2
S = ?
ә) Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 дм,ауданы 80 дм2 ,оның енін тап.
S = 80 дм2
а=10 дм в = S / а
в= ? дм S = 80дм 2 /10дм = 8 дм
-Балалар, енді біз барлығымыз саяхат жасайық. Ұшар алдында бой сергітіп жаттығып алайық.
Сергіту сәті:
Екі қолды қосқанда
Құшақ емес пе?
Екі қанат аспандап
Ұшады емес пе?
Тіркелсе екі дөңгелек
Өзің тебетін велосипед емес пе?
Ой сергіту. Диспечердің тапсырмасы: (орындамасақ қондырмайды)
Бір велосипедтің екі дөңгелегі бар? 6 велосипедтің неше дөңгелегі бар?
2×6=12
Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу? (4-еу) Ж: әр адам екі қолғап киеді.
Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30 км жүріп өтті. Әр ат неше км жүріп өтті?
Ж: әр ат 30 км жүріп өтті.
Оңынан да оқысаң - сол сан,
Солынан да оқысаң - сол сан.
Ол қандай екі таңбалы сан? (қырық)
Жарайсыңдар! Енді ұшуға дайынбыз. Ендеше түзу отырайық, ұшамыз.
-Балалар, сендер неше планета бар екенін білесіңдер ме? ( Марс, Юпитер, Сатурн, Плутон, Нептун, т.б.)
Міне балалар алдымен жерге жақын Марсқа барайық
Марстың тапсырмасы:
4. Есеп құрастыру және оны шығару:
а) Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын тап. Бөлменің еденінің ұзындығы 6 м, ал ені 4 м.
а=6 мS =а*в
в= 4 мS = 6 м * 4 м = 24 м 2
S = ? дм
ә) Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын өрнек түрінде жазып көрсет . Бөлменің еденінің ұзындығы 6 м, ал ені х м.
а=6 мS =а*в
в= х мS = 6 м * х м
S = ? дм
б) Тік төртбұрыш тәріздес сынып бөлмесі еденінің ені 5 м, ал ауданы 30 м 2 Оның ұзындығын тап.
S = 30 м2 а = S / в
в= 5м а = 30 м 2 / 5 м = 6 м
а= ? м
Жарайсыңдар ! Дұрыс орындалды !
Келесі планета - Юпитерге барайық. Юпитердің тапсырмасы:
5.
а) Тік төртбұрыш тәріздес жүгіру жолының ұзындығын тап. Егер оның қабырғалары 2 м және 400 м болса.Бұл жерде ауданын тауып аламыз.
в = 2 м S =а*в
а= 400 м S = 400 м * 2 м = 800 м2S = ? м2
ә) 100 м2 = 1 а (ар) 800 м2 = 8 а (ар)
Енді келесі планета Сатурнға барайық.
6. Кестені толтыр:
Тік төртбұрыштың ұзындығыТік төртбұрыштың еніТік төртбұрыштың ауданы Тік төртбұрыштың периметрі5 см 3 см ? 15 см 2 ? 16 см
7 дм ? 8 дм 56 дм 2 ? 30 дм
? 5 м 6м ? 30 м 2 22 м
7. Кестені толтыр:
Шаршы дегеніміз не ? шаршы –төрт қабырғасы тең фигура.
Шаршының ұзындығыШаршының периметріШаршының ауданы3см ? 12 см ? 9 см 2
? 10 дм 40 дм ? 100 дм 2
? 9 м ? 36 м 81 м 2
Шаршыда бір ғана өлшем арқылы ауданы мен периметрін табуға болды.
Шаршының периметрін табу үшін қабырғасын -4 ке көбейтеміз.
Шаршаның ауданының формуласы жаз.
Тік төртбұрыштың ауданының формуласын жаз.
Сонымен, балалар саяхатымыз аяқталды. Енді жерге қайтып оралайық. Біраз планеталарды араладық, олар өте көп, қалғанына келесі жолы келеміз.
VІ. Жаңа материалды бекіту
Кәне,зымыран жерге қонғанша, парашюттерімізді тексерейік. Ол үшін әрбір парашюттегі тапсырмаларды орындауымыз керек. Қай қатар бірінші орындайды, сол қатар жерге бірінші болып түседі.

1-қатар 2-қатар
22479043815 36 м 2 шаршының ауданы
00 36 м 2 шаршының ауданы
3329939-381045 дм 2
тік төртбұрыш ауданы
0045 дм 2
тік төртбұрыш ауданы


42348151930400039490651930400042348151930400092964019304000 Ешаршы
37299903937000929640393700072961539370004343403937000
VІІ. Сабақты қорыту.
Біздің сабағымызға бейбітшілік құсының ұшып келуі болашақта барлық әлемде бейбітшілік болады дегеннің белгісі.Ақ көгершін ұшыру
-Аудан өлшем бірліктерін ата?
- см2 калай оқылады?
-Шаршы дегеніміз не ?
- Көп бұрыштарды ата?
-Периметрді қалай табамыз?
-Ауданды қалай табамыз?
VІІІ. Бағалау:
-Бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар. Ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушыларды бағалайық.
ІХ. Үй тапсырмасын беру:
Оқулықтағы №6, 12; 195 бет.
Болашақтарың жарқын болсын, жақсы оқып, Отанымыздың білікті азаматы болыңдар!
Ө. Жолдасбеков атындағы № 50 орта мектебі
Тақырыбы:

Сынып 3 «В»
Мұ

Приложенные файлы


Добавить комментарий