Планирование Бесік жыры М.Жмабаев


Күні 29.01.2016ж. Сыныбы 2 «Д» Пәні әдебиеттік оқу Cабақтың тақырыбы: Бесік жыры М.ЖұмабаевСабақтың мақсаты: Білімділік Ақын өмірімен және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кеңінен түсінік беру.Дамытушылық Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойларын еркін жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге жетелеу.Сабақтың типі аралас сабақ Сабақтың түрі дәстүрлі сабақСабақтың әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын.Сабақтың көрнекілігі: бесік, бейнебаян, слайд, ребус, сурет.Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Білімді жан-жақты бекіту
ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау
V Жаңа білімді меңгеру кезеңі
VІ Жаңа сабақты бекіту
V Үй тапсырмасын хабарлау
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңіа) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару б) Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын сұрау«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ Білімді жан-жақты бекіту - Өлең кім туралы?- Әже деп біздер кімді айтамыз?- Әжелер қандай болады?- Осы «Әже» өлеңінің авторы кім?
ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау - Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.
Бұл кім?Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянған.Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған. (Ана) 
- Балалар бұл өлеңнің авторы Ы.Алтынсарин екен. Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады.- Балалар осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайықшы. Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған - деген өлең жолын қалай түсінесіңдер? - Бесікке кімді жатқызамыз? – Бесік неден жасалады? – Бесікке жатқан бала бар ма?
V Жаңа білімді меңгеру кезеңі -Бесік бабамыздан қалған киелі мүлік. Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата-кәсіп құрал-саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер,туған тіл бәрі де мұра болған. Басты мұралардың бірі – Бесік жыры.
Ой қозғау- Сәби немесе бөпелерімізді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?- Олай болса, балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі.- Өлеңмен таныспас бұрын бесік туралы бейнебаянға назар салайық.( Бейнебаянды көру)Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстыру.Өлеңді үнтаспада тыңдау. 
Сергіту сәтіОқушыларға мәнерлеп оқыту.
Терме диктант. Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу.
Ойын «иә, жоқ»: иә-шапалақтау, жоқ-үндемеу.-Бесік жыры өлеңінің авторы Мағжан Жұмабаев. - Бесік жырын қуыршақтарға арнайды.-Сәбиді бесікке жатқызады.- Мағжан Жұмабаев әнші.- Ана баласына жылы сөздер айтады.
VІ Жаңа сабақты бекіту-Бүгін біз Мағжан Жұмабаевтың қандай өлеңімен таныстық?-Мағжан Жұмабаев кім?Балалар, бесікке байланысты қандай тыйым сөздер бар.- Бесікті ашық қалдырма.- Бесікті бір қолмен көтерме.- Бесікті теппе.- Бос бесікті тербетпе.- Ұйықтап жатқан баланың бетінен сүйме.Бесік – қазақта киелі орын. Тұңғыш баласы жатқан бесікке немере, шөбересін бөлеген әжелер өздерін өте бақытты санаған. Қазақта бесікті ашық қалдыруға болмайды. Себебі, халық ұғымындағы пері деген жамандық иелері баланың періштесін шошытады. Мұқағали Мақатаев ақын айтқандай, дүниедегі тыныштық сәбидің ұйқысында. Сондықтан да осы қасиетті, құтты мүлігіміз, сәбидің алтын ұясы – бесікті қадірлейік. Ендеше атадан мирас болып келе жатқан әрбір қазақтың жылы ұясы бесікті сақтай білейік.
VІІ Үй тапсырмасын хабарлау «Бесік жырын» жатқа айту. Оқушыларды бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий